Статьи / Біздің мектеп |
Көрсетілім: 26552 |
Жүктеулер: dop. |
|
Уақыты: 7-04-2015, 08:08
|
Пікірлер (0)
|
|
|
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ. №3 Талапкер орта мектебінде жаратылыстану пәндері бірлестігінің апталығы өтті. Аталған апталықта химия, биология, география пән мұғалімдерінің ашық сабақтары, сыныптан тыс жұмыстары, шығармашылық есептері тыңдалды. Жеке жоспарға сай аталған іс-шара өз уақытында өткізілді. Әр мұғалім өзіне жүктелген міндеттерді зор ынтамен, үлкен жауапкершілікпен атқарды. |
Дамыта оқыту деп мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкес берілген оқытуды айтады. Дамыта оқытуда мұғалім мен оқушы арасындағы жаңа қарым-қатынас қалыптастырып, оқушылардың берілген тапсырмаларды талдауына, салыстыруына, өз беттерінше әрекет етулеріне, яғни ой еркіндігіне зор маңызы береді. Сөйтіп, балалардың зейін қойып ойлауы мен тапқырлығына мүмкіншілік туғызып, ойларын одан әрі дамытуларына жол ашады. |