Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Рухани-өнегелі тәрбие


Рухани-өнегелі тәрбие
Баяндама:"Рухани- өнегелі тәрбие"
«Адамға ең бірінші білім емес, рухани –өнегелі тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз білім - адамзаттың қас жауы, ол берілген келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі...» (әлемге әйгілі ойшыл, философ,социолог, математик,
физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі
Әбу Насыр Әл-Фараби .
Өскелең жас ұрпақты рухани-өнегелі қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі қазіргі заманымызда өзекті болып отыр. Балаларға білім беруде, адамгершіліктің ең құнды қасиеттерін бойына сіңіріп тәрбиелеуде, білім мекемелерінен, ұстаздардан, тәрбиешілерден, ата-аналардан шығармашылықты талап етеді. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Бала - жасы кәмелетке толмаған, жан - жақты тәрбиені қажет ететін, болашағынан көп үміт күттіретін жеке тұлға. Ал, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тәрбие берушілер ата-ана, жанұя, араласатын ортасы, жолдастары, балабақша және мектеп.Жеке баланың бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынасы, мәдениеттілігі жанұядан алынады. Сондықтан жанұя – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Осы ұжымның әрбір мүшесі өзара сүйіспеншілікпен, береке-бірлікпен, сыйластықпен бала тәрбиесіне араласса, кәмелетке толғаннан кейін саналы, тәрбиелі жеке тұлға пайда болады. Ал, баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі, тату, берік отбасының әсері мол, себебі оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен ауыстыруға болмайтын баспалдақ.
Бала тәрбиесі - қиын да күрделі процесс. Біз баламыздың тәрбиелі де өнегелі болып өсіп, өз қатарының алды болғанын қалаймыз. Бірақ баламызды осы мақсаттарға сай тәрбиелеу үшін үлкен еңбек, күш - жігер қажет екенін бәріміз білсек те, бала тәрбиесімен қажетті түрде айналыса бермейміз. Кейін баламыз есейген сәтте, «сен маған тартпағансың, мынаны олай істемедің, ананы былай істемедің, ештеңеге қырсызсың» деп кінәлап жатамыз. Алайда, бала неге осындай болды деп ойланып, оның осындай болуына басты себепкер өзіміз екенін мойындамаймыз. Жазушы-педагог Ж. Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі,көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек», - дейді. Осы бір ұлағатты ой астарында отбасында - ата-анасының тәрбиешіден талап етілетін тағылым жүгі жатыр Мектеп-интернаттың тәрбие жұмысының мақсаты оқушыларды елінің патриоты болуға, жоғары деңгейдегі азаматтық, ұлттық, тарихи ой-сана, адами құндылықтарды шығармашылықпен меңгерту болып табылады. Мектеп-интернат оқушылары интернатта тұрып, оқиды. Оларды зерттеп, әлеуметтік қоғамға бейімдеу үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететіндер - тәрбиешілер. Олар тәрбиеленушілерінің күн режимін сақтап, үй тапсырмаларын орындап, қоғамдық еңбек жұмыстарына қатысып, бос уақыттарын тиімді өткізеді. Оқушылардың дамуына ықпал ететін сабақтан тыс уақытта өткізілетін іс-шаралар тәрбиеленушілеріміздің мектеп-интернат өміріне тез бейімделуіне ықпал етеді.
Тәрбиешілер ұжымы заманауи білім беру технологияларын қолдануда баланың дамуын, әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін негізгі мәселе деп қарастырады. Әр мұғалім сыныпта әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, олардың дұрыс дамуы үшін қажетті жағдай қалыптастырады. Өздерінің жұмыс барысында "Модульдік", "Ақпараттық", "Сын тұрғысынан ойлау", "Деңгейлік", т.б. қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды белсенді қолданып отырады.
Сонымен мектеп-интернатымызда іске асып жатқан барлық оқу-тәрбиелік жұмыстары жүйесі әрбір баланың мектепке келген уақытынан бастап, мектеп бітіргенге дейін жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерін зерделей отырып, оларды тұлғалық дамуына, әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделуіне, өмірде өз орнын табуға үлкен көмек жасайды. Ендеше ақын, педагог Мағжан Жұмабаевтың мына ойымен сөзімді аяқтағым келеді: "... мектеп пен тұрмыс бірі қырым, бірі қияда жатпауын, мектепте оқыған адам білімді құшақтап алып, тұрмыста жарамсыз болып шықпауын, бала нені білсе де, көзімен көріп, қолымен ұстап, мүмкін болғанынша өзі істеп білуін қолдаған. Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған сапалы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы болуы тиіс Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Рухани – өнегелі бала ұқыпты, ұстамды, мейірімді, сыпайы,білімді, мәдениетті болуы керек.
Осы баяндамамды мына өлең шумағымен аяқтағым келеді.
Әкем,анам үлкенді сыйла деген,
Сол сөз маған ізгілік,құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан,кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
Осы астарлы сөзді әрқашанда ұмытпайық.
Әр бала-дара тұлға. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден аулақ болып, балаға өнеге бола алсақ- жан-жақты дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Өнегелі отбасынан үлгілі ұрпақ өседі
Қыздар туралы
Тәрбие басы отбасы
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мәні
Менің отбасым
Тәрбие көзі-отбасы мен балабақша біртұтастығы
Күн шуағым отбасым
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 2914 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз