Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚ БИЗНЕС ҮШІН ТИІМДІ


ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚ БИЗНЕС ҮШІН ТИІМДІ
Cоңғы екі онжылдықта əлем жаһандық, ал одан кейін экономикалық дағдырысты басынан кешірді. Əлемдік қауымдастық əлі де ауыр қаржылық дағдарыс пен əлеуметтік күйзелістен оңалу үстінде. Экономикадағы дағдарыс пен ұзаққа созылған тұрақсыздық кез-келген елдің бүгінгі таңда өмірге икемдігінің көп жағдайда басқа елдермен ықпалдастығына байланысты екенін көрсетіп берді. Ал ол, өз кезегінде өтім нарығының ұлғаюын, кедендік кедергілердің жойылуын, инвестицияға қажетті жағдайдың жақсаруын талап етеді. Міне, сондықтан да əлемнің көптеген аймақтарында ықпалдасу процестері жеделдетілуде жəне əлемдегі
ең дамыған отыздықтың қатарына кіретін елдердің бəрі де аймақтық жəне жаһандық экономикалық бірлестіктердің белсенді қатысушылары болып табылады. 1994 жылы тұңғыш рет Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев ұсынған Еуразиялық экономикалық ықпалдасу, ең алдымен, Қазақстандағы қарапайым азаматтар мүддесі басымдығына сүйенген идея. Еуразиялық одақ – бүгінгі күн мен болашақтың күрделі сынақта¬ры¬мен өлшенетін мегажоба. Қазіргідей әлемде жаһандану үдерісі жүріп жатқан кезде экономикасы барынша әлеуетті, қаржылық мүмкіндіктері зор алпауыт елдер де орналасқан аумақтарына, экономикасының ыңғайластығына қарай интеграциялық бірлестіктерге бірігуде. Сондықтан, өзара шекаралас, араларындағы экономикалық байланыс бұрыннан тығыз қалыптасқан Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекеттері басшыларының Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі келісімге қол қоюы аталған елдердің ұлттық мүдделерінен туындаған қажеттілік.
Үш мемлекет Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өз кəсіпкерлері үшін ортақ көлемі 2 триллион АҚШ долларынан астам 170 миллион адамдық нарық ашады, іскерлік саладағы бəсекеге қабілеттілікті дамытуға жағдай жасайды.
Төрт негізгі бостандық - тауарлардың, қызмет көрсетудің, инвестицияның, еңбек ресурстарының еркін қозғалысы - Қазақстанға əріптестерімен халықаралық экономикалық қатынастарда бірыңғай одақ болып тізе қосуына мүмкіндік туғызады, сондай-ақ, азаматтарымыздың тұтыну жағдайы мен өмір сүру сапасын едəуір жақсартады. Қазақстандық өндірушілер ресейлік транзиттік инфрақұрылымға қол жеткізе отырып, өнімдеріміздің еуропа нарығында бəсекеге қабілеттілігін арттырып, қазірдің өзінде экспорттық шығындарын азайтуда. Еуразиялық ықпалдасуды дамытуға тағы бір маңызды себеп - қазақстандық экономиканың шикізатқа тəуелділігін еңсеру. Сондай-ақ, Ресей жəне Беларусьпен бірыңғай нарықта болу Қазақстанға Қытай мен Еуропа Одағының қуатты экономикаларының арасында тиімді дəнекер болуға мүмкіндік туғызады.
Елбасы тапсырмасымен қазақстандық Үкімет Еуразиялық одақ құру қарсаңында отандық бизнесті қолдаудың теңдесі жоқ шараларын қабылдады. Бұл - «Бизнестің жол картасы 2020», кəсіпкерлерді тексеруге мораторий, Ұлттық қордан бір триллион теңгені инвестициялау, инвестициялық климатты жақсартудың, əкімшілік кедергілерді түбегейлі қысқартудың жүйелік шаралары. Атап айтқанда, бизнеске көмек несиелерді арзандатудан, мемлекет есебінен жаңа жобаларға инфрақұрылым салудан көрінеді. Қолдаудың мұндай механизмдері Ресейде де, Беларусь елдерінде де жоқ.
КО мемлекеттерімен өзара саудада отандық бизнес едəуір жеңілдетулерге қол жеткізді. Олардың арасында төмендегілерді атауға болады:
- РФ мен БР-ден келген тауарлар бойынша импорттық қосымша құн салығы мен акциздер бойынша төлем жасау 50 күнге дейін кейінге шегерілді;
- жүк кедендік декларация мен кедендік салым төлемдерінің негізгі форма үшін 50 еуро, əр қосымша бет үшін 20 еуро мөлшеріндегі түрлері алынып тасталды.
Сонымен қатар, ықпалдастық бірігу аумағында өзара саудада бар өзгешеліктерді біртіндеп жою мақсатында өндірістік, ауылшаруашылық субсидиялар, сондай-ақ бəсекелестіктің бірыңғай принциптері мен ережелері
жөнінде келісімдерге қол қойылған.
Еуразиялық ықпалдастықтың отандық бизнес үшін экономикалық тиімділіктеріне тоқталсақ, Қазақстан Ресей мен Беларусь үшін 17 миллиондық нарықты аша отырып, орнына 9 есе үлкен 153 млн. адамдық тұрғыны бар нарыққа шығады. Жалпы алғанда еуразиялық ықпалдастық ЕАЭО мемлекеттерінің экономикасын нығайтып, ірі экономикалық ойыншылармен өзара ықпалдастығын арттыруға септігін тигізеді. Бүгінде Кеден одағы мемлекеттері мұнай мен газ өндіру бойынша əлемде бірінші, минералдық тыңайтқыштар өндіруде екінші, электроэнергия бойынша үшінші, бидай, көмір мен болат өндіру бойынша төртінші орында. Құрылтайшы мемлекеттің бірі - Ресей алтын-валюта қорларының көлемі бойынша үшінші, ал экономикасы бойыншы бесінші орында.
Қазақстан үшін Еуразиялық экономикалық одақ ауқымды өтім нарығын ұсынады. Мəселен, əріптес-мемлекеттердің мемлекеттік сатып алулар көлемі –198 млрд. АҚШ долларына тең болса, бұл көрсеткіш қазақстандық мемлекеттік сатып алулар көлемінен 26 есе көп. Ресей мен Беларусьтің импорт көлемі 360 млрд. долларды құрайды, ал бұл қазақстандық ЖІӨ-ден 1,6 есеге артық.
Бүгінгі таңда бірыңғай мемлекеттік сатып алулар орталығы құрылуда. Бірыңғай сатып алуларға барлық үш елдің бизнесмендері қол жеткізбек, бұл өз кезегінде бəсекелестік пен қызмет сапасын арттырады.
Сондай-ақ Ресейдің көлік инфрақұрылымына енудің оңтайлы шарттары есебінен қазақстандық экспорттаушылар көлік шығындарын қысқартып, сəйкесінше үшінші елдер нарықтарында өз тауарының бəсекелестігін күшейтеді.
Газ-көлік инфрақұрылымына оңтайлы ене отырып, Еуропаға газды экспорттау арқылы қосымша табыс алу мүмкіндігі бар. Мəселен, қазақстандық газдың экспорттық бағасы 223,8 $/мың м3-ты құрайды, ол Еуропада 470 $/ мың м3-қа жетеді. Осылайша, көлік инфрақұрылымына жеңілдікпен енген жағдайда түсер пайда шамамен мың м3-қа $145,2 құрайды.
Қазақстанның Ресей жəне Беларусьпен ықпалдасуы арқасында транзит мəселесі оңынан шешіледі. Ресей арқылы темір жолмен өтетін қазақстандық транзит көлемі 2013 жылы 24,8 млн. тоннаны құрайды, бұл жалпы қазақстандық экспорт көлемінің 15%-ын (168 млн. тонн) құрайды.
Сонымен қатар, кəсіпкерлер тауардың сапасы мен шығуының бірыңғай сертификатына ие болып, ішкі шекараларда (сыртқы шекарадан бөлек) бақылаудың кеден, фитосанитарлық, ветеринарлық түрлерінен босатылады. Бұл бизнестің уақытты үнемдеп, шығындарды қысқартуына мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Кедендік Одақ бойынша серіктес-мемлекеттерге қарағанда салықтық жəне инвестициялық климаты əлдеқайда дұрыс біздің елдің инвестициялық тартымдылығының арта түсуі күтілуде.
Еуразиялық экономикалық одақ бизнес үшін сөз жоқ тиімді. Сондықтан бүгінде оннан астам мемлекет (Түркия, Үндістан, Вьетнам, Иран, Армения, Қырғызстан, Чили, Жаңа Зеландия жəне т.б.) Кеден одағына кіруге ниет білдіруде.
Одақ құрамындағы елдердің саяси тәуелсіздігіне нұқсан келтірмейтін Еуразиялық интеграциялану үдерісі Елбасының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленгендей Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемдегі барынша дамыған 30 елдің санатынан табылуына қосымша мүмкіндіктер туғызатындығы анық».
«Егер белсенді жеке тұлғалардың күш-қайратымен қуатталмаса, интеграцияның ең кемел саяси және экономикалық инфрақұрылымы іске қабілетсіз болып шығады. Нақ осы күш-қайрат мемлекеттерді мыңдаған берік тіндермен байланыстырып жатады. Осы күш-қайратты сақтап, дамыту – біздің міндетіміз.
Мен теңдікке, еріктілікке және прагматикалық мүддеге негізделген Еуразиялық қоғамдыстық XXI ғасырдағы әлемдік экономика мен саясаттың жаһандық факторы бола алатынына терең сенімдемін» деген Елбасы сөзімен баяндамамды түйіндегім келеді.

Қолданылған әдебиеттер

1. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан халқына Жолдауы». Елбасының «Қазақстан жолы» – 2050 Астана 2014 ж.
2. «Еуразиялық экономикалық ықпалдастық: Қазақстандықтардың ең жиі қоятын 20 сауал (БАҚ, əлеуметтік желілер, қоғамдық пікір зерттеулері, сарапшылар
сауалнамалары ақпараттары негізінде) – Астана, 2014

Қолданылған әдебиеттер:

1. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан халқына Жолдауы». Елбасының «Қазақстан жолы» – 2050 Астана 2014 ж.
2. Қ.Р. «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».
3. Қазақстан Республикасының « Білім туралы » Заңы. Алматы 2008 ж.
4. Нұрмашқызы А.Қатысымдық құзыреттілік мәселесі туралы. // Білім.Образование. 2008 №6 б.32-33
5. Н.Назарбаев «Инновациялар мен оқу- білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» - Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде оқылған лекция. Астана, 2006.
6. Шилова О.Н. Что такое ИКТ-компетентность студентов педагогического университета и как ее формировать // Информатика и образование. 2004 №3 с.96-100
7. Равен Дж.Компетентность в современном обществе: выявление, развитие и реализация. М., 2002.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
PISA зерттеулерінің критериалды шәкіліне сәйкес математикалық сауатты
КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІ МАМАН ДАЯРЛАУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ».
Әлемдік экономика мен ұлттық шаруашылықтағы қызмет көрсетудің ролі
Қазақстан-2050:бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ.
Қазақстанның экономикалық – географиялық жағдайы
Қазақстан-2050 стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Еуропалық ықпалдастық және Еуропа Одағы
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан жолы – 2050 ​Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Қазақстан халқына Жолдауы
Сатушы-консультант, сауда өкілі,мерчендайзер, сауда агенті, сату бойынша менеджер
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 1912 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз