Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Ән падишасы» Шәмші ата


«Ән падишасы» Шәмші ата

                «Ән падишасы» Шәмші ата

                  Шәмші Қалдаяқовтың  80 жылдығына орай

                                   әдеби сазды кеш.

 

           Жүргізуші: Ән падишасы халық берген атағы,

                            Әндеріңмен күліп таңым атады.

                            Ғашықтардың жан сезімін тербетіп,

                            Әуеніңмен нұрланып күн батады.         

         Жүргізуші: Аса құрметті ауыл тұрғындары, қадірменді қонақтар, аяулы оқушылар бугінгі біздің «Ән  падишасы» Шәмші ата атты әдеби сазды кешімізге қошкеліпсіздер. Қашанда әр елдің мақтаныш тұтатын ұл қыздары болады. Соның бірі, бірі емес бірегейі әні мен әр жүректі әлдейлеген, ән пдишасы атанып алтын тәжін кейген сазгер Шәмші Қалдайақов. Бүгінгі кешіміз Ш.Қалдайақовтың 80 – жылдық мерейтойына арналады.

         Қазақ вальсінің королі, қазақ халқының сүйікті, танымалы сазгері Ш.Қалдайақовтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыратын мектебіміздің тәлімгері Біттібаева Гүлмира.

         Жүргізуші:  Шәмші аға айтқан екен «маған жақын нәрсе халқымның жүрегі.Менің әндерімнің болашағы – халқымның тағдырына байланысты. Халқым барда менің әндерім бар» - деген екен.

                               Шабытым шалқып келгенде,

Шақырып, самғап қалайын.

Жырымнан тізіп ақ маржан,

Мойныңа алқа тағайын.

Бойыңа шашу шашайын.

Ән. «Ақ бантик» орындайтын Пірімжаров Пернебай

Жүргізуші: Бәрін бердің еліңе дегендейін қанып іш,

                   Әруағымен халқыңды заңғар шыңға алып ұш.

                   Әндеріңді шырқасақ қанаттанып кетеміз,

                   Тұла бойың ән аға, тұнып тұрған сағыныш.

Ауданнан және ауылдан келген қонақтарымызға сөз кезегін береміз.

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Жүргізуші: Арыс өзенінің сырдарияға құйатн жеріндегі қойнауында «Сарыкөл деген көл бар. Осы көлдің жағасында 1927 жылы Қалдаяқов деген кедей, өзіне қамыстан күрке салып мекендеген. Қалдаяқтың шын аты Әнапия».

         Оның балтырындағы үлкен қалды көріп, жеңгелері Қалдаяқ  деп кеткен екен. Бұл Шәмшінің әкесі еді. Әкесі қобыз, домбырада құйқылжыта ойнайтын сері адам болса керек, Қалдаяқтың сол қамыс күркесінде 1930 жылы бір бала дүниеге келген екен. Оның атын әкесі бір кездегі елдің патшасының атымен Жамшиден деп қойыпты. Бір қызығы, 30 жылдай  уақыт өткен соң ғана  Жамшиден – Шәмші Қалдаяқов болып атанды.

         Міне қазір Арыс бойында туған Шәмші ағаның «Арыс жағасында» тыңдаймыз.

Ән: «Арыс жағасында» Орындайтын Мақсатұлы Азамат

Жүргізуші: Ия, сол сөздері қазір шындыққа айналды, халқы оны ешқашан ұмытпайды. Оның әндерін қазір де республика жұлдыздары, мектеп оқушылары үлкен сүйіспеншілікпен орындайды.

                    Сұлу сазға бөленген өз өңірің,

                   Сырға орап жастардың мәз өмірін

                   Шәмші аға шығарған асыл әндер,

                   Жадыратқан талайдың пәс көңілін

Ән: «Қуаныш вальсі» орындайтын Құдабай Гүлім

(Би 7,8 сынып оқушылары).

Жүргізуші: Шәмшінің әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Композитор шығармасының тақырыптық, мазмұндық ауқымы аса кең. Елге, жерге, отанға, ата – анаға, жарға, дос – жаранға деген сүйіспеншілік – Шәмші шығармаларының басты тақырыбы. Оның азаматтық лирикаға тұнған, республикамыздың жерін жырға қосатын: «Ақ ерке  - Жайық», «Отырардағы той», «Сыр сұлу», «Байқоңыр»,  «Отан», «Мойынқұмда», «Өмір – өзен» т.б туындыларын жұртшылық ерекше ықыласпен қабылдады.

         Ән: «Өмір – өзен»   орындайтын Құдабай Ұлжалғас.

Жүргізуші: Анашым, ортамызға келсең күліп,

                   Болады Алатаудай еңсем биік.

                   Мен сенің қарызыңды өтеймін бе?

                   Әлемнің жақсылығын  берсем жиып?!

Көрініс:  «Ана туралы жыр»

Автор: Шәмші өз анасы туралы былай толғанады. Менің анамның ең сүйікті әні «Қорлан» еді дейді.

         Анасы өнерді бағалайтын, жақсы ән айтатын адам болса керек. Шәмші өзінің аяулы анасына әндерінің ең асылын арнады. Ол «ана туралы жыр». Бұл әннің туу тарихы былай екен:

         Бірде анасы қатты ауырып, өзінің о дүниелік боларына көзі жетті. Алматыдан шәмші баласын шақырып, өзінің соңғы сөздерін айтып келіп:

Анасы: Бұл өмірден жас кеттім демеймін! Жазмыш маған келіннің қызығын көруді, немере сүюді жазбады. Тағдыр солай. Жалғыз тілеуім – сен аман бол!  

Автор: Шәмші анасынан бұл дүниеде шын айрылғалы тұрғанын біліп, анасының кеудесіне басын төсеп, өксіп жылап жібереді.

Шәмші: Ана кетпеші мен сізге қарыздармын! Сізге  қарыздармын ана, сіздің  басыңа күмбез орнату қолымнан келмес, бірақ сізге әннің ең сұлуын, ең нәзігін арнаймын.  Ана.

Автор: Бұл 1957 жылы 4 қыркүйек болатын.  Шәмші уәдесінде тұрып, 1961 жылы «Ана туралы жыр» әні дүниеге келді.

Ән: «Ана туралы жыр»  орындайтын құдабай Нұрым.

Жүргізуші: Серік жанәбілдің сөзі.  Шәмші қайтыс болар алдынды әлде бір нәрселер ойыма түсіп:

  • Шәмші! Сен осы «Қайықта» әнін жазарда Нұрсұлтан Әлімқұловқа тақырып бердің ба? – деген едім.

Шәмші сәл ойланып, күрсініп:

  • Өмірдің өзі ұшан – теңіз. Бәріміз осы қайықпен жүзіп өтеміз.

Ал, менің қайығымда ескек болған ж оқ. Бүгінге дейін ескексіз

қалқып келемін. Соны жазғыздым, - деді...

  Ащы жазылған мақала екен. Жүрегім ауырып кетті.

Ән: «Қайықта» орындайтын Құдабай Эльнора

 Жүргізуші: Шәмші тек сазгер ғана емес, суырып салма ақын еді.

Әлі де бұл кеудеме толмай арман

Жас көңіл еш нәрсеге болмай алаң

Бейхабар жүр едім ғой махаббаттан

Қол созып, құшақ жайған қандай адам? -дей келе шыр

шумақтары Шәмші жүрегімнің толқыны мен тебіренісі.

Шәмші ағамыз өмірде көп қиыншылық көрді. Себебі, бар өмірін

шығармашылық іске арнаған.

         Сазгер Шәмшіге көрсетілген алғашқы да соңғы құрмет 1991 жылдың 29 желтоқсанында алматы қалалық әкімшілігі атынан, «Қазақстан халық әртісі» деген атақ берілді. Бұл күндері Шәмші ауруханада еді. 1992 жылы 29 ақпанда соңғы сапарға аттанды. Шәмші бұл атақты небәрі 60 күн ғана алып жүрді.

           Артында өнер өшпес мұра қалды,

                   Әніне табындырып барша жанды.

                   Қазақтың сазгер ұлы, сал – сері,

                   Ғасырдың ұлы едің маңдай алды.

Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырған «Шәмшіге арнау» оқитын Лесбек Индира

                            Отырарда туып, өсіп, ер жетіп

                            Жалауын әннің көтердің аға өрге тік.

                            Сіз де өттіңіз опасыз мына жалғаннан,

                            Ғашықтардың жүрегін әнмен тербетіп.

 

                            Кетті аға, әннің қазақтың жерін шарықтатып

                            Көгершін болып көк аспанда қалықтап.

                            Байлық пен мансап бақытқа бастар жол емес,

                            Қоныпты сол кез басыңа аға, анық бақ.

 

                            Әніңе қосып Ақжайық, Каспий, Арқа елін

                            Ғашықтардың жүрегін аға өртедің.

                            Жалаң аяқ көбелек қуған сәбиін

                            Іздейді бүгін кіндік қан тамған Сарыкөлің.

 

                            Ол рас аға өмірден сиды аз көрдің,

                            Қиындыққа сыр бермей өтті жаз көңілің.

                            Қайыққа мінген Сыр сұлу күтіп жүрме екен

                            Бір соғар деп оралмай кеткен сазгерін.

 

                            Жабына жоқтап, тұлпарды көзге ілмеген,

                            Санасыздар қызғаныш отын үрлеген.

                            Бүгіндер жүр бармағын шайнап өкініп,

                            Уағында қадіріңізді білмеген.

 

                            Әніңе бөлеп бозторғай ұшқан қарқыңды,

                            Ән салдың аға таңға ұрып тағы бір таңды.

                            Әлемннің қазір төрінен биік дауыспен,

                            Әніңіз сіздің Ән ұран болып шырқалады.

 

                            Күндіз туды төріне өнер өрлейтін,

                            Ерлерде шықты, намысын ердің тербейтін

                            Өлді деп сізді кім айта алар жан аға,

                            Ән салдырған мәңгілік өлмейтін.

Жүргізуші: Мақпал Жүнісова өз сөзінде былай дейді.

         Орталық консерт залында өткен Шәмші ағаның 60 жылдық мерейтойында ұлы композиторды бірінші және ақырғы рет көрдім. «Бақыт құшағында», «Бәрінен де сен сұлу» әндерін орындағанымда Шәмші аға бата берді. Шәмші ағаны көзі тірісінде көріп, ақ батасын алуым мен үшін үлкен бақыт.

         Шәмшінің батасы: оқитын Мақсатұлы Рахат.

         Оңтүстікте дәмнен кейін дастархан жиналар алдында бата беру міндетті нәрсе. Сондай кездері отырғандар Шәмшіге бұрылушы еді. – шәке бата жасаңыз! – дейтін олар. Шәмші өзінен жасы үлкендер жоқ жерде ғана батасын беретін. Біз естіп жүрген баталарға еш ұқсамайтын, ешқашан қайталанбайтын. Шәмші баталарын естігендерімнен мына біреуі есімде қалыпты.

         Көргенің рахат болсын,

         Жүрген жерің рабат болсын,

         Екі тойың қабат болсын,

         Дастарханың берекелі болсын,

         Әр күнің мерекелі болсын,

         Шайың қызыл болсын

         Ғұмырың ұзын болсын

         Несібең таса берсін

         Дұшпаның қаша берсін!

         Шаңырағың Кремльдің сарайындай биік болсын

         Босағаң – Ақсақ Темірдің дарбазасындай берік болсын

         Беттеріңе түскен әжім қасірет табы емес

         Шаттық күлкі ізі болсын. Әумин!

 Жүргізуші: Әр адамның өз өмірі секілді, әр әннің өз тарихы бар – деп , Шәмші бір жолдасына «Менің Қазақстаным» әнінің қалай туғанын еске алады.

         Ол кезде Ақмоланы (қазіргі Астана) «Целиноград» деп атап, сол жақтағы бес облысты бір өлке етіп, Ресей жақа  бермекші болып жүрген кез еді. Қазақ жері осылай бөлшектенгелі жатқанда оның асқақтаған жырлайтын ән қажеттігін сезінді. «Менің Қазақстаным» әні осылай туды.

         «Менің Қазақстаным» әнін елімнің ұраны болар деп Шәмші біліп айтқан екен. 1986 жылы 17 желтоқсанда бостандықты аңсаған қазақ жастары алматыдағы Республика алаңына «Елім-ай» мен бірге осы әнді де айтып шықты. «Менің қазақстаным» деп шырқаған жастардың армандары орындалды. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды.

         Шәмші Қалдаяқовтың ХХІ ғсырдың басында «Менің  Қазақстаным» атты әні мемлекеттік әнұранға айналып, ол алтын әріппен ел тарихында қалды...

 

 

Хор: «Менің  Қазақстаным»

                   Шәмші ағаның әндері,

                   Жүректерді тербеді.

                   Көңілдегі жақсы үміт,

                   Әнмен бірге жаңғырып,

                   Болашаққа беттеді

                   Жақсы әндердей мәңгілік,

                   Ұрпақтарды таң қылып,

                   Тозбасын тарих беттері – дей келе бүгінгі кеш халқының нәзік жүрегінен әндері ерекше орын алған, қазақ халқының өнер әлемінде өшпес із қалдырған сазгер Шәмші Қалдаяқовтың өнегесі ешқашан ұмтылмайды, сүйікті ағамыздың өнер жолын ары қарай жалғастырушы сіздерсіздер жас түлектер. Осымен әдеби сазды кешіміз аяқталды


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Вальс падишасы-Шәмші
Мемлекетті рәміздер.
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым
Ән болып қалықтаған...
Ұлтымыздың ұлы өзені, Қалдаяқов өзені
Вальс падишасы
Аққұс туралы аңыз
Менің Қазақстаным! атты әдеби – сазды кештің сценарийі
Қазақ әнінің Қадыры
Шағын жинақты мектептердің 3,4-сыныптарына арналған қазақ тілінен сабақ
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 2199 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык