Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » "Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар. Шарттың түрлері"


"Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар. Шарттың түрлері"

"Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар. Шарттың түрлері"

Тақырыбы:  "Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар. Шарттың түрлері"

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар. Шарттың түрлері туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау және сұрақтар

  • Жеке меншік деген не?
  • Заттық құқықтар деген не?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: Мәміле дегеніміз – азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері.

Мәміле – бұл әрекет, яғни адамдардың саналы іс-әрекеттерінің нәтижесі. Барлық әрекеттер заңды және заңсыз болып бөлінеді. Мәмілені жасау заңды әрекет болып табылады және ол заңға сәйкес келеді.

Мәмілені жасау – мәміле субъектілерінің арнайы әрекет жасауға деген ниеті.

Мәміле заң фактілерінің санатына жатады, яғни азаматтық-құқықтық қарым-қатынастардың тууына, өзгертілуі мен тоқтатылуына негіз болады.

Мәміле – арнайы нәтижеге жетуге бағытталған әрекеттер.

Әкімшілік актілер дегеніміз – жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен индивидуалды мағынадағы мемлекеттік басқару орындарының актілері.

Азаматтық кодекс мәмілені екі түрге:

  • бір жақты
  • екі жақты деп бөледі.
  • Бір жақты мәмілелер – біржақты мәмілені жасау үшін заңға, басқа да құқықтық актілер мен тараптардың келісіміне сай бір жақты ерік білдіруді қажет және ол жеткілікті болса ғана жасалады.
  • Екі жақты мәмілелер шарт болып табылады. Шарт – сату – сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т.б. қатынастар арқылы жүзеге асырылады.

Шарт дегеніміз – екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі. Шарт еркіндігінің қағидасы:

  • Шартты жасау еркіндігі;
  • Шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі;
  • Жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі;
  • Тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын;
  • Тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса алатындығын білдреді;

Сабақты қорытындылау: сенімхат – бұл тұлғаның (сенім білдіруші) екнші тұлғаға (сенім білдірген) өзінің атынан жазбаша өкілеттік беруі:

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Қылмысқа қатысу және оның түрлері. Қылмыс жасау сатылары"
"Әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар туралы түсінік және оның түрлері"
"Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы туралы түсінік және оның міндеттері мен жүйелері"
"Қайталау сабағы «азаматтық құқықтың жалпы мәселелері"
"Міндеттеменің жекелеген түрлері"
"Азаматтық – құқықтың жауапкершілік"
"Міндеттемелік құқық"
"Меншік құқығы және меншіктің түрлері"
"Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылар"
Кіріспе және адам құқықтары туралы түсінік
Бөлім: Уроки / Құқық негіздері | Көрсетілім: 2631 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык