Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ойын арқылы баланың ауызша сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттерін дамыту


Ойын арқылы баланың ауызша сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттерін дамыту

Ойын арқылы баланың ауызша сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттерін дамыту

Ойын дегеніміз-жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырлықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытта пайдалану - үлкен нәтиже бepepi анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз.Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын-тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т.б ғана тәрбиелеп қоймайды, оның ақыл-ойының толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, eceйіп өcyiнe де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің eciгiн ашып, оның шығармашылық  қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.Ойын-бала әрекетінің негізгі түрі.Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені менгереді,өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.Қазақ халқында  «баланы ойын өсіреді»деген дана сөз бар.Бала ойнап жүріп ойланады,жүйкесі шынығады,тілі дамып,көңілі өсіп,ойы сергиді,денесі шымырланады.Кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды,қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды,сол арқылы бір-бірімен өзара қарым – қатынас жасайды.
В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл -ойдың қалыпты дамуы да жоқ» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе icпетті, ол арқылы баланың рухани ceзімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.

Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап  жанар оты.
¥лы педагог А.С. Макаренко ойын туралы: «Ойын балалар ұжымында міндетті түрде қатысты болуы қажет,ойын ойнамаған балалар ұжымы,нағыз балалар ұжымы болып саналмайды,балалар өміріне ойындар ұйымдастырылып,ойынның түрленіп отыруы,мазмұнды және қызықты болуы қажет.Балалардың өміріндегі іс-әрекетті ұйымдастыру үшін,ойынға сүйене отырып тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ету керек»Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылырдың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді.Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса,ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Сондықтан тәрбиешінің міндеті-балаларды ойынға өз қызығушылығымен ,ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.Сонда ғана ойын өз мақсатына жетіп ,тәрбиелік мәні арта түседі.Тәрбиеші балаларға жақын болу,олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс.Ойын ешқашанда өзінің қызықтылығын жоғалтпайды,тек оның мазмұны,сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай .өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рөлді,драматизациялық,дидактикалық құрылыс ойындары,саусақ ойындар,қимылды ойындар,ұлттық ойындар болып бөлінеді. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік- экономикалық жағдайларына байланысты туып  дамығанына қазақ  халқының ұлттык  ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді.
Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай,әр алуан болып келеді. Дегенмен халық ойынның неше алуан түрлерін туғызып қана қойған жоқ, соны ic жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімдік жақтарын да көре білді.
Уакыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай, әpi озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмipre әзірлеу секілді жауапты міндеттер жүктеп отыр.  Қазақтың ұлттық ойындары: ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындары, дене шыныктыру, спорт ойындары және оймен келетін ойындар болып бөлінеді. Ұлт ойындары сонымен қатар ауыз әдебиетінің бip саласы болып есептеледі.Сюжетті-рольді ойындар балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та,қысқа да болуы мүмкін. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу,шындықты көрсету болып табылады. Мысалы:  «Дүкен» ойынын ойнағанда  балалар сатушы  мен сатып алушының әрекеттеріне ,ал «Аурухана» болып ойнағанда дәрігер  мен науқастың әрекеттеріне еліктейді. Мен өткізілген ойынға талдау жасаймын,ойын балаларға тигізген  тәрбиелік ықпалын бағалаймын,өз тобымдағы сюжетті-рольдік ойындарына одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластырамын.
Ойынды зерттеу мәселесімен педагогтар мен психологтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар т.б әcipece өнер қайраткерлері түрлі саладағы ғалымдар ерекше шұғылданған. Біздің қарастырып отырғанымыз-танымдық ойындар. Танымдық ойындардың түрлері көп. Мысалы, сөз жүмбақ, сөз тізбек, кроссворд, викторина, психологиялық жаттығулар, логикалық есептер, тренинг, тест, т.б. Танымдық ойындар жас ерекшеліктеріне қарай күрделене түседі. Адам бойындағы қызығушылығын, қабілеттерін арттыруда, білімін шыңдауда танымдық ойындардың алар орны ерекше.Адамның танымы биіктеген сайын, дүниеге көзқарасы да кеңейе түседі.
Дидактикалық ойын кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі- ойынды өлеңмен, қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр.  Мысалы: «Сиқырлы қораптың сырын ашайық»-деген ойында мен балаларды зат туралы айта білуге үйретемін,олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қоямын.Дидактикалық ойындарды  айналамен,табиғатпен таныстыру сабағында, математика,тіл дамыту,сауат ашу,көркем әдебиет сабақтарында жиі қолданамын. Ойын- бала табиғатымен егіз.Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес. Ойын арқылы оқу процесін жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын- бірден-бip таптырмайтын құрал.Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар,өлеңдер,тақпақтар қолданады.Бұндай ойындарда балалардың ептілігі,қимылдыңәдемілігі дамып,кеңістікті,уақытты бағдарлауға үйренеді,батылдық,тапқырлық,қайраттылық,достық,жолдастық көмек,тәртіптілік,ойын ережесіне бағына білусияқты адамгершілік сапалар қалыптасады.Қимылды ойындар балаға дене тәрбиесін беру құралы.Балалардың жүгіру, секіру,өрмелеу,лақтыру қабілеттерін жетілдіруге ,дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл ойынында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады,олар ойынның барысын,жүйелігін,ойнаушылардың қарым-қатынасын,баланың мінез-құлқын анықтайды.Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі.Олар сондай- ақ дене шынықтыру сабақтарының құрамына енеді. Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады.

Қимылды ойындар баланың барлық  жас кезеңінде өтеді.Күні бойы балалар жабдықталған ойын орталықтарында ойыналаңы ретінде ойнай алады.
Ал, қазақ халық педагогикасында саусақ ойыны ұрпақтан-ұрпаққа қалған мәдени шығармашылық болып табылады. Қазақ халқы саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттырарын білген.

Саусақ ойының ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды, ағаштарды бейнелей алады.Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап,оның бояуларының бір бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні (кең,тар),биіктігі (биік,аласа) бойынша салыстырады.Ойын барысында шығармашылық танытып,жаңа мазмұн ойластырып,белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Бала өмір құбылыстарына,адамдарға,жануарларға деген ынтасын,қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан ,ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті-ОЙЫН,сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев:   «Ойын ойнап,ән салмай,өсер бала бола ма?   деп айтқандай,баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.Жас баланың өмірді тануы,еңбекке қатынасы,психологиялық ерекшеліктері осы ойындар үстінде қалыптасады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру сабағында қолданудың маңызы.
Ауыл мектептерінің жазғы тынығу лагерінде ұлттық ойындарды ұйымдастыру
"Балабақшада ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолы "
Халықтық педагогика арқылы баланың сөздік қорын,қимылын дамыту
Ойын элементтерін пайдалану арқылы математика пәнінің сапасын арттыру.
Дене шынықтыру сабағындағы ұлттық ойындардың орны
Ойын мен тәрбиені ұштастырудың жолдары
Жеткіншектердің ойлау қабілетін дамыту мақсатындағы ойын технологиясының маңызы
Ойын арқылы баланың тілін дамыту (баяндама)
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 9973 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз