Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сәндік қолданбалы өнер


Сәндік қолданбалы өнер
Сабақтың тақырыбы : Сәндік қолданбалы өнер
Сабақтың мақсаты: Сәндік қолданбалы өнер түрлері мен таныстыру, оқушылардың ой – Тәрбиелік : Оқушыларды ұлттық салт – дәстүрге, отансүйгіштікке ұлттық өнер ерекшеліктерін қиялын дамыту,сәндік бұйымдарды дұрыс бейнелеуге баулу.
сезінуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларға ұлттық бұйымдардың адам өміріндегі маңызын айту, ұлттық өнер ерекшеліктерін сезіну қабілеттерінің қалыптасуына ықпал ету.
Көрнекілігі: қолөнер бұйымдары, сөзжұмбақ,оқулық , жұмыс дәптері.
Түрі : Дәстүрлі сабақ
Әдісі : сұрақ – жауап, түсіндіру,топпен жұмыс
Сабақтың барысы :
Ұйымдастыру . а) Оқушылармен амандасу, сабаққа әзірлігін тексеру
Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақты пысықтау
1. Мүсін дегеніміз не ?
2. Мүсінді қандай материалдардан жасайды?
3. Мүсін неше түрге бөлінеді?
4. Монументті мүсін неге байланысты жасалады?
5. Қазақтың ең алғашқы кәсіби мүсіншісі кім?
ІІІ. Жаңа сабақ. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар.
Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана практикалық жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды жасауды айтады.
Сәндік қоолданбалы өнерді әзірлеу үшін мынадай материалдарды қолданады: ағаш, сүйек,тас, әйнек, табиғи және жасанды заттар.
Сәндік қолданбалы өнердің түрлері: керамика (фарфор), әйнек (ыдыстар, құмыра, мозайкалар),көркем оймыш ( ағаш, тас, сүйек,пластмасса), металдан жасалған көркемдік бұйымдар (зергерлік бұйымдар),жиһаздар (сәндік маталар, киімдер), ойыншықтар.
Ай халықтың болса да тұрмыс – тіршілігіне қажетті әдемі бұйымдары мен заттарды дүниеге әкелген қолөнері болады.Қолөнермен айналысатын адамдарды төрт топқа бөлуге болады. Алдымен бейнелеу өнерінің түрлеріне тоқталайық.
Бейнелеу өнері
графика
Кескіндеме мүсін өнері
Сәулет өнері дизайн сәндік қолданбалы өнер
Сәндік қолданбалы өнер
Тоқыма материалдары
Керамика жиһаздар
Көркем оймыш металдан жасалған бұймдар

Қолөнер

Зергер ұста ісмер шебер

1. Ұста – қару – жарақ, ер – тұрман, сауыт – сайман жасаумен шұғылданатын адам.
2. Зергер – алтынмен аптап,күміспен алқа, сырға білезік жасайтын адам.
3. Шебер – ағаштан әртүрлі бұйымдар жасайтын адам.
4. Ісмер – ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар.
Тұрмысқта сәндік қолданбалы өнер өте көп қолданылады.
- Ал , балалар, ойлан тап ребусын шешейік.

Шебер
Оқушыларды үш топқа бөлу.
І топ Ұста
ІІ топ Зергер
ІІІ топ Ісмер
Әр топ өздерінің атауларына байланысты бірнеше сурет салу
Сөзжұмбақ
Т
Ы
М
А
Қ

1. Ұлдардың бас киімі (тақия)
2. Хан сұлтандардың киетін бас киімі (айырқалпақ)
3. Ұлттық аяқ киім ( мәсі )
4. Әйелдердің ұлттық киімі (камзол )
5. Мойынға тағатын зергерлік зат ( алқа)
Жаңа сабаққа қорытынды .
1. Зергерлік бейнелеу өнерінің қай түріне жатады. (сәндік қолданбалы өнер)
2. Ағаштан жасалған заттарды, ыдыс – аяқтарды кімдер жасайды. (шебер)
3. Ісмер деген кім?
4. Ұста деген кім?
Бағалау .
Үйге тапсырма . Камзол , сәукеленің суретін салу
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Музыка және қолданбалы өнер. Қазақтың атақты әнші-күйшілері
Зергерлік өнер
Алтын балық сәндік өнер
Қуыршақтар әлемі сәндік өнер
Ойыншықтар құрастыру
Көркем қолөнерді қорытындылау
Тастан жасалған әсем таушықтар, үлкен тастарды жылжыту, оларды әшекейлеп, безендіру технологиясы, гүлзардың күтімі, оған қажет құрал-саймаңд
Әр түрлі заттардан құралған бұйымдарды жасау технологиясы
Сабақтың тақырыбы:Қазіргі заманғы сәндік өнері
Киіз үй жиһаздары
Бөлім: Уроки / Сурет сызу | Көрсетілім: 12437 | Қосты: Рахаева Жулдыз Зинетуллаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык