Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Латын әліпбиіне көшу заман талабы ма?


Латын әліпбиіне көшу заман талабы ма?
Дебаттың тақырыбы: Латын әліпбиіне көшу заман талабы ма?
Мақсаты: 1) тақырыптың мәнін, мазмұнын түсіндіру. Алдын ала материалдарын жинақтап, сөз таластыруға дайындау. Оқушылар пікірін тыңдау, ойлау шеберлігін шыңдау.
2) заман талабына сай болуға, ана тілін құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.
3) Дебатқа ойды нақтылып, жүйелі түрде жеткізе білуге, фактілер мен
дәлелдеулерді орынды келтіре білуге жаттықтыру. Сөз астарына үңілу, өзекті ойды бөліп алуға, өз пікірін қорғай білуге, сөйлеу мәнерін қалыптастыруға үйрету.
Түрі: дебат.
Көрнекілігі: арнайы үстелдер, трибуна, тыңдаушы қауым, қарсылас топтар отыратын орын дайындау. Аудиторияны жабдықтау.
Барысы: Жоғары сынып оқушыларын 2 топқа бөлдік. Жақтаушы топ, даттаушы топ болып бөлінеді.Бірінші кезеңде екі топтың 1-ші спикері 3 минут ойын айтады.Сұрақтар қойылады.Екінші кезеңде екі топ бір-біріне сұрақтар қояды.Үшінші кезеңде көрермендердің қолдауымен жеңімпаз топты анықтайды.Қорытындысы шығады. Жеңімпаз топты марапаттайды.
Жақтаушы топ:
Даттаушы топ:
Жақтаушы топтың 1-ші спикері:
- Сәлеметсіз бе, құрметті төреші?
- Сәлеметсіз бе, Тайм-кипер?
- Сәлеметсіз бе, қарсылас топ және тыңдаушы қауым?
Сөз бастауға рұқсат етіңіздер.
Мен өз тобыммен таныстырып өтейін.
Топтың 1-ші спикері: мен Бегалы Нұргүл
2-ші спикері: Ильясов Ақтан
3-ші спикері: Дүйсенова Мадина
Біздің резолюциямыз: «Латын әліппесіне көшу заман талабы»
Біздің критерий: Елбасы көтерген мәселе орындалмай қоймайды.
Біздің аргументіміз:
I.Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын әрпіне көшіреміз.
II.Бүгінгі қазақ жазуына түбегейлі реформа керек.
III.Отаршылдық саясаттан құтыламыз.
1- спикер:
Осыдан бес мың жыл бұрын адам баласы жазу үлгісін тауып, ойы мен пікірін хатқа түсіру жүйесін жасаған болатын. Сол кезден бастап әріп пен жазу адамзат баласының өмірінің ажырамас бөлігі болып қана қоймай, оның тыныс-тіршілігі мен өмір сүру механизміне айналды. Ертедегі жазуларды бабалардың қолтаңбасы десек, бүгінгі күні құнды мұра ретінде мұражайларда сақтаулы. Қазақ ұлты да сан ғасырлар бойы алуан жазуды қолданып келгені аян. Соңғы екі ғасырдың өзінде бірнеше жазу үлгісіне ауысыппыз. Бүгінде «Латын әліпбиіне көшу қажет пе?» деген уақыт талабы тудырған сауал алдымыздан көлденең шықты. Латын жазуы қазаққа бейтаныс емес. Бұл әріп Қытай елінде 1961 жылдан 1983 жылға дейін қолданыста болған.
Не үшін латын әрпіне көшуіміз керек? Саяси маңыздылығы жағынан айтқанда, кириллицамен сіңіп кірген отарлық санадан арылу үшін де оның саяси маңызы зор. Екіншіден, латын жазуы қолданысқа оңай, игеруге ыңғайлы. Оған қоса жаратылыс ғылымдары жағында да қолданыста дәлділігі мен ептілігін дүниежүзінің өмір тәжірибесі дәлелдеді.
Қазақ мәдениеті дүниежүзінің әдебиетімен, мәдениетімен тезірек қауышу үшін латын әрпіне 10-15 жылдың ішінде біртіндеп көшуге болады. Әрі бұл әлем қазақтары латын әрпі арқылы ала-құлалықтан да арылар еді. Ортақ жазуымыз, ортақ ұлттық мәдениетімізді қалыптастырары анық. Латынға көшу жазу-сызуды өзгерту ғана емес. Бұл тілге реформа жасалады. Оның нәтижесі – білім - ғылым, әлеумет, саясат, яғни, мемлекеттің бар саласын қамтитын күрделі шаруа.
Мысалы көрші жатқан Өзбекстан, Түркіменстан елдері КСРО ыдыраған соң XX ғасырдың аяғында сол латын әліпбиіне көшіп үлгерген. Олар қазір өзінің басымдығын сезініп отыр. Дамығандығын көрсетіп отыр. Біз де сол дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат қойып отырмыз. Сол мақсатымызға жетуге септігін тигізер еді. Септігін тигізіп қана қоймайды. Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренуде қазақтың ережеге бағынбайтын дыбыстық үндес әліпбилерін жаттауда жеңілдей түседі.
Сондықтан Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағыты түзілген Жолдауында латын қарпіне көшудің тиімділіктерін талдап айтып берді. Тіпті тіл ғылымы саласының мамандары бәрін зерттеп-зерделеуі үшін 2025 жылдан бастап нақты іске асырылатынын да нақты шегеледі. Есесіне латын әліпбиіне көшуді қазақ қоғамы қызу қолдап отыр.
Даттаушы топ жағынан спикерге сұрақ берілді:
- Сіз Өзбекстан мен Түркіменстан елдері латын әліпбиіне көшті дедіңіз, ендеше сол Өзбекстанның бүгінгі мектебіндегі қиындықтар туралы айтыңызшы?
- Ғылыми қауым латын әліппиіне көшкен түркі халықтарының жағдайына жеке зерттеу жүргізіп келеді. Латын әліппиіне көшкен өзбек ағайындарда туындаған бір қиындық- өзбек мектебі латынша жазса, орыс мектептері бұрынғы кирилл жазуында қалып отыр. Себебі өзбек тіліндегі мектепке латын әріптерін меңгерген мұғалім, латынша шыққан оқулықтар, ал орыс мектебіне басқа кітап, басқа мұғалімдер керек екен. Орысша оқитындарға кітап қоры жеткілікті болса, өзбек мектебіндегі латынша оқитындарға ондай мүмкіндік жоқ, орыс әліппиін танымайды. Әрине мұндай кемшіліктер уақытша ғана.
Даттаушы топ.
Даттаушы топтың 1-ші спикері:
- Сәлеметсіз бе,құрметті төреші?
- Сәлеметсіз бе, Тайм-кипер?
- Сәлеметсіз бе, қарсылас топ және тыңдаушылар?
Сөз бастауға рұқсат етіңіздер.
Мен өз тобыммен таныстырып өтейін.
Топтың 1-ші спикері: мен Құлмұрат Асылан.
2-ші спикері: Өмірбеков Бақтияр.
3-ші спикері: Жұмабеков Әскербек
Біздің резолюциямыз: Латын әліппесіне көшу қажеттіліктен туып тұрған нәрсе емес.
Біздің критерий: Елбасы мәселе көтерді, оны халық шешеді.
Біздің аргументіміз:
1) Рухани бай мұрамыз, сан ғасырлық әдебиетіміз оқусыз, қараусыз қалады.
2) Латын әліппесіне көшу бүгінгі ұрпаққа да, келешек ұрпаққа да пайдасыз.
3) Ұлтты екіге бөледі.
Бір кездері араб харпінен кириллицаға бір-ақ күнде ауысып жаңалық жасаған едік. Ол тұста ғалымдардың барлығы кириллица қоғамның көш ілгері дамуы үшін қажет деп атойлаған. Енді міне бірауыздан латын әрпі қажет деп бір ырғақта әндете бастады. Әрине байыбына бармай байбалам салудан аулақпыз. Дегенмен, дана халық «келісіп пішкен тон келте болмас» дейді.
Көпшілік қауым жақтап жүрген бұл әліпби ақпараттық-технологиялар саласын дамытуға септігін тигізгенімен, ол бәрібір бізге қазақтың туған тіліндей қызмет ете алмайды. Өз басым латынға көшуге қарсымын. Өйткені, осы арқылы біз сан ғасырлық әдеби, тарихи бай мұраларымыздан айырылып қаламыз. Жұрттың бәрі жаппай латынды игере бастаса, әлгі құнды жазба мұраларымыз оқусыз, қараусыз қалмай ма? Жарайды, латынды кейінгі буын меңгеріп алды делік, ал ауылдағы ағайын тағы да сол сауатсыз күйінде қалмақ па? Латын әліпбиі қазақ тілін көркейтеді дегенге сенбеймін. Сондықтан латын әліпбиін қолданысқа енгізуге түбегейлі қарсымын.
Жақтаушы топ жағынан спикерге сұрақ берілді:
-Құрметті спикер, әліпби ауыстыруды тілді ауыстыру дегенмен шатыстырып тұрған жоқсыз ба? Біз әліппи ауыстыру жөнінде әңгіме қозғап жатырмыз.
- Елінің болашағын ойлаған әр азамат мәселенің байыбына тереңірек бару керек. Әліппи өзгертуді бұрынғы кирилл әріптерін латын әріптерімен ауыстыра салу деп түсінетіндер бар. Ғалымдарымыз 30-31 әріптен тұратын әліпби жасауды нысана етіп отыр. Бұл бұрынғы 42 әріптің қысқарып, 10 таңбасы алып тасталынатынын көрсетеді. Алынып тасталынған таңбаларға қатысты ереже де жойылады. Әліппи ауыстыру қажеттіліктен туып тұрған мәселе емес. Әлемдегі латын әліппиін қолданушылар деңгейінен көрінейік деген бәсекелестіктен туған мәселе тәрізді. Қазақ тіліміздің мәртебесін кириллицада жүріп –ақ көтеруге болар еді.
ІІ кезең
Екі топ бір- біріне сұрақтар беріп, жауаптар беріледі.
Бірінші сұрақ:
- Қазіргі таңда қолданыста жүрген жазу үлгілері аз емес, неге латын әліпбиін алуымыз керек?
Жауап: Дұрыс айтасыз, қазіргі таңда қолданыста жүрген жазу үлгілері аз емес. Бірақ әлем халықтарының көпшілігі латын әліпбиін қолданып отыр. Деректерге сүйенер болсақ, дүние жүзі елдерінің көбі осы әріпті қолдануда. Латын әліпбиін жат санаған елдердің өзі тауар маркалары мен еларалық құнды қағаздарын осы әріппен таңбалап келеді. Қытай халқының бұл әріпке ауысқанына ширек ғасыр болыпты. Олар осылайша өзіне ғана түсінікті жергілікті диалектіде сөйлейтін қытайлықтарды бір жазуға икемдеген екен. Әрине, бір жағынан Қытай мен бізді салыстыруға келмейді. Құмырсқадай қаптаған елдің әр ауданының өзінде бір Қазақстанның халқы тұрып жатыр. Сондықтан әр диалектіде сөйлеп кеткен халықты бір әріпке келтіру мұқтаждықтан жасалған дүние деп қарасақ та болатындай. Ал, біздің елде ондай зәрулік туындап отырған жоқ. Біздің басты бағытымыз – латын әліпбиін қолданысқа енгізу арқылы әлемнің даму көшіне ілесу.
Екінші сұрақ:
- Ел арасында әліпби ауыстыруға бет алған екенбіз, ендеше латынды алғанша , өзімізге тарихи кезеңнен көп таныс, қасиетті құран әліпбиіне жақын Ахмет Байтұрсыновтың төте жазуына неге көшпейміз?
Жауап:
-Ахмет Байтұрсынов жасаған төте жазу орыс ғалымдары арқылы әлемге танылып, жоғары бағасын алды. Ғалымның әліпби мен жазу санасында ашқан осы ғылыми жаңалығы, жазу заңдылықтарымыздың негізгі тірегі болып, басқа әліпбиге, латынға, одан кирилицаға көшкенімізбен де қазіргі күнде де жазуымызға қызмет етіп келеді.Төте жазуда болмасақ та, әліпби түзу және жазу заңдылығы Ахмет Байтұрсынов ұстанған қағидаларға негізделген. Ал қазіргі қиындықтарымыз да осы Ахмет Байтұрсынов көрсеткен кейбір ұстанымдардан ауытқып, кірме дыбыстарды әліппеге талғаусыз қабылдап, содан соң кірме сөздерді де өзгеріссіз жазып, өзіміздің төл сөздеріміз бен терминдерімізді де ғалым көрсеткен жолмен қарыштата алмауымыздан туындады. Сондықтан Байтұрсынов ұсынған қағидаларға қайта келу керектігін еріксіз мойындағандықтан да әліпби өзгертіп отырмыз. Ертең латыншаға өткен кезде Ахмет Байтұрсынов ұстанған қағидаларды басшылыққа аламыз, ал неге төте жазу емес, латын әліпбиі дегенге келсек, халық өз еркімен таңдауға мүмкіндігі болып тұрғанда әлемнің озық елдері игілігін көріп, көпшілігі қолдап отырған латын әліпбиіне біздің де көшкеніміз дұрыс болар еді. Егер біз қазір араб әліпбиімен жүрген болсақ, онда латынға көшу туралы әңгіме болмауы мүмкін. Қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр. Сондай-ақ графизация (әріп таңбалау) заңдылықтары әріптің дыбысты таңбалау, көру, оқу, жазу талаптарына сай келуін қажет етеді. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны байқалады. Барлық дәрі-дәрмек атаулары, математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер-барлығы да латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады. Латын графикасын қолданатын барлық елдердің әліпбиіндегі әріп саны тілдегі фонемалар санынан әлдеқайда аз болуы да оның жетістігі болып табылады. Дегенмен кейбір елдің латын әліпбиінде әртүрлі диакритикалық таңбалардың (нүкте, қос нүкте, сызықша, айшық, дәйекші) көп алынуы да белгілі дәрежеде қиындық келтіреді. Осындай қосымша белгілер арқылы көптеген елдің барлық фонемалары латынның 26 таңбасымен ғана белгіленуі жазу үнемділігін танытатын тиімді әліпби дәрежесіне өткізіп отыр.
Үшінші сұрақ:
- Кейбір есептеулерге сүйенсек,кириллицадан латынға қалыпты жағдайда көшу үшін Қазақстанға 300 млн АҚШ доллары және 15 жыл уақыт қажет екен. Ендеше сол шығынның, алтын уақытымыздың орны тола ма, кім бұған кепіл бола алады?
Жауап:
-Әрине, әр істі бастағанда шығын болатыны айдан анық қой. Ағаш ексек те оның жеміс беретінін ойлауымыз керек. Қазір ғалымдарымыз латын әліппиіне көшіру ісін қазақ жазуын реформалау ісімен байланыстыру жұмыстарының ғылыми негіздемесін дайындап жатыр.
ІІІ кезең
Аудиторияның дауыс беруіне орай жеңіске жеткен топ анықталды. Оларға мақтау қағазы мен сыйлықтар тапсырылды.
Дебатты түйіндеу. Бізге қайсы жазу қолайлы , тіліміздің мәртебесін көтеретін, дамуына өзіндік үлесін қосатынын ғалым, лингвистеріміз әбден зерттеп, бағасын берсін. «Халық айтса, қалт айтпайды». Біздің мақсатымыз балалардың көкейінде жүрген ой-пікірін білу, ана тілін құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу. Ойларын нақтылы, жүйелі түрде жеткізе білуге, фактілер мен дәлелдеулерді орынды келтіре білуге жаттықтыру
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Батыстың даму үрдісі, АҚШ, Латын Америкасы
Латын Америкасы елдері
Латын Америкасы елдері
Қытай, Қытайдағы ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі жағдайлар, 1911-1913 жылдардағы Синьхай революциясы
1918-1932 жылдардағы Латын Америкасы
Қазақ тілі тарихындағы алфавиттердің ауысуы
Қазақ әліпбиі
Дыбыс және әріп
Қазақ әліпбиіндегі әріптердің жазылуы
Қазақ әліпбиі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 9244 | Қосты: Жүсіпбек Жанар Құрманбайқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык