Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ағылшын тілі сабағында жүргізілетін жазба жұмыстарының түрлері


Ағылшын тілі сабағында жүргізілетін жазба жұмыстарының түрлері
Әріп диктанты.
2-5 сыныптарда өткізіледі.Мақсаты: ағылшын тілінің дыбыстары мен әріптерін дұрыс меңгертіп,олардың бір-бірінен айырмашылықтарын,ұқсастықтарын білдіру.Бұл диктант түрі оқушылардың сауатын ашумен қатар олардың есте сақтау қабілетін дамытады әрі оқушы каллиграфиясының қалыптасуына әсерін тигізеді.
Мысалы: u,l,v,s,o,p
q,r,g,j,n.z

Сөздік диктант.
Барлық сыныптарда жүргізіледі.Мақсаты: сөздің белгілі бір ұғымды білдіретінін,мағынасы болатынын түсіндіру.Диктанттың бұл түрі жаңа грамматикалық тақырып,мәтін,сурет,түрлі жаттығу жұмыстарынан кейін өтілген материалдарды пысықтаудың тиімді жолы.
*Mother,parents,sister,family,father,grandmother
*book,ruler,pen,pencle-case,diary,bag
Шығармашылық диктант.
Диктанттың бұл түріне сөйлем мүшелерінің орын тәртібі бұзылып,шашыранды түрде сөйлемдер беріледі.Оқушылар өздігінен сөйлем құрастырады.
a ) read not I the yet have letter
b) phone just I on spoken have the
c) Usually watch I TV Sunday on
Шығармашылық диктанттың екінші түрі-мәтіндегі кейбір сөздердің орнына нүкте қойылады.Көп нүктенің орнына жазылатын сөздер негізгі мәтіннің оң жағына жазылады.Сөздерді оқушылар тиісті орнына қойып,сөйлемді құрастырып, сосын көшіреді.
Мысылы:
One morning, George heard a knock at the -----------, dinosaur
And there on the doorstep he saw a huge---------------, Jaws
He had only seen dinosaurs’--------------before. In stories
Көру диктанты.
Мақсаты: оқушылардың көру,есте сақтау қабілетін дамыту арқылы ағылшын тілінде сөздерді сауатты жазуға үйрету.Бұл диктант түріне әріп,буын,жеке сөздер,тіркестер,қанатты сөздер,жұмбақ,жаңылтпаш,мақал-мәтелдерді алуға болады.Диктант мәтіні тақтаға (интерактивті тақтаға) алдын-ала жазылады.Оқушылар оқып,асықпай қарап алған соң тақта жабылады.Жадына сақтауға уақыт беріледі.Содан соң есте қалған сөздерді жазады.

Өздік диктанты.
Оқушылар өтілген мәтіннің немесе суреттің мазмұнын,оқыған кітап,көрген оқиғалары жайында жазады.
Білімді сынауға арналған жазба жұмыстарының тағы бір түрі-сұрақтарға жауап жазу.Сұрақтар алынған мәтінді қайталауға немесе белгілі бір тақырыпқа берілген суреттер,презентациялар болуы мүмкін.
Диктант,жазба жұмыс түрлерін оқушылардың жас ерекшеліктеріне,қабылдау қабілеттеріне қарай жеңілдетуге немесе қиындатуға болады.
Қазіргі талап оқушыларды ойландыру,сезіндіру,ақпаратты құралдар арқылы өз беттерінше еңбектеніп оқуға баулу.Осы міндет тұрғысынан ағылшын тілі сабағында сауатты жаза алса,сөз байлығы молайса,ой қабілеті шынықса,білім көлемдері де артады,тереңдейді.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әліппеге дейінгі кезең
Бақылау диктанты
Қазақ тілі сабағында 7 сынып
Есте сақтау диктанты
Шығармашылық диктант
Көру диктанты
Диктант
Жатқа жазу диктанты
Оқушыларды оқуға және сауатты жазуға үйрету
Удыбысы мен әрпі.
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 6402 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз