Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оқушыларға жан-жақты ұлттық тәрбие беру.


Оқушыларға жан-жақты ұлттық тәрбие беру.
Оқушыларға жан-жақты ұлттық тәрбие беру.
Мақсаты: Өсіп келе жатқан жас ұрпақтардың бойына адал қасиеттерді жастайынан қалыптастырып, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін үлгі етіп,жан-жақты ұлттық тұрғыда жетелей отырып, намысты болуға, шыншылдыққа, имандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
Ұлттық тәрбиенің қайнар бұлағы: намыс, абырой, имандылық, салауаттылық, шыншылдық, қыз абыройы. Жеке- жеке тоқталсам:
Намыс-«Қоянды қамыс өлтіреді,
Ерді намыс өлтіреді»-деп халқымыз ер намысын ерекше ардақтаған.Намысты ұл халқы, елі үшін жанын қиған. «Ер ел үшін туады,
Ел үшін өледі» деп бекер айтпаған. Егеменді еліміздің жеткіншектерін намысшыл, ұлттымыздың мақтанышы болуға тәрбиелеуіміз керек . «Өзге елдің сұлтаны болғанша , өз еліңнің ұлтаны бол» деген туған елге адал қызмет ет дегенді білдіреді емес пе?!
Абырой- сыйластық, намыспен ар-ұяттың игілігі. Үлгілі істері мен салт-дәстүрді бағалап, өмір заңдылығын түсініп, абыройлы, сыйлы, халқының қалаулысы болу. Ал, өмір заңын бұзу- күнә, қылмыс. Ондайды халқымыз- абыройдан жұрдай деген.
Имандылық- ұрпақтарымызды имандылыққа баулу үшін, олардың ар-ұятын оятып, намысын қайрап, мейірімділікке, адалдыққа баулу;
Салауаттылық- үлгі өнегелік дәстүр.Ішкіліктен, темекі тартудан аулақ болу.Таза жүру,тамақты қалыппен ішу, спортпен айналысу салауаттылықты көрсетеді.
Шыншылдық- ата –бабаларымыздың қастерлеп үйрететін ұлттық қасиет. Шыншылдық –адамгершілік белгісі. Өтірік айту, шындықты жасыру, қылмыстың ең ауыр түрі.
Қыз абыройы- отбасының болашағы, босағаның беріктігі, өмірдің қызығы. «Қыздың жолы жіңішке» деп абыройды қадағалаған.Қыз абыройы оның ақыл парасаты, инабаттылығы,іске бейімділігін көрсетеді.
Салауаттылық туралы ақын Мұхтар Шаханов :
Ешбір оғаш қылығыңды,ұмытпаған кешпеген,
Ол табиғат заңдылығы ешбір ғылым шешпеген.
Көңіліме жерік кірсе,қасиетті сол заңға,
Қарсы келіп қалам ба деп, сескенем- деп сауаттылық заңын жақсы түйіндеген.Балаларымызға білім берумен қатар, ұлттық тәрбиеге баули білсек, біз алмайтын қамал жоқ сияқты...
Ендеше, Өзім оқытқан оқушыларыма,
Ұлттық тәрбие беріп келемін!
Ертеңгі күні еңбегімнің,
Жанарына сенемін!...
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Қазіргі таңдағы ұстаз қандай болу керек?
Оқушыларға жан-жақты ұлттық тәрбие беру.
Оқушыларға жан-жақты ұлттық тәрбие беру.
Оқушыларға жан-жақты ұлттық тәрбие беру.
Оқушыларға жан-жақты ұлттық тәрбие беру.
Оқушыларға жан-жақты ұлттық тәрбие беру.
Оқушыларға жан-жақты ұлттық тәрбие беру.
Қазақ тілі сабақтарында ұлттық құндылықтарды игеру арқылы жеке тұлғаны дамыту
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 1963 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз