Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Лепті сөйлем


Лепті сөйлем

Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем


Сабақтың мақсаты:1.Лепті сөйлем туралы  толық түсінік беру және 
                                         өз  беттерінше  сөйлем  құрастыра білуге  
                                        жаттықтыра  түсу.Дауыс ырғағына қарап сөйлем   
                                       түрлерін  ажырата  білуге  үйрету.
                                       2.Мейірімділікке, көтеріңкі көңіл-күй  сыйлай білуге  
                                        тәрбиелеу
3.Байланыстыра  сөйлеу,мәнерлі  жазу машықтарын  жетілдіре  
түсу,әсем жазу арқылы өз еңбегін дұрыс  ұйымдастыра  білуге  
баулу.
Сабақтың көрнекілігі: ребус, тірек сызбалары,дөңгелекшелер, интерактивті тақта, «көңіл-күй тақтасы»,ойынға арналған материалдар
Сабақтың түрі: Жаңа  білімді хабарлау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,  топтастыру,әңгімелеу, салыстыру
Пәнаралық  байланыс: ана  тілі,математика,  дүниетану,  өзін-өзі тану,  музыка.

Сабақтың  жүрісі:

Сабақтың бөлімдері Жасалатын  жұмыстардың мазмұны
Ұйымдастыру  бөлімі Оқушылардың  назарын сабаққа аударып, кітап-құралдарын түгендеу.
Ребус  шешу «Сөйлем»
-Қандай сөз шықты?
-Бұл сөз туралы  не айта аласыңдар?Кім ережесін еске  түсіреді?

 

Дайындық бөлімі *Осы сөйлем  туралы  білімдерін  жүйелеу  үшін  тест  жұмысын  ұсынамын.
-Мен сұрақ  қоямын,  сендер  дөңгелекшелерді  көтеру арқылы  дұрыс  жауапты  таңдайсыңдар.
Тест  жұмысы
1.Сөйлем  неден  тұрады?
А.Сөзден       Ә.Буыннан
2.Сөйлемдегі сөздер қалай  жазылады?
А.Сөйлемдегі сөздер  бөлек  жазылады
Ә.Сөйлемдегі сөздер  бірге  жазылады.
3.Сөйлемнің алғашқы сөзі  қандай әріптен басталып  жазылады?
А.Бас әріптен  басталып  жазылады
Ә.Кіші әріппен  жазылады
4.Сұраққа  жауап алу мақсатында  айтылатын сөйлемнің түрін тап.
А.Сұраулы сөйлем
Ә.Хабарлы сөйлем
5.Сөйлем айтылу  мақсатына  қарай қаншаға  бөлінеді?
А.Үш  түрге    Ә.Екі түрге

(тест  жауаптары тыңдалып, А  жауаптарының  дұрыстығы ескертіледі)

Тренинг жүргізу
-Біз  сөйлем  туралы білімімізді  жүйеледік.Енді бір сәт ойланайықшы.Далаға  шыққанда ең бірінші көзіміз қайда  түседі?
Күнді кейде не басады? Бүгін біз сол бұлттарды тазартып,Күнге де, өзімізге де көтеріңкі көңіл-күй сыйлайық.


        Бұлттардың тапсырмалары:
1.Жаңбыр жауғалы  тұрған сияқты (хабарлы сөйлем)
2.Жаңбыр жаумай ма?(сұраулы сөйлем)
3.Алақай,күн жарқырады! (лепті сөйлем)
-Күнге қатысты  қуанышты  , көтеріңкі сөйлемдер тапқызып айтқызу

 

Жаңа сабақ Қану, ренжу,  өкіну,
Мақсатым соны сездіру.
Ұранды  да  айтамын,
Қарқындап  барып  қайтамын.
Ме н  ылғи да  айғайлай  бермеймін,
Қуана  да, күле де  білемін.
Кейде  өкініп,  ренжісем  де, 
Көбіне көтеріңкі , көңілді жүремін.(Леп белгісі)

-Ендеше, кітаптың 81-бетін ашайық.
-Бүгінгі  танысатынымыз- ЛЕПТІ СӨЙЛЕМ.

Оқулықпен жұмыс 240-жаттығу
Екі оқушы  рольге  бөліп оқиды.
Сөйлем соңындағы  тыныс  белгісіне  назар аударып,
Дауыс ырғағына  мән беру арқылы  лепті сөйлемнің 
көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтынына  назар аударту

ЕРЕЖЕ:
Адамның көңіл-күйін,  сезімін  білдіретін  сөйлемді  лепті сөйлем  дейміз.Олар көтеріңкі  дауыспен  айтылады.Лепті сөйлемнің  соң  леп белгісі (!) қойылады.

Тақтамен  жұмыс
241-жаттығу
1-нұсқа                                           2-нұсқа
Сыныпта  өнерлі                 Мектеп ауласына  әдемі   
  оқушылар көп.                     гүлдер егілген
(Осы сөйлемдерді сұраулы,  лепті сөйлемге айналдыру)

Сурет  бойынша   әңгіме  құрау
244-жаттығу
Мәтінге ат қою.Сөйлемнің  үш түріне бір сөйлемнен айту  
және жазу.
Сергіту сәті «Әрқашан  күн сөнбесін!» өлеңіне  билеу
Өз  бетімен  жұмыс 242-жаттығу
Алақай,  жасасын сөздерін  қатыстырып  сөйлемдер құрастыру.


Бекіту

Ойын «Адасқан сөйлемдер»

-Әкем  шаңғы әкелді.
-Қар  қалың жауды.
-Ауа райы  қандай жақсы!
-Алақай, әкем  шаңғы әкелді!
-Қар  қалың жауды ма?
-Балалар қайда?

Қорыту Үйге  тапсырма  беру, 245-жаттығу
Бағалау
-Қодарыңдағы  дөңгелешелерді қалаған бет-бейненің қалташасына салыңдар.

-сабақ ұнады             -сабақ ұнаған жоқ

Маңғыстау  облысы Ақтау  қаласы
Гимназия сыныптары бар М.Әуезов атындағы  
№20  жалпы  орта білім беру мектебі

Ашық   сабақ
Математика   пәні
3-сынып
«Баға,сан,құн  шамалары»


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Хабарлы сөйлем
Жай сөйлем модулі бойынша қорытынды деңгейлік өздік жұмысы
Сөйлем. Сөйлемнің түрлері
Сұраулы сөйлем
Лепті сөйлем
Бұйрықты сөйлем
Компьютер. Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер
Сөйлем және оның түрлері
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 5380 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык