Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тепе – теңдікті сақтау.


Тепе – теңдікті сақтау.

Тепе – теңдікті сақтау.



Тақырыбы: Тепе – теңдікті сақтау.
Мақсаты: 1. Өткенді қайталау:
а) алдыға денемен аударылып түсу.
ә) жауырынмен тұру (ұлдар)
б) көпір жасау (қыздар)
2. Тепе – теңдікті сақтауға арналған жаттығуларды көрсетіп түсіндіру. Әртүрлі қалыпта тепе – теңдікті сақтау тәсілдерін дамыту.
3. Оқушылардың қабылдауын, шапшаңдылығын дамыту. Өзара көмектестікке үйрету.
Құрал – жабдықтар: гимнастикалық маттар, гимнастикалық таяқшалар, доптар, секіртпе, гантель, ысқырық

1. Дайындық бөлімі 
1. Оқушыларды сапқа тұрғызу:
а) сәлемдесу;
ә) сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

2. Саптағы жаттығулар:
а) Оңға! Кері! Солға! Солға!

3. Жүру және оның т үрлері:
а) қолды жоғары тік көтеріп, аяқтың ұшымен жүру;
ә) қолды екі жаққа созып, өкшемен жүру;
б) қолды белге қойып, сыртқы қырымен жүру;
в) қолды белге қойып, ішкі қырымен жүру.

4. Арнайы жүгіру жаттығулары:
а) жылан тәріздес жүгіру;
ә) аяқты артқа бүгіп жүгіру;
б) тізені жоғары көтеріп жүгіру;
в) оң (сол) жақ қырмен тіркеле адымдап жүгіру;
г) аяқтың ұшын созып, алдыға қайшы тәріздес жүгіру.

5. Жүру, тыныс алу жаттығулары:
а) оқушыларды бір лекке тұрғызу
ә) 1, 2, 3, 4 санал!

6. Жалпы дамыту жаттығулары:
а) бастапқы қалып: қолымыз белде 1, 2, 3, 4 - мойнымыз оңға (солға) айналдыру;
ә) б. қ. қолымыз белде;
1 - басымызды алдыға түсіру;
2 - басымызды артқа қою;
3 - оңға;
4 - солға қою.
б) б. қ. гимнастикалық ағашта оң қолмен ұстау:
1 - аяқтың ұшымен көтеріліп, қолды үстіге көтеру;
2 - гимнастикалық ағашта сол қолмен ұстап б. қ. келу, 3, 4 - жаттығуды қайталау;
в) б. қ. екі қолмен гимнастикалық ағашты ұстау;
1 - сол аяқпен алға кең қадам жасап, екі қолды жоғары көтеру;
2 - б. қ. келу керек;
3 - оң аяқпен алға кең адым жасап, екі қолды жоғары көтеру;
4 - б. қ. – келу керек;
г) б. қ. негізгі тұрыс екі қолмен гимнастикалық ағашты ұстау:
1 - қолды кеуде тұстан ұстау керек;
2 - екі қолды алдыға созу;
3 - қолды үстіге көтеру;
4 - б. қ. – келу керек.
ғ) б. қ. екі қолды жоғары көтеру, аяқты алшақ ұстау
1, 2, 3 - оң жаққа иілу,
4 - б. қ.
д) б. қ. қолды алдыға тік ұстау;
1 - оң аяқтың ұшымен сол қолға тигізу;
2 - б. қ.
3 - сол аяқтың ұшымен оң қолға тигізу;
4 - б. қ.
е) б. қ. тік тұру;
1, 2, 3, 4 - екі аяқты қосып, түзу секіру, бір орында;
1, 2, 3, 4 - қолды алдыға созып, сол аяқты бүгіп, оң аяқпен секіру;
7 1, 2, 3, 4 - қолды жоғары көтеріп, оң аяқты бүгіп, сол аяқпен секіру;
8 4 қатардан 1 қатарға тұру; жатты5у жасайтын орынға бару.
Негізгі бөлім: 
Гимнастикалық жаймада жаттығу жасайтын орынға апарып дайындау

Ұлдар тобы: Қайталау сабақ.
Акробатика:
І а) алдыға аударылып түсу;
ә) жауырынға тұру; (ер балалар)
Оқушылардың өздіктерінен жасайтын жаттығулар.
гимнастика:
а) қарлығаш бейнесін жасау, бір аяқты алға созып т ұрып, екінші аяқпен отыру, гантельді көтеру.
Қыздар тобы: Қайталау сабақ.
б) көпірге тұру (қыз балалар)

ІІ гимнастика:
а) қарлығаш бейнесін жасау, бір аяқты алға созып тұрып, екінші аяқпен отыру, гантельді көтеру.
ә) гимнастикалық бөренеде екі қолды екі жаққа жаза, іші нығыздап толтырылған допты ұстап алға, артқа жылжып жүру. (ұл балалар)
б) гимнастикалық орындықта екі қолды екі жаққа жаза іші нығыздап толтырылған допты ұстап алға, артқа жылжып жүру (қыз балалар)

ІІІ Оқушыларды 2 топқа бөлу.
Қорытынды бөлім: 
- жаттығу орнын жинастыру;
- сапқа тұрғызу;
- сабақты қорытындылау.
- оқушыларды бағалау.
- Сап бойымен залдан шығу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Гимнастика
Бөрене үстінде тепе-теңдікті сақтау жаттығулары
Гимнастика
Орнынан ұзындыққа секіру, секірме жіппен секіру, қолды бүгіп жазу.
Бөрене үстіне қойылған кедергілерден аттап жүру.
Допты тордың астынан көтеру.
Ағаш аттан секіру
Қозғалмалы ойындар
Баскетбол ойыны : допты жерге соғып алып жүру.
Баскетбол ойыны : допты жерге соғып алып жүру.
Бөлім: Уроки / Дене шынықтыру | Көрсетілім: 6628 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык