Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Халық тәрбиесі - құндылығымыз!


Халық тәрбиесі - құндылығымыз!
Елеусізова Шолпан Әлібекқызы
Алматы қаласы Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп интернатының тәрбиешісі
Тақырып: Халық тәрбиесі - құндылығымыз
Бүгінгі күн жастарды жетілген азамат етіп тәрбиелеу отбасы мен мектеп тәрбиешілерінің жауапкершілгін тағы да арттыра түсуде. Себебі, балаға саналықтың сипаты, ол өмірге келген күннен бастап алдымен отбасында, содан кейін мектеп қабырғасында қалыптасады. Кейіннен қоршаған орта да өз әсерін беріп жатады.
Жас адамды есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы және қоғамдық тәрбие орындарының бірден бір парызы. Өйткені «ес түзелмей, ел түзелмейді». Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары да мол. Олардың дені қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары тұжырымдарымен қиюласа, астарласып жатады. Осы саладағы рухани мұрамызды осы күнгі ғылым деңгейіне, оның төңірегіне топтастырып, жүйе-жүйесімен талдауға алсақ, бұлардың өзіндік сыр-сипаты айқындала түседі.
Уақыт өткен сайын қазқатың төл философиясында көрініс тауып жататын мақа мәтелдер, ырым тиымдардың бала тәрбиесіне зор көмегі барына көзіміз жете түседі. Ата бабамыз күнделікті тіршілікте әр нәрсенің қадір қасиетін бағалап, ырымдар мен сенім нанымдарды ұл қызының бойына қаршадай кезінен дарытуды көздеген. Әдет ғұрпымызды сақтап, бағалап, қайта жаңғыртпасақ ұлт болып қалу қиын. Ырым тиымдардың әсіресе қыз балалардың тәрбиесінде орыны ерекше. Қазақ халқы ырым тиымдар арқылы қыз баланың бойынан таптырмас нәзіктік, әсемдікті, ибалылықты, мейірімділікті, ибалылықты, сүйкімділікті көргісі келетіндей. Мысалы қыз балаға қатысты: белді таянба, таяққа сүйенбе, үлкендердің алдын кеспе, кіндік көрсетпе, кқп ішінде қатты күлме, қатты сөйлеме, шашыңды жайма, қима сияқты ырым тиымдар бар.
«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» дегендей, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді арман етіп: «шыншыл, әділетті, иманды болу сонау ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз», — дейді де, жұрт сол дәстүрді бұзғандарға ат-шапан айып тартқызып, кейінгі ұрпақтың ата салтын мықтап ұстауын талап еткен. Мәселен, атасы немересін, алдымен, елінің құтты қонысымен таныстырған. Жылдың әр мезгілінде елдің қайда, қалай көшетінін, суды қайдан ішетінін, жеті атасын, олардың зираттарын, елдегі даңқты адамдарының ерлік хикаяларын, ауыл-аймақтағы жер-су атауларын ерінбей-жалықпай баласының санасына сіңіре білген.
Бала атаулының айналаны қабылдағыш, зейінді кезі үш пен бес жас аралығы. Қазіргі педагогика мен психология ғылымдары бұл жайтқа айрықша назар аударып, бұларға «жүз мың сұрақ неліктен деп сауал қоятын кезең» деп айдар тағылып жүр. Осы ерекшелікті әлімсақтан аңғарған ата-бабаларымыз – төкпе ақындық пен сұңғыла жыршылық, айыр көмей шешендік пен төгілдірген күйшілік секілді киелі өнерлеріміздің ірге тасы бала санасында сәби шақта қаланатынын ерекше ескеріп, осынау балдәурен балалық кезеңге айрықша мән берген. Сондықтан да бүлдіршін мен балдырғанға жоғарыда айтқанымыздай елі, жері, суы туралы, ата тегі, төрт түлік мал, жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, аспан денелері, табиғат құбылыстары, ауа райы т.б. жөнінде оның түсінігіне лайық, қысқа да нұсқа, жүйелі мағлұматтарды әр түрлі әдіспен жеткізіп отырған. «Бір бала бар – жақсы туады, бір бала бар — әкесінен асып туады» деп, халық «жасық туған» баланы да жұрт қатарлы азамат болуға, «асып туған» баланың іс-әрекетін қуаттап, оны үлгні ретінде уағыздайды. Қазақ дәстүрінде ата-анаға қызмет ету – борыш, ата салтын орындау – парыз, анасының ақ сүтін, әке еңбегін ақтау – қарыз.Жеке адамның адамгершілігі де, кісілік имандылығы да осы борыш, парыз, қарыз өтемімен айқындалады.
Көшпенді ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне қатысты жайттарды топтастырғанда да ғылым үшін аса маңызды жүйелік принципке ерекше мән берген. Осы айтылғанға орай жас буын тәрбиесін бесіктен (тіпті, құрсақта жатқан кезден) бастап бұларды ақыл-ой, имандылық, еңбек, көркемдік, сымбаттылық секілді сан салаға жұптастырған. М.Әуезовтың: «Ел олу үшін бесігіңді түзе» деген сөзінің мән-мағынасына ой салсақ, тәлім-тәрбие ісі жас ұрпақ дүниеге келгеннен басталады екен.
«Халықтан асқан ұлы ұстаз жоқ» дейтін болсақ, ұлттық рухани мұралар – ұрпақтың рухани-адамгершілік азығын жетілдіретін негізгі өзегі болмақ. Рухани байлыққа апаратын жолдың бірі – білім, екіншісі – сол білімді пайдаға асыру. Адам алғаш білімнің құндылығына сүйене отырып, өз ортасын жақсы жағынан өзгертуге әрекет жасайды. Өйткені рухани жетілудің шыңына көтерілген адам өмірдің мәні мен мағынасын жай ғана түсініп қоймай, жер бетінде ізгілік орнатуға күш салады. Қандай да болсын адамдықты, адамгершілікті бетке ұстаған қоғамның мақсаты- әр адамды рухани байлық деңгейіне жеткізу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Қазіргі таңдағы ұстаз қандай болу керек?
Ұрпақ тәрбиесі – болашақтың тірегі.
Ұрпақ тәрбиесі – болашақтың тірегі.
Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру сабағында қолданудың маңызы.
Өнегелі отбасынан үлгілі ұрпақ өседі
Өз білмегеніңді кісіден сұра, кісі жоқ болса кішіден сұра
Тәрбие басы отбасы
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 4230 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз