Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 13791 |
|
|
|
Тәуелсіздік – ел тірегі
Тәрбие сағаты «Тәуелсіздік – ел тірегі»
Мақсаты: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Елінің егемендігі жолында өзін құрбан еткен батырлардың ерлігімен таныстыру.
Көрнекілігі : еліміздің рәміздері және авторларының слайдтары, Желтоқсан батырларының слайдтары, нақыл сөздері.
Қолданылатын әдіс: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Барысы: ұйымдастыру
Кіріспе әңгіме.
-Балалар, 1986 жылы қандай оқиға болды?
-Желтоқсан оқиғасы
-Бұл оқиға не үшін болды?
-Өз тәуелсіздігін алу үшін.
-Тәуелсіздік дегеніміз өз алдына дербес, еркін мемлекет, яғни ешкімге тәуелді болмай ішкі, сыртқы мәселелерді өздерінің шеше алатын мүмкіндігі болуды тәуелсіз мемлекет дейміз.
-Сонымен тәуелсіздік алдық па?
-Ия, қазір біз тәуелсіз мемлекетпіз
-Тәуелсіздік алуға кімдердің еңбегі сіңді?
-Қ.рысқұлбеков, Л. Асанова, С.Мұхамеджанова, Е.Сыпатаев(батырлардың өміріне слайд арқылы шолу жасау)
Көрініс: «Қайрат деген атым бар»
1 минут үнсіздікпен еске алу
Әдеби монтаж: «Тәуелсіз елдің баласы»
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбет әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі
Рәміздерім- елдігімнің белгісі
Білу керек бала дағы ең кіші
Рәміздерім-Әнұран, Ту, Елтаңба
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі
Ұланымын елімнің,
Мен оқушы боламын.
Болам жігіт зор әлі,
Қазақстан жалауын,
Көтеремін жоғары.
Егемен болмай, ел болмас,
Етек жеңі кең болмас.
Терезесі тең болмас,
Енді қазақ кем болмас.
Өтіп едің талай сынақ-азаптан
Атты ақыры азат болып ғажап таң
Егемендік алып, енді теңелген
Егеменді Қазақстан көк туын!
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев тәуелсіздігіміздің келешегі жолында жүзеге асырып жатқан жұмыстарын толық қолдаймыз. «Қазақстан-2050 стратегиясына слайд арқылы шолу»
Рәміз авторлары жайлы слайдпен жұмыс.
Көрініс: «Төле би»
Осы көріністің мазмұнын ашатын нақыл сөздер айтайық.
Бірлік болмай, тірлік болмас
Ынтымақ болмай, іс оңбас
Ынтымақ түбі-бірлік т.б
Хормен: Қазақстан: Туымен тұғырлы
Елтаңбасымен еңселі
Әнұранымен айбатты.
Қорытынды
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |