Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қош, балалар бақшасы!


Қош, балалар бақшасы!

Қош, балалар бақшасы!

       Залда «Бақытты балалық шақ» әні естіліп тұрады.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, балабақша қызметкерлері, бүгінгі біздің мерекеміз ерекше, себебі бүгін мәпелеп өсірген, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине, бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын.

      Балалардың балабақшамен қоштасуына арналған ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер. (Әр баланың ерекшелігіне тоқтала отырып, оларды ортаға шақыру.)

       Топтың барлық мерекелеріне қатысып, ерекше көзге түскен тобымыздың әншісі – Ильяс

        Тобымыздың атақты бишілері: Аружан мен Айгерім

        Тобымыздың сүйкімді де, сүйікті балалары: Ақбота мен Жандос

        Тобымыздың ерке бүлдіршіндері – Ілияс пен Нұрлан

        Тобымыздың еңбек десе ерінбейтін, еңбекқор ұлдарымыз: Мадияр мен Есен

        Тобымыздың кербез де сұлу қызы – Сәнгүл

Біз ертеңгілігімізді жалғастырамыз.

1-жүргізуші.Құрметті қонақтар, армысыздар,

                       Бәріңізде есен-сау бармысыздар?!

                       Қоштасатын күн келді бақшаменен,

                       Апайларға айтатын алғысым бар.

2-жүргізуші.Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

                       Қоштасатын әнімізді бастайық.

                       Әдеп пенен өнегені үйреткен

                       Бақшамызды есімізде сақтайық.

Айгерім: Үлкендердей тап-таза,

                  Жазамыз бормен тақтаға.

                  Үлгілі бала боламыз,

                  Жүретіндей мақтана.

Сәнгүл:  : Бақшадағы күндерді

                  Есімізге сақтаймыз.

                  Тәрбиеші еңбегін,

                  Бәріміз де сақтаймыз.

Мадияр: Балабақша есігін

                 Үшке тола ашқанбыз.

                 Балапандай өсіріп,

                 Мәпелейді бақшамыз.

Жандос:  Гүлге толы қорамыз,

                  Біз өсеміз, толамыз.

                  Бәріміз де ертең ақ

                  Үлкен жігіт боламыз.

Нұрлан: Біз – ертеңгі батырмыз,

                Біз – ертеңгі ақынбыз.

                Бір анадан туғанбыз.

                Біз бәріміз татумыз.

Би. «Вальс»

Ән. «Наргиза»

«Бестік» кіреді.

 Бестік. Сәлеметсіңдер ме, балалар мен сендердің достарыңмын, менің атым «Бестік». Мектепте мен сендердің достарың боламын. Мен сендердің мектепке дайын екендеріңді білу үшін бірнеше тапсырмалар бергім келіп отыр.

1-ші тапсырма.

Кім маған жақсы санамақ айтып бере алады?

1-бала. Бір дегенім – білім,

Екі дегенім – елім,

Үш дегенім – ұшақ,

Төрт дегенім – тұсақ,

Бес дегенім – бастау,

Алты дегенім – астау,

Жеті дегенім – желім,

Сегіз дегенім – сенім,

Тоғыз дегенім –торқа,

Он дегенім – оңқа,

Үлкендерден сұра,

Түсініксіз болса.

Бестік. Ал, енді маған кім қандай жаңылтпаш айтып бере алады?

2-бала. Қара майлы қарағайды,

Кесейін бе, кеспейін бе?

Қазықтағы қара тайды,

Шешейін бе, шешпейін бе?

3-бала. Қойымыз семіз,

 Қозымыз егіз,

Өзіңіз келіп,

Көрсеңіз дейміз.

Бестік. Ал,енді сендер маған жұмбақтар жасырыңдаршы, мен шешуін тауып көрейін.

4-бала. Ортасында ішегі бар,

Жіп-жіңішке денесі бар. (қарандаш)

5-бала. Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (Кітап)

Бестік. Балалар,сендер өте білімді, өнерлі балалар екенсіңдер, әрқашанда осындай бола берулеріңе мен тілектеспін.

6-бала. Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып балабақшамен

Мектепке кетіп барамыз.

Сәнгүл: Балабақша қош енді,

               Әркез аман бол деймін.

               Әкем менен шешемді,

               Ертіп енді келмеймін.

Айгерім: Қош, балалар бақшасы,

                  Толған күлкі, толған күй.

                  Қош, балалар бақшасы,

                  Бізге туған болған үй.

Ән. «Қош, балалар бақшасы»

Би. «Қазақ биі» (қыздардың орындауында).

Тәрбиеші. Өсті ақыл – ойларың ,

Өсті, міне, бойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың! – дей келе, ендігі құттықтау сөзді ата – аналарға береміз.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қош бол, балдай тәтті балабақша!
«Қош бол балабақшам!»
Даярлығым,қош енді!
«Ойыншықтарды қимаймыз- бөбектерге сыйлаймыз»
«Балалардың бал мекені»
Қоштасу кеші
Біз мектепке барамыз
Қош бол, балабақша!
Әліппемен аштық білім есігін. Тербетеміз тәуелсіз ел бесігін.
Mектепалды даярлық тобының қоштасу кеші
Бөлім: Уроки / Мектептен тыс мекемелер | Көрсетілім: 3498 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык