Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
Құрметті сайт қолданушылары ұстаздар сайты домендік атауының өзгергенін хабарлайды. Сайттың жаңа домендік атауы www.u-s.kz .
Загрузка...
Загрузка...
» » «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ».

20-02-2015, 05:35
«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ».
загрузка...
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің алдына жаңа мақсат қойып отыр. Ол – әлемнің дамыған отыз мемлекетінің қатарына кіру.
Қазақ елінің 2050 жылға дейін даму бағыттары айқындалған Жолдаудың тарихи маңызы өте зор. Бұл мемлекет өмірінің, қоғам мен экономиканың барлық тараптарын одан әрі жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы болып табылады. Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды.
Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Сонымен қатар жолдауда елбасы қазақ халқы үшін маңызды міндет қойды, ол - сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру. Осы міндет аясында қағазбастылық пен құжат айналымын азайтып, жергілікті билік өкілдерінің халық алдындағы жауапкершілігін арттырып, жергілікті жерлердегі басқару органдарына дербестік беру қолға алынды. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.
Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп - қатерлерінің бірі болып табылады. Сондықтанда оны болдырмау, алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.
1998 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы қабылданып, онда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.
Загрузка...

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖАС ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ОТАНСҮЙГІШТІК ҚАСИЕТТЕРІН АРТТЫРУ
Қазақстан-2050:бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ.
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
«Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
«Жолдау-білімнің жаңа көкжиегіне жетелейді.»
Сыбайлас-жемқорлық деген не?
ҚР Президентінің «ҚАЗАҚСТАН-2050» – стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауы – жастардың болашағын айқын
Мәңгілік ел – біздің тұрарлық болашағымыз
Қазақстан-2050 стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
мемлекеттік тілге құрмет-елге құрмет
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 1315 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Загрузка...
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Жаңалықтар