Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Менің тәрбиеге көзқарасым


Менің тәрбиеге көзқарасым
«Менің тәрбиеге көзқарасым»
(эссе)

«Білім мен тәрбие егіз» деген ұғым бар. Яғни, мектеп табалдырығын аттаған оқушыға сапалы біліммен қатар саналы тәрбие беру әр ұстаздың міндеттерінің бірі.Бір-бір үйдің еркесі оқушы атанып,өзге ортаға қалыптасып кетуі үшін уақыт та, мұғалімнің кәсіби шеберлігі де, шыдамдылығы да қажет-ақ.
Осы ретте бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбегі ерен. Соңғы жылдары балаларды міндетті түрде даярлық топтарында отырғызып, ортаға бейімдеп барып бірінші сыныпқа жіберу үрдісі қалыптасты. Бұл өте дұрыс әдіс деп ойлаймын. Себебі, «бес- алты жасар бала», «мұғалім», «оқушы», «сыныптас», «парта», «тәртіп»,т.б. деген сияқты ұғымдарды қабылдап, соған үйрене бастайды. Үйде де сол тәртіппен жүріп- тұрып, «мұғалім олай істесем ұрсады» деген сияқты сөздерді айтып, мектеп өміріне бейімделеді. Тіпті балабақшада, содан кейін даярлық топта «оқыған бала дап- дайын оқушы» десек, артық айтпаймыз. Елбасымыздың «Балапан» бағдарламасының жүзеге асуына байланысты барлық дерлік елді мекендерде балабақшаның болуы дұрыс шешімін тапқан мәселе болды. Бұрын бірнеше жыл балабақша кезегінде тұрып, балаларын орналастыра алмай жүретін ата- аналар енді кез-келген балабақшаға, балаларын апара алады. Бұл мәселе біздің мектепте де шешімін тапты. Мектепке дейінгі «Балауса» шағын орталығы жұмыс істеп тұр.
Тәрбие, менің ойымша, бала ес білген кезде үйде, ата- анасынан, ата- әжесінен беріліп, негіз болып қалыптасады. Осы ретте тәрбие негізі дұрыс қалыптасса, онда алаңдаудың қажеті жоқ. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дейді қазақ.Үйде дұрыс тәрбие алған бала, мектепке келгенде де дұрыс жолмен жүреді.
Мамандарды, әсіресе, мұғалімдерді даярлау жоғары оқу орындарында психология, педагогика, педагогикалық методика бағыттарындағы лекциялар тектен-текке оқылмайды.Солардың негізін, әдіс – тәсілін меңгерген әр мұғалім сол білімін өз тәжірибесінде қолданады. Оған өмірлік тәжірибе қосылады.
Бастауышта қай мұғалім сабақ берсе, оқушысы да сол ұстазына ұқсап тұрғандай көрінеді.Тіпті ол оқушы жоғары сыныпта оқып жүрсе де,»мынау ана мұғалімнің оқушысы» деп бастауыштағы мұғалімінің есімі аталып жатады.Яғни, «мұғалім-екінші анаң іспетті» деген ұғымды осы жерден-ақ көруге болады.Беймәлім ортаға , өзі сияқты ерке балалардың арасына түскен сәтте «жанын түсініп»,еркелетер кезде еркелетіп,ешкімнен алаламай, бөліп-жармай, бәрін жақсы көретін алғашқы мұғалім бейнесі әр баланың жүрегінен орын алатыны
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
Ата-ана бастауыш сынып баласының үй тапсырмасын орындауына қалай көмектеседі.
Ұлттық білім беру моделіне менің көзқарасым.
Ата-аналармен жұмыс
Менің педагогикалық философиям
Менің педагогикалық философиям
Рухани адамгершілікке тәрбиелеу – басты мақсат
Отбасы және мектеп (ата-аналармен тренинг)
Тәрбие көзі-отбасы мен балабақша біртұтастығы
«Тәрбие-ортақ іс» атты ашық микрофон.
Бөлім: Статьи / Эссе | Көрсетілім: 12786 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз