Мен атамды мақтан тұтамын
Кім-кімге де атаның орны ерекше. Мен, Ұлы Отан соғысының ардагері атамды мақтан тұтамын. Ол кісіні суретінен ғана танысам да мен үшін атамның өмір жолы ғибрат-өнеге.
Менің атам – Айдарбек Әбдірейім ұлы Табынбаев. Ол 1922 жылы 18 қаңтарда Арықбалық ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Атам 1942 жылы әскер қатарына алынып, алғашқыда кіші командир дайындайтын курста оқыпты. Естуім бойынша менің атам Совет одағының батыры Александр Мотросовпен бір бөлімде болған екен. Александ аса қайратты, батыл мінезді адм болған көрінеді.
1943 жылы Курск бағытында болған шайқасқа атам взвод командирінің орынбасары ретінде қатысқан. Сол ауыр шайқастардың бірінде сол иығынан, оң аяғынан ауыр жарақаттанған. Кейінірек 1975 жылы атам ауруханаға ауыр халде түсіпті. Жарақаты ашылып, операция жасаған дәрігерлер атамның денеснен қорғасын оқты алып тастапты.
Арада көп жыл уақыт өткенмен фашист автоматының оғы сол қалпы бұзылмай тұр екен. Бұған дәргерлер қатты таң қалыпты.
Елге оралған соң атам Жанқожа батыр ауылындағы №94 мектепте мұғалім болып 33 жыл еңбек еткен.
Әжем Муса қызы Орынкүл мектепте мұғалім, балабақша меңгерушісі, дүкенші болып еңбек еткен. Әжем 11 баланы дүниеге әкелген Батыр ана. Менің әкем әжем мен атамның тоғызыншы перзенті екен. Қарапайым еңбек адамдары атам мен әжемнің өмір жолын, мен, аса мақтаныш тұтамын.
№266 мектеп-лицей оқушысы
Қайырбекқызы Әзиза Айдарбек немересі
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Статьи / Эссе |
Көрсетілім: 4499 |
|

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |