Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Армысың, алтын ұя мектебім!»


«Армысың, алтын ұя мектебім!»

 

«Армысың, алтын ұя мектебім!»   

 Мустафа: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, оқушылар!

Назым:

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын «Білім күні »- мерекең!

Мустафа:

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Мерекеңіз құтты болсын ата-ана,

Мерекеңіз құтты болсын ағайын!

Салтанатты жиынға  соңғы рет алғашқы қоңырау мерекесіне қатысқалы отырған 11 класс

 оқушыларын сүйікті класс жетекшілерімен ортаға шақырайық! Қарсы алыңыздар!

Назым: 11 А классының оқушыларын , класс жетекшісі  физика пәнінің мұғалімі тәжірибелі ұстаз Азаматова Баян Алтынбекқызымен бірге қарсы алайық!

Мустафа: 11 Ә класын класс жетекшісі 1 санатты қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі білікті ұстаз Ерішева Жанат Сейтбайқызымен бірге қошеметпен ортаға шақырамыз!

Назым: 11 Б классының оқушыларын , олардың класс жетекшісі 1 санатты тарих  пәнінің мұғалімі ұлағатты ұстаз Ильясова Роза  Жұмадинқызымен бірге   қарсы алып, қошемет көрсетейік!

Мустафа: Бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарымен таныстыруға рұхсат етіңіздер

Назым: Утебасов Бауржан Махметович - Байқоңыр қалалық Білім басқармасының бас маманы   

Мустафа: Суйнбетов Шакибек – начальник отдела занятости и социальных программ города Байконур

Мустафа: Мектеп түзел! Тік тұр!

Назым: 2014-2015 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын ашық деп жарияланады.

ҚР, РФ Мемлекеттік әнұрандары ойналады

Назым: Қазақстан Президентінің ел халқына арнаған биылғы Жолдауында:«ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» деп қадап айтты. Бұл сөздің маңызын біздер әрине жақсы түсінеміз. Біздің М.Әуезов атындағы орта мектеп – бәсекеге қабілетті болашақ Қазақстанның азаматтарын даярлауда өз даңғыл жолы бар,  қалыптасқан іргелі  білім беру мекемелерінің бірі. Алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Ұзақбаев Ғалымжан Әлімұлына беріледі

Мустафа: Келесі құттықтау сөз кезегі құрметті қонақтарға беріледі.Утебасов Бауржан , Суйнбетов Шакибек ағаларымызды ортаға шақырамыз.

(7 класс оқушыларының «Томирис» би тобы  «Кең жайлау» биін билейді)

Назым: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақ Елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел». Еліміз «Мәңгілік Ел» болу үшін – Тіл бірлігі, Дін бірлігі, Ұлт бірлігі, Азаматтық бір мақсат, бір мүдде деген басты төрт факторды қаматамасыз етуіміз керек» деген еді. Ендеше біздің алдымызда бір мақсат, бір мүдде тұрғаны айқын, біздің болашағымыз бір – ол тәуелсіз Қазақстан болашағы.  Бүгінгі ұрпақ – сол болашақ Казак елінің  перзенттері. Сонымен алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1 класс оқушыларын –  еліміздің болашақ азаматтарын жүрек жарды лебіздерімен қарсы алайық!

1 класстар шығады, тақпақ айтып, би билейді. Болғасын сол жерле тұрады.

Мустафа: 1 класс оқушыларын құттықтап, оларға білім кілтін тапсыру  ушін   бірнеше айлардан кейін улкен өмірге жолдама алып, тәуелсіз еліміздің дамуына өз улестерін қосатын11 класс оқушыларын зор қошеметпен ортаға шақырамыз.

                                                11 класс оқушылары шығып, құттықтау сөздерін айтады.

 (Музыка әуенімен 11-сынып оқушылары  сыйлықтарын, білім кілтін  1 сыныптарға тапсырып, орындарына алып кетеді)

Назым:               Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,

                             Сондықтан да ұстазыңа ұқсағың.

                             Адам жанын тәрбиелеп аялар,

                             Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың – деп  1 класстарға шәкірттерін қабылдап отырған оқушылардың қолына әліппе ұстатып, білім әлеміне жол бастайтын алғашқы ұстаздарымызға сөз кезегі беріледі. Қошеметпен алғашқы ұстаздарды қарсы алыңыздар!

Мустафа:  Келесі құттықтау сөз кезегі  құрметті ата-аналарымыздың атынан  мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы Жанұзақов Серік Жанұзақұлы мен Құлтанова Эльмира апайға беріледі.

Назым:

Қағылмақ , міне, әуенге бөлеп,

Қағылмақ алғаш қоңырау,

Нұр толқып жүзің, гүл толып құшақ,

Шаттыққа толсын омырау.

МустафаМіне көптен күткен алғашқы қоңырау соғу кезеңі де келіп жетті. Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 11-сынып оқушысы Совет Кумісбек пен  мен 1 класс оқушылары Бердібеков Айдынға  тапсырылады.

                                                    (Алғашқы қоңырау соғылады)

Назым:

Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,

Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.

Білімнің көзін аша білсең тереңнен,

Жетелейді армандарға бұл мектеп, - деген игі тілекпен бүгінгі Алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиын жабық деп жарияланады. Білім күні құтты болсын! Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!
Назым: Алдымен құрметті қонақтарымызды білім сабақтарына қатысу үшін мектеп төріне шақырамыз! Қонақтарға  құрмет көрсетейік, оқушылар!1 класс оқушыларын мектеп табалдырығын аттату құрметі құрметті алғашқы ұстаздар мен 11 класс оқушыларына тапсырылады. Қадамдарыңыз оң болсын! Ата-аналар балалар мектеп табалдырығын аттағаннан кейін сіздерді алғашқы сабақтарға қатысуға шақырамыз!

(Барлық кезеңдер өз мазмұнына сәйкес музыкамен безендіріліп отырылады)

 

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Алғашқы ұстазым
Соңғы қоңырау» мерекесі
Сыңғырла соңғы қоңырау- 2012.
Бар мейіріміз балаларға
«Құлақтан үнің кетпестей,Сыңғырла, соңғы қоңырау»
«Сыңғырла, күміс қоңырау!»
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ
МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІ
Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау атты соңғы қоңырау салтанатты жиынының сценарийі
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 4152 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык