Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
Загрузка...
Загрузка...
» » Білімді оқушыларды қалыптастырудың негізгі шарты біліктілік

5-04-2015, 07:35
Білімді оқушыларды қалыптастырудың негізгі шарты біліктілік
загрузка...
Білімді оқушыларды қалыптастырудың шарты педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру

Саты жалпы орта білім беретін мектебінің
математика және физика мұғалімі Бикенова Сандуғаш Советовна

Ғаламдандыру күннен күнге өсіп келе жатқан халықаралық бәсекелестік қоғамда болып жатқан өзгерістердің ауқымы мен қарқынының өсуі білім беру беру саласының, мемлекет дамуының басты факторына айналуына себеп болды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»,- деп бекер айтпаған.
Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу.
Орта білім берудің мақсаты-алған білімінің, кәсіби дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын, өзінің білімін дамытуға, сол алған білімі арқылы өз мүмкіндіктерін іске асыруға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ сьезінде сөйлеген сөзінде «Жаңа формацияға жаңа педагог қажет» -деп атап көрсетті. Жаңа формацияның педагогын қалыптастыру үшін жаңа кәсіби мазмұн, жаңа кәсіби даярлық технологиясы, әрі даярлық сапасын арттыруға бірден-бір қызмет ету керек. Сонымен қатар оқу-тәрбие үрдісін технологияландыру бағытында инновациялық ізденістер, оқу дидактикалық, ғылыми-әдістемелік, кадрлық қуат мүмкіндіктері болуы қажет. Бұл жөнінде «Білім мемлекеттік бағдарламасында: осы үрдісті тереңдету мен дамыту үшін жаңа құқықтық, ғылыми-әдістемелік, қаржы-материалдық жағдайларын жасауды және маманмен қамтамасыз етуді талап етеді» –деп атап көрсеткен.
Атақты педагог-ғалым В.А.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық-бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер- ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады»-деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі” деген екен. Демек, қазір мектеп алдындағы басты міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік білімі, мәдениеті жоғары болуы шарт. Мұғалімнің ұстаздық тұлғасын өз дәрежесінде қалыптастыру үшін төмендегідей міндет артады.
-Біріншіден, білім беру сапасын жүйелі арттыру тәсілдерін меңгерту.
-Екіншіден, үнемі өзгеріс үстіндегі күрделі өмірде белсенді әрекетке дайын мектеп түлегін дайындаудың сапасын арттыру мен оның мәдениет деңгейін көтеру.
Загрузка...

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту-білім сапасын көтеру құралы
Сапалы білім-Көшбасшылықта
Мен - заманауи ұстазбын!
«Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі»
Абай
Білім сапасын арттыру жолдары
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
Биология сабақтарында электронды оқулықты қолдану
Биология сабақтарында электронды оқулықты қолдану
8 сынып Excel тарауына ОМЖ
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 1112 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Загрузка...
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Загрузка...