Сыныбы: 6-сынып
Пәні: Физикалық география
Тақырыбы: Географиялық белдеулер және табиғат зоналары туралы ұғым.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды географиялық белдеулер және табиғат зоналары туралы ұғыммен таныстыру, дүние жүзінің табиғат зоналары картасымен танысу, ғаламшардың бір табиғат зонасына презентация көрсету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:Табиғат зоналары картасы, климаттық белдеулер картасы, табиғат зоналарына сай суреттер.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеп, оқу құралдарын реттеп, сабаққа назарын аудару. (0,5 мин)
2. Үй тапсырмасын тексеру:
Видеоролик – «Табиғат қызықтары!» (1,5 мин)
1. Географиялық қабық дегеніміз не?
2. Табиғат кешені дегеніміз не?
Үй тапсырмасы: 3 команда алдын ала бөліп берілген тақырыбы бойынша постер қорғайды. Атмосфера, литосфера, гидросфера тақырыбында. Ал тақтаға «Биосфера» деген жазу жазылып тұрады. Әр команда дайындап келген постерлерін қорғағаннан кейін, қарсылас 2 команданың дайындап келген 2 сұрағына жауап береді. Сұрақтар өтілген тақырыпқа сай, кітаптан алынып құрастырылуы қажет.
Әр командаға 3 минуттан. (10 мин)
3. Сергіту сәті: Видеоролик (1,5 мин)
4. Жаңа сабақ түсіндіру. (20 мин)
1. Жер шарының географиялық белдеулер мен зоналарға бөлінуі.
2. Экваторлық белдеу.
3. Субэкваторлық белдеу.
4. Тропиктік белдеу.
5. Субторпиктік белдеу.
6. Қоңыржай, субполярлық және полярлық белдеу.
7. Табиғат зоналары.
Жер шарында климат жағдайларының экватордан полюстерге қарай өзгеруі бүкіл табиғат кешенінің ендік зоналар бойынша өзгерісін тудырады. Зоналық заңдылық – табиғат кешенінің барлық компаненттеріне тән құбылыс.
Табиғат кешенінің ендік бойынша өзгеруінен географиялық қабық географиялық белдеулер мен зоналарға бөлінеді.
Географиялық белдеулер климаттық белдеулерге сәйкес келеді және солардың атымен аталады. Әр географиялық белдеу климат жағдайларының тұтастығымен ерекшеленеді. Молтүстік және оңтүстік жарты шарлардың әрқайсысы 4 негізгі географиялық белдеулерге бөлінеді. Олар: экваторлық, тропиктік, қоңыржай және полярлық белдеулер.
Негізгі географиялық белдеулердің аралықтарын өтпелі белдеулер бөліп жатыр. Өтпелі белдеулерге «Суб» (лат. – кіші, таяу) деген сөз қосылып айтылады.
Субэкваторлық – экваторлық пен тропиктік белдеулердің; субторпиктік- тропиктік пен қоңыржай белдеулердің; субполярлық – қоңыржай мен полярлық белдеулердің аралығын бөледі.
Әр географиялық белдеу географиялық зоналар жиынтығынан тұрады. Зоналар ондағы басым өсімдік жамылғысының атымен аталады.
Экваторлық белдеу.Экватордың екі жағын бойлап созылып жатады. Белдеудің климат жағдайлары жыл маусымдарына бөлінбей, температура бүкіл жыл бойы біркелкі таралуымен ерекшеленеді.
Жазда да, қыста да температура үнемі жоғары, яғни 25-30ºС. Жауын-шашын жыл бойы біркелкі таралады (жылына 2000-3000мм-ден, тауларда 10000 мм-ге дейін). Күн сайын, әдетте, түстен кейін нөсер жаңбыр құйып өтеді. Жылу мен ылғалдың молдығы өсімдіктердің қаулап өсіп, сан алуан жануарлардың мекендеуіне қолайлы. Белдеудің көп жерін экваторлық ұдайы ылғалды, мәңгі жасыл ормандар зонасы алып жатыр.
Субэкваторлық белдеу. Экваторлық ауаны қыста тропиктік ауа ауыстыратын өңірде жыл он екі маусымға, яғни жаңбырлы жаз бен құрғақ жылы қыс маусымдарына бөледі. Белдеудің құрғақ маусым 2-3 айға ғана созылатын аудандарында ауыспалы ылғалды ормандар өседі. Бұл ормандарда экваторлық ұдайы ылғалды ормандарға қарағанда ағаштар біраз аласарып, аралары ашылады. Соған байланысты онда бұта және шөп өсімдігі көріне бастайды. Ағаштың кейбір түрлері құрғақшылық маусымда бойындағы суды аз буландыру үшін жапырағын тастайды.
Құрғақ кезең 5-6 айға созылатын жерлер Савваналы болып келеді. Саванна –деп ір жерінде жеке немесе шоқ-шоқи ағаш пен бұта кездесетін, көбінесе шөп басқан алқапты айтады.
Тропиктік белдеу. Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың 20-30º ендіктер аралығын тропиктік белдеу алып жатыр. Материктердің ішкі және батыс бөліктерінде бұл белдеудің шегінде тропиктік шөл зонасы қалыптасқан. Африкадағы атақты Сахара шөлі осы зонада орналасқан.
Тропиктік шөл зонасының климаты өте ыстық әрә құрғақ. Ауаның температурасы 58ºС-қа көтеріледі, ал топырақ беті 90ºС-қа қызады. Жауын шашын барлық жерінде 100мм-ге жетпейді. Сахарада кейде бірнеше жыл бойы қатарынан тамшы тамбайтын кездер де болады.
Өсімдік өте сирек, кей жерлерді мүлде өспейді. Әсіресе сазды, тасты шөлдер сұрықсыз болып кетеді. Аздаған өсімдіктері ежелгі өзен арналарын, жартастардың жарықтарын, тас қорымдардың шеттерін сағалайды.
Субтропиктік белдеу. Солтүстік және оңтүстік жарты шарларда 30-40 º ендікте, тропиктік белдеу мен қоңыржай белдеудің арасында орналасқан. Ол тропиктік белдеуден температураның маусым бойынша үлкен мөлшерде өзгеруімен ерекшеленеді. Дегенмен барлық айлардың орташа температурасы оң болып келеді. (4ºС-тан 20ºС-қа дейін). Сондықтан өсімдік жыл бойы тоқтаусыз өседі. Белдеудегі барлық материктердің климаты батыс, шығыс және ішкі бөліктерінде бір-бірінен елеулі түрде өзгешеленеді. Мұхитқа жақын жатқан батыс бөліктерінде жазы құрғақ, қысы ылғалды субтропиктік құрғақ континенттік климат, ал шығысында жауын-шашын жазда мол жауатын муссондар климаты қалыптасқан.
Қоңыржай белдеу. Бұл белдеу солтүстік жарты шарда аса кең аумақты қамтиды, оңтүстік жарты шарда аз аумақты қамтиды. Бұл белдеуге климат жағдайларының жыл маусымдары бойынша ацқын өзгеріп тұруы тән. Соған сәйкес басқа табиғат құбылыстары да маусым бойынша өзгереді.
Қоңыржай белдеу шөл, дала және орман зоналарынан тұрады. Олардың аралықтарын шөлейт пен орманды дала өтпелі зоналары бөледі.
Субролярлық белдеу солтүстік жарты шарда, Еуразия мен Солтүстік Американың солтүстік шетін алып жатыр. Оңтүстік жарты шарда тек аралдарда ғана кездеседі. Бұл белдеуде ең эжылы айдың орташа температурасы +10 ºС –тан аспайды. Қысы ұзақ, жазы қысқа. Жылдық жауын-шашын 100-300 мм, ол буланушылықтан 1,5 еседей көп. Жердің беткі қабаты жылы кезде 30 см-дей қалыңдықта ғана жібиді де, одан әрі қарай қысы-жазы тоң болып қатып жатады.
Полярлық белдеу. Солтүстік полюс төңірегі арктикалық, оңтүстік полюс төңірегі антарктикалық белдеу деп аталады. Екеуін де жаппай мұз басып жатыр. Климат жағдайлары өте қатаң. Арктикалық белдеудің екі-үш аптаға ғана созылатын жаз маусымы кезінде ауаның температурасы 0ºС-тан сәл ғана асады.
Таулардағы биіктік белдеулер. Жер бетінен биіктікке көтерілген сайын ауаның температурасы төмендей беретіні белгілі. Биіктікке сәйкес тек ауаның температурасы ғана емес, сонымен бірге ылғал мөлшері де өзгереді. Жоғары көтерілген ауа салқындағанда оның құрамындағы су буы су тамшыларына айналып, бұлт түзеді. Бұлттан жауын-шашын жауады. Ол жылу мен ылғал мөлшерін өзгертеді. Екінші сөзбен айтқанда, биіктікке сәйкес бүкәл табиғат кешені өзгереді. Сойтіп табиғат кешенінің таралуына байланысты Биәктәк белдеулік пайда болады.
Видеоролик «Тайга»
5. Бекіту
Әр командаға контур карта беріледі.
1. Солтүстік жарты шар материктерінің географиялық белдеулерін түсір.
2. Оңтүстік жарты шар материктерінің географиялық белдеулерін түсір.
3. Дүние жүзінің экваторлық, субэкваторлық, ториктік, субтропиктік белдеулерін түсір.
6. Бағалау.
7. Уйге тапсырма: Тақырыпты оқып, мазмұндау. Өз өлкеңнің табиғат зонасына сипаттама беру.
Алматы қаласы Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназия
География пәні мұғалімі: Рустемова М.Т.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / География |
Көрсетілім: 42457 |
|
|
|
Географиялық белдеу және табиғат зоналары

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |