Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ежелгі Оңтүстік және Шығыс Азия тарауын қайталау


Ежелгі Оңтүстік және Шығыс Азия тарауын қайталау
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Оңтүстік және Шығыс Азия тарауын қайталау
Мақсаты:
Білімділік:- Ежелгі Оңтүстік және Шығыс Азия елдері тарауынан алған білімдерін жинақтау.
Тәрбиелілік: Өз Отанының тарихын құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Логикалық ойлауды қажет ететін проблемалық түйінді мәселелі тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы, іздендіру және ой-өрісін, қабілеттерін дамыту. Оқушыларды өзіндік әрекетке, ізденіске бағыттай отырып, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Көрнекілігі: Интерактивті тақта

Барысы:
1. Ширату сұрақтары
2. Цзи қаласы
3. Лоян қаласы
4. Хао қаласы
5.Паталипутра қаласы
6. Андрапрастха қаласы

1. Ширату сұрақтары
1.Б.з.б. VI ғасырда Ганга өзенінің төменгі ағысында қандай мемлекет пайда болды? Магадха
2. Қытайдың Шан - Инь мемлекеті қай ғасырда қалыптасты? б.з.б. ІІ мыңжылдықтың ортасында.
3. Чандрагупта Үндістанда қандай билеуші әулеттің негізін қалады? Маурия әулеті
4. Б.з.б. 221 жылы ұлы билеуші -"хуанди" атағын алған Цин патшасын ата. Ин Чжен
5. Шан-Ин мемлекетінің негізін салған кім? Чен Тан
6. Б.з.б. ІІІ ғасырда Үндістанды біріктірген билеушіні ата. Ашок
7. Шан Инь мемлекетін талқандап, б.з.б ІІІ ғасырға дейін өмір сүрген мемлекетті ата. Чжоу
8. Үндістанды Ашок билеген тұста қай дін мемлекеттік дәрежеге ие болды? Будда

2. Цзи қаласы: Ян патшалығының астанасы Цзи қаласы болған. Ол б.з.б І мыңжылдықтарда пайда болыды. Х ғасырда Наньцзин деген атпен қаидандардың Ляо әулетінің екінші астанасы болды. «Чжунду»
деген атпен ХІІ ғасырда жужандықтардың Цзинь әулетінің астанасы болды. Юань әулетінің негізін салушы Хубилай қаланы өзінің астанасы етіп, қытай тілінде Даду, манғолша Ханбалық деп атаған. Ханбалық қаласының аты Марко Поло еңбектерінде де кездеседі. 1368 жылы Юань билігі құлап, қала қиратылып, кейін қайта салында. 1421 ж. Мин әулетінің үшінші императоры елдің астанасын Нанкин қаласынан осы қалаға ауыстырады. Оны Пекин қаласы деп атайды. Мин әулетті кезінде қала гүлденіп, өркендейді. 1406жылы «Жабық қала», 1420 жылы «Аспан храмы» және т.б. керемет сәулет құрылыстары бой көтерді.

Картамен жұмыс
1. Қызылмен б.з.б ІІІ ғ. Үнді жерін белгіле.
2. Жасылмен Қытай елін белгіле
3. Көкпен ірі көлдерін белгіле
4. Қызыл нүктемен ірі қалаларын белгіле
Ескертпе: Белгіні түрту арқылы оқушының жұмысын тексеруге болады.

3. Лоян қаласы: Лоянь – Қытайдың батыс бөлігі аймағындағы қала. Өткен тарихында Лоянь Қытайдың астаналарының бірі болған. Қала Қытай өркениетінде мәдени-тарихи жағынан өте маңызды орын алады.
Тарихта оның Лой, Лочжоу,, ал әдебиеттерде Дунду (шығыс астана, Сицзин (батыс астана), Цзинло-негізгі астана деп аталғанымен Лоянь оның негізгі атауы болған. Негізгі түбірі «ЛО» қаланың тұрған жерінде ағып жатқан ЛОхэ өзенінің атымен байланысты.
Қаланы б.з.б. ХІ ғасырда Чжоу әулетінің негізін қалаған – Чжоу-гун. Б.з.б 770 жылдан бастап Чжоу әулетінің астанасы болған. Б.з. 25 жылы Лоян Шығыс Хань әулетінің астанасы, 265-420 жылдары Вэй және Цзинь әулеттерінің астанасы болған. Цзинь әулеті құлаған кезде қала жартылай қиратылып, астана Нанкин қаласына көшірілген. Осы қалада 68 жылы Қытайдағы алғашқы будда храмы «Ақ аттың храмы», 493 жылы Солтүстік Вэй әулетінің императоры бұйрығымен атақты «Лунмэнь» үңгірлері салынады. Онда 30мыңдай «Будда» мүсіндері бар.
Ментальды кесте



4. Хао қаласы: Алғашқы Чжоу әулетінің астанасы Хао қаласы Вэйхэ өзенінің бойында орналасқан. Оның орны қазіргі Сиань қаласының маңында. Чжоу әулеті б.з.б 1045-221 ж.ж. аралығында Шань әулетін құлатып билікке келеді. Чжоу әулеті кезінде Хао қаласы мәдениет пен қолөнердің орталығы болып, жібек жолы бойындағы маңызды қалалардың бірі болған.
«Сиқырлы қобдиша»
Тапсырма: Екі елдің мәдени жетістіктерін дұрыс топтастыру.

Үндістан Қытай

5.Паталипутра қаласы:Паталипутра
(санскр. P â tali - putra) –көне Үнді Магадха патшалығын Нанда және Маурия әулеті басқарған кезде мемлекет астанасы болған
Паталипутра өзінің құдіреттілігімен сол уақыттың ғажайып қалаларының бірі . Ол әлемге әйгілі білім мен сурет өнерінің орталығы болған. Маурия әулеті кезінде халқының саны 400 000 мыңға жеткен. Қалада ірі-ірі қолөнер шеберханалар болған. Ондағы қолөнершілер металлдармен асылтастардан патша мен шонжарларға арнап әр түрлі сәндік бұйымдар жасаған. Қала орта Азия елдерімен,батыстағы гректермен , египеттіктермен сауда байланыстарын орнатқан. Сауда құрлық және теңіз жолдары арқылы жасалған.
Грек жазушылары оны Падиботра қаласы деп атап Эрранабоаса(қазіргі Шон) мен Ганг өзенінің қосылатын жерінде орналасқандығын айтады. Қазіргі кезде Патна қаласы деп аталады. Осы қала маңындағы көне ескерткіштер оның тарихының тереңде жатқандығын дәлелдейді.
Патна Үндістанның Солтүстік бөлігінде орналасқан. Ганг өзені бойындағы порт, Бихар штатының әкімшілік орталығы . Қазіргі Патна қаласы тоқыма, жеңіл өнеркәсіп және қолөнері дамыған қала.

Керуен сұрақтары:
1.Будда дінінің негізін қалаған кім?
2. «Будда »сөзінің мағынасы не?
3. Будда діні бойынша: Құмарлық пен тілектерінен бас тартқан адам қандай өмірге ие болады деп есептелінген?
4. «Каста» немесе «Варна» дегеніміз не?
5. «Махабхарата» дастанында қандай тайпалардың арасындағы билік үшін күрес баяндалады?
6.Үндістанда варналық жіктелу қай заң бойынша бекітілді?
7. Қытай данышпаны Кун-фуцзы қай жылы дүниеге келді?
8. Қытайда қағаз неден жасалды?
9. Қытайда қағаз қай ғасырда пайда болды?
10. Сыма Цяньның жазған еңбегін ата.

6. Андрапрастха қаласы:
Индрапрастха- дастанда жиі айтылатын ескі Үнді қаласы. Ол Махабхарата дастанында баяндалған Каурав пен пандавтар әулеттерінің күрес жүргізген дәуіріне жатады. Оның үйінділері Дели мен Кутуб арасында, Джумны мен Ганг өзенінің сағасында жатыр.
Тарихта Дели – «жеті империянің» астанасы деп аталынады. Археалогиялық мәліметтер бойынша Делиде дүниежүзілік маңыздылығы бар бірнеше мыңжылдықтар бұрын салынған 60000 тарихи ескерткіштер бар. Махабхарата дастаны бойынша бірінші Дели қаласы Пандав әулеті кезінде салынған, бұл шамамен б.з.б. 3000 жыл бұрын. Ол Индрапрастха деп аталды.
Индрапрастха қаласының үйінділерін ХІХ ғасырда британдықтар жаңа Нью-Дели қалашығын салуына байланысты жермен жексен етті. Дели қаласының аты парсы сөзі «Дахлиз» - аударғанда «босаға» немесе « шекара» деген мағынаны білдіреді.

Тест жұмыстары
1.Көне Магадха мемлекеті қай ғасырда қалыптасты?
А) б.з.б ІІІ ғ. Ә) б.з.б ІҮ ғ. Б) ҮІ ғ.
2. Б.з.б ІІІ ғ. Соңында Цин патшалығының орнына қай әулеттің билеушілері келді?
А) Хант Ә) Мин Б) Чжоу
3. Магадха патшалығының билеушісін өлтіріп, таққа отырған кім?
А) Ашок Ә) Чандрагупта Б) Самудрагупта
4. Қытай патшасы У Дидің бастысқа жіберген елші керуенін кім басқарды?
А) Чжан Цзянь Ә) Ван Ман Б) Фан Чун
5. Цин империясы неше әкімшілік бөлікке бөлінді?
А) 15 Ә) 35 Б) 45
6. Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың соңында Үндістанға солтүстіктен қандай тайпалар келіп кірді?
А) ғұндар Ә) эфталиттер Б) арийлер
7. Б.з.б. 18 жылы халық көтерілістері қай аймақта болды?
А) Хэбей Ә) Шандун Б) Чжэнчжоу
8. Үндістанна табылған б.з.б ІІ мыңжылдыққа жататын жазу неше иероглифтік таңбадан құралған?
А) 200-дей Ә) 300-дей б) 400-дей
9. Ежелгі Қытай мемлекетінің үш патшалыққа ыдырап кетуінің себебі не?
А)»Қызыл қастылар көтерілісі»
Ә) «Сары орамалдар көтерілісі»
Б) Шыңғыс ханның жаулап алуы
10. Қытайда жібек матасы қай кезден бастап өндіріле бастады?
А) б.з.б І мыңж. Ә) б.з.б ІІ мыңж. Б) б.з.б ІІІ мыңж.

Қорытынды.
Бағалау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әлемнің жаңа жеті кереметі
Отырар - қаһарман қала
Ғұн мемлекеті
Ғұндар тарихы Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті
Орта ғасырлардағы Қытайдың мәдениеті мен өнері
Үндістандағы феодалдық қатынастар
Қарахан мемлекеті
Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті
Ғұн тарихы
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 4420 | Қосты: Жусупалиева Гулзада Маханбетжановна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык