Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Экономикалық өсу


Экономикалық өсу

Экономикалық өсу

Сабақтың тақырыбы: «Экономикалық өсу»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерге экономикалық өсудің мән-мағынасын, негізгі факторлары мен модельдері туралы айту арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік дамуының негізгі мәселелері туралы түсіндіру.

Тәрбиелік:  Республикамыздың экономикасы жайлы айта отырып, студенттерге туған  республикамыз туралы, оның экономикасы мен өркендеуі жайлы тереңірек білім бере отырып, болашақ мамандарды ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Экономикалық өсу процессі жөнінінде терең  ғылыми-танымдық білім қалыптастыру арқылы белсенді ойлау қабілетін арттыру, алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.

Сабақтың типі: Дәстүрлі

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиялық АКТ, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1997-2012 жылдар аралағындағы халыққа арнаған жолдауларынан көрме

Пәнаралық байланыс: Тарих, экономикалық ілімдер тарихы

Сабақтың барысы:   

І. Ұйымдастыру: Топпен амандасу. Топты түгендеу.

- Саламатсыздар ма, студенттер! Бүгін сабақта кім жоғын белгілеп алайық. Сіздер екі топқа бөлініп отырсыздар, сабағымыз екі бөлімнен тұрады.

І бөлімде үйге берілген тапсырма бойынша өз дайындықтарынды көрсетсендер, ІІ бөлімде жаңа тақырыпты меңгересіңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Жиынтық сұраныс және оның түрлері?
  2. Жиынтық ұсыныс, оның экономикалық тепе-теңдіктегі рөлі?
  3. Ұлттық өндірісті реттеудің негізгі механизмі – классикалық бағыт.
  4. Ұлттық өндірісті реттеудің негізгі механизмі – кейнстік бағыт.
  5. Тұтыну және жинақтау.
  6. Макроэкономикалық тепе-теңдік.
  7. Мультипликатор теориясы.

Сонымен қатар, үйге салыстырмалы анализ жасауға екі мемлекеттің Қазақстанмен Украинаның экономикалық жағдайы берілген болатын. Соған назар аударсақ.

Екі топ Қазақстан мен Украинаның экономикалық тепе-теңдік жағдайына талдау жасайды.

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту:

Тақтаға назар аударайық. Мен сіздерге мынадай кілт сөздерді ұсынамын, осы сөздерге сүйене отырып, бүгінгі өтетін тақырыпқа болжам жасап көрейік.(Студенттер өз болжамдарын жасайды) Болжам тренингі

 

 

Сонымен, бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Экономикалық өсу». Бұл сабақта сіздер экономикалық өсудің мән-мағынасын, негізгі факторларын және модельдерін қарастыру арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік дамуының негізгі мәселелері туралы мәліметтер аласыздар және алған білімдеріңді өз қажеттіліктеріне сай пайдалануға үйренесіздер.

І. Жаңа тақырыпты меңгерту

(Дайындалған презентация слайд арқылы түсіндіріледі)

Экономикалық теорияда маңызды сұрақтардың бірі - экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

         Экономикалық өсудің негізгі мақсаты болып табылатын материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы, мынандай құрамдардан тұрады:

 

Экономикалық өсуге әсер ететін факторлар

                       

 

(Кесте арқылы түсіндіру).

Тікелей факторлар:

Жанама факторлар:

-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.

  • Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.
  • Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.
  • Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.
  • Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.
  • - Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.
  • - Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.
  • - Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

Студенттерге кесте арқылы түсіндіргеннен кейін, проблемалық сұрақ қойылып, пікірлері тыңдалады.

Экономикалық өсуді қамтамасыз ететін факторлар:

  1. Табиғи ресурстардың мөлшері мен сапасы.
  2. Еңбек ресурстары
  3. Капитал
  4. Техникалық прогресс
  5. Инвестиция

 

Экономикалық өсудің интенсивті және экстенсивті түрлері

Өсудің экстенсивті факторы ресурстың сандық жағынан көбеюімен жүзеге асырылады. Мысалы: қызметкерлердің сан жағынан өсуі. Бірақ, мұндай жағдайда орташа еңбек өнімділігі өзгеріске түспейді. Ресурстардың шамадан тыс өсуіне, көбеюіне өсудің экстенсивті факторында қайтарымның төмендеу заңы тән болады. Мысалы: кәсіпорынның санын көбейте беруден осыған сәйкес жұмыс күшін де көбейте беруден еңбек өнімділігі артпайды. Бұл фактор инновациямен яғни жаңашылдықпен, жаңа өндірістік технологияларды және технологиялық басқарумен, адам капиталының сапалық жағынан өсуімен байланыссыз, оған сандық өзгеріс қана тән.

Ал, экономикалық өсудегі интенсивті фактор - басқару мен технологияны сапалық жағынан арттырумен және жетілдірумен, инновациялық идеяларды қолданумен, өндірісті модернизациялау және адам капиталының сапасын арттырумен байланысты.

Қазіргі кезеңде әлемдегі дамыған өнеркәсіпті елдер дамудың интенсивті жолын ұстанып, өндірісте жаңа технологияны қолдануда, инновациялық идеяларды пайдалануда. Орташа деңгейде ғана өнім шығаратын өнеркәсіп орындарын экстенсивті жолмен сан жағынан көбейту жолынан бас тартуда. Өндірісті модернизациялау, қайта құру, жаңа технологиямен жабдықтау, қызметкерлердің білім деңгейі мен сапасын арттыру және өнімнің әлемдік рыноктағы бәсекелестік қабілетіне маңыз беруде.

Қазақстан осы интенсивті даму жолын ұстануда. Басты мақсат - елді индустрияландыру, жаңа технологиямен жабдықталған өнеркәсіп орындарын ашу, ғылымға негізделген алдыңғы қатарлы идеяларды өндіріске енгізу, әлемде сұранысқа ие болатын қазақстандық сапалы өнім - отандық бренд шығару.

 

Әлемдегі экономикалық өсудің тиіптері:

Қазіргі кезеңдегі өсу теориясы экономикалық өсудің төрт типін бөліп көрсетеді.

  1. Қалыпты өсу (АҚШ, Европада байқалады)
  2. Таңғажайып өсу. (Жапония, Оңтүстік Корея, Гонконг, Қытай)
  3. Трагедиялық өсу (Орталық Африканың бірқатар елдері)
  4. Өсудің болмауы (мысалы, Зимбабе)

 

Экономикалық өсудің типтері әрқайсысына талдау жасалады. Мысалдар келтіріледі.

Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды.

Стратегиялық Жолдау дегеніміз - ҚР әлеуметтік –экономикалық даму деңгейін арттыруға, азаматтардың әл-ауқатының өсуіне және ел қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған ұзақ және қысқа мерзімді бағдарламалар жобасы. ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына аранған жолдауына байланысты Қазақстан Республикасындағы экономикалқы өсу мәселесіне тоқталу.

ІҮ. Сабақты қорытындылау, бекіту:

Хронологиялық диктант

Екі топқа хронологиялық диктант беріледі. ҚР экономикалық өсуіне талдау, болашаққа болжам жасау.

І топ                                                      ІІ топ

1991 ж ...

1992 ж ...

1993 ж ...

1994 ж ...

1995 ж ...

1996 ж ...

1997 ж ...

1998 ж ...

1999 ж ...

2000 ж ...

2001 ж ...

2002 ж ...

2003 ж ...

2004 ж ...

2005 ж ...

2006 ж ...

2007 ж ...

2008 ж ...

2009 ж ...

2010 ж ...

2011 ж ...

2012 ж ...

 

  1. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты
  2. Экономикалық өсудың өлшеу типтері
  3. Экономикалық өсудің типтері
  4. Экономикалық өсудің факторлары
  5. Қазақстан экономикасының өсу динамикасы

Ү. Оқушыларды бағалау: Жалпы экономикалық білімдерін күнделікті әлеуметтік, тұрмыстық жағдай мен қоршаған ортамен байланыстырып, өз ойын ортаға салып отырған оқушыларды бағалау

 ҮІ. Үйге тапсырма: Әлем елдерінің экономикалық өсу тәжірибесін талдау (хронологиялық диктант)

 

Тірі ағзалардың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы туралы ғылым

Өндіріске қажет ресурстар

Тіршілік көзі

Экономика қазынасы

 

 Сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын айтады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әлемдік экономика мен ұлттық шаруашылықтағы қызмет көрсетудің ролі
Негізгі қорлар мәні мен құрылымы
Латын Америкасы елдері
ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басындағы Англияның саяси-экономикалық дамуы
1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс
САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫС
Орталық, Оңтүстік және Солтүстік Еуропа елдері бойынша
Шығыс Қазақстан
Шығыс Қазақстан
Әдістемелік жұмыс жүйесі
Бөлім: Уроки / Экономика | Көрсетілім: 7310 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык