Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Бала шақтан – болашаққа!» бастауыш класпен қоштасу


«Бала шақтан – болашаққа!» бастауыш класпен қоштасу

«Бала шақтан – болашаққа!» бастауыш класпен қоштасу кеші

 
1-жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар .
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан
Өмір деген үлкен жолда тарландар.
Бүгін, міне ,қоштасады бастауышпен балбұлақ
Әніменен жырына , тарландарым салқұлақ.
Кеше сәби, бүгін, міне, жас ұлан
Лаулап жансың болашағың шамшырақ
 
2-жүргізуші:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар,
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер.
Бүгін ,міне, бастауышпен қоштасады
Азамат боп, кешегі сәби- еркелер.
 
Бірге:Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
 
1-жүргізуші:
Ал бүгінгі мерекеде құрбыларымызға балалық шақтың келесі бір белесіне қадам басып, білім баспалдағына өрлеген сапарларына сәттілік тілейміз.
2-жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем әнмен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай, әсем әндер мен күмбірлеген күйлер адамның көңілін көтеріп, бойға шабыт береді. Келесі кезекті күйге береміз.   _____________________________
 
1-жүргізуші:
Біз бүгін бойымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған, көп нәрсені үйреткен ұстазымызбен қоштасқалы  отырмыз.
 
2-жүргізуші:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Ұйретуден балаға-деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға
Хормен: «Мың алғыс»!
Хор: «Ұстазым»
 
1-оқушы: Есімде Ұстаздың алғаш қарсы алғаны
                 Айқара Есік ашып тастағаны.
 Бір мереке думан боп осы маңда,
                 Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.
                 Енді міне, сағымдай боп өте шықты,
                 Төрт жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.
                 Ұстаз- ана жасады мына бізден 
                 Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.
2-оқушы:Ұстазым ғой әліпбиді үйреткен,
                  Көкейіме көрік беріп гүл еккен.
                  Мені оқытып , өркенімді өсіріп,
                  Жалындатып жанарымды нұр еткен.
3- оқушы:Мейіріммен бізге жайған құшағын,
                   Қуат берді, көкке самғап ұшатын.
                   Өнегеңді өміріме гүл етіп,
                  Арманымды бір өзіңмен құшамын.
1-жүргізуші:Хор: «Қоштасу әні»
2-жүргізуші:Көрініс «Жалқаубек пен Білімбек»
(Жалқаубек пен Білімбек бір- бірімен амандасады )
-Сәлеметсіз бе, Жалқаубек!
-Сәлем, Білімбек!
Білімбек:- Жалқаубек , біз бүгін ? 16 орта мектептің 4 «ә» сынып оқушылары бастауыш мектеппен қоштасқалы отырмыз. Сен қайда жүрсің? Сен де бір ақылыңды неге қоспайсың?
Жалқаубек:- А, қашан? Шынымен айтып тұрмысың? Мен бастауышпен қоштасқым келмейді. Бір мұғалімнің айтқанына әрең шыдап  отырмын.
Жоғары Сыныпта  6 сабақтан 6 мұғалім береді дейді. Ол кісілердің айтқанына көне алмай кетемін бе деп қорқамын.
Білімбек:- Бастауыш сыныпта бір мұғалімнің айқанына әрең шыдап жүрсең, жоғары сыныпта  6 жағыңнан 6 мұғалім білім беріп, тәртіпке шақырғанда , әрең отырмақ түгіл, еріксіз қалай тәртіпті болып кететініңді білмей қаларсың.
Жалқаубек:Мұның жақсы ақыл екен, тырысып көрейін.
Білімбек: Әй, Жалқаубек, қой көп сөзді онан да бастауышта өз тәртібімізді, білімімізді көрсетейік. Келістің ғой, жалқаубек?
Жалқаубек: Келістім. Екуміз одан да бірігіп бір ән салсақ қайтеді?
Білімбек: Өте жақсы. Айтсақ,  айтайық
Ән: «Жалқаубек»
4- оқушы: Шуағы мол жаз күніндей қабағың,
Таң нұрындай, ажарлы ғой жанарың.
Жымиып бір маңдайымнан сипасаң,
                Балбырайды бал-бұл жанып ажарым.
 
5- оқушы: Сол үшінде аяулысың ғаламға,
                  Санамды ашып, күн сыйлаған адамға.
                  Еңбегіңді қастерлейді  бар адам,
                  Ұстаз атың ардақталып қашанда.
1-жүргізуші:
Мұғалім, ғазиз ,мұғалім-
Төгілген арай шуағым.
Арманым қонса қолыма
Арқаң деп сенің ұғамын.
Нұрлыбектің орындауында «Алғашқы ұстазым» әні.
2-жүргізуші:
Өнерліге толы болар ел іші,
Өнердің мол кеніші.
Ер ұландар сахнада, қарсы алыңдар,
«Жастар биі» жаңалықтың жемісі
1-жүргізуші:
Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,
Шәкірттерін сүйген  таза  көңілден.
Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда
Өз соқпағын тапқан мынау өмірден – дей келе өзінің жылы лебізін білдіруге музыка  пәнінің мұғалімі Сражадин ағайды шақырамыз.
6- оқушы: Бастауыштан алдық біз білім нәрін,
                 Бар білімнің жинадық шырын- балын.
                 Бала деген ұстазға тартады екен,
                 Менің осы мектептен ұғынғаным.
Бәрі-бірге: Тәрбиелі білікті
                    Ол- ұстазың сүйікті.
7- оқушы:  Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,
                   Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
                   Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
                   Күліп –ойнап бірімізбен- біріміз.
8-оқушы: Жүрегімде ұстаз берген сабағы ,
                 Өн бойыма тамырланып тарады.
                 Ұмытпаймын, салған жолын, ақылын
                 Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады.
Бәрі бірге: Аңсаттырған биікті,
                    Ол ұстазың сүйікті.
2-жүргізуші:
Бізді болашаққа не бастайды?
Бәрі бірге: Ұстаздың көрсеткен жолы,
                    Ата- ананың ақылы,
                    Болашаққа деген сенім.
1-жүргізуші:
Мектеп, мектеп –ашық жарқын көңілім,
Мектеп, мектеп- шаттық толы өмірім.
Мектеп, мектеп – әнім болып төгілдің,
Мектеп, мектеп- жан анам боп көріндің.
Хор: «Мектеп»
2-жүргізуші:
Біз мектепте білім ала отырып, мектеп, ұстаз, әке , ана, дос, Отан жайлы ұғымдарды санамызға сіңіріп өстік. Егер әр оқушының жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол мұғалімнің еңбегі.
1-жүргізуші:
Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десейші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар сірә!
2-жүргізуші:
Құрметті оқушылар біз осы 4 жылда нені үйрендік?
1-оқушы: Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтуды, би билеуді үйрендік.
2- оқушы: Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды.
3- оқушы: Халқымыздың салт- дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрендік
1-жүргізуші:
Біз неі ажырата аламыз?
4- оқушы: Жақсылық пен жамандықты, ақ пен қараны, арамдық пен адалдықты?
2-жүргізуші:Біз нені сүйеміз?
5- оқушы: Отанды, ата-ананы, халқымызды, жақынымыз бен алысымызды, құрбы –құрдастарымызды, алтын ұя мектебімізді сүйеміз.
1-жүргізуші:Біз кім боламыз?
- Адал азамат, ақылды ару, оқымысты ғалым, елін сүйген ер, нағыз адам боламыз.
2-жүргізуші:
Міне ойға тоқып үйренгені көп оқушыларымыздың ішінде  тілінен бал тамызған ақын  аға – апаларымызға ұқсап баққан жас өрендеріміздің өлеңдеріне кезек берейік...
 /көркем сөз оқу/
1-жүргізуші:
Ақыл-сана берген білім тереңін,
Алғысы көп мектебіне өреннің.
Ұлағатты ұстаздарға сол үшін,
Ұрпақтары көрсетеді өнерін- дей келе оқушыларымызды өз өнерімен ортаға шақырамыз.
( «Сары жез құман-ай» әуенімен)
2-жүргізуші:
Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,
Ұстаз –ғалым толастатпас мәңгі ісін.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.
 
1-оқушы: Мектепті ойлап өткен айы, жыл-күні,
                  Сондықтанда біздің мектеп үлгілі.,
                  Баян апай- дана кісі басшымыз.
                 Тәртіп пенен  мәдениеттің символы .
Мектебіміздің басшысы  Баян Сапарғалиқызына.
 
2- оқушы: Ақылдың кені маздаған,
                  Барлығын біліп барлаған.
                  Тәрбиесін ойлар шәкірттің,
                  Сәния апайдай бар ма адам?
 
3-оқушы:Көңілдері Сарыарқаның даласындай,
                 Көреді шәкірттерді баласындай.
                Аяулы Гүлжамила, Ольга апайлар,
                Бастауыш оқушыларының анасындай.
 
4- оқушы: Санамызда тұрса дағы сан ұғым,
                  Білмеуші едік көп нәрсенің анығын.
                  Тілі менен әдебиетін орыстың,
          Мәулет апай өзіңізден таныдым.
5-оқушы: Жетілдіріп жеткіншектер білімін,
                 Сырын ашқан өзіңді тану ілімнің.
                  Айгүл апай еңбегіңді бағалап,
                  Сізге шексіз алғыс айтар сыныбым.
6-оқушы: Баулыған әрбір өнерді,
                 Сражадин ағай өнерлі.
                 Әсем әннің шебері,
                 Әрбір сөзі мәнерлі
                 Қызықтырып  ән- күйге,
                 Бізді үйретіп келеді.
7-оқушы:Кемшілікті кезінде,
                Кесіп айтар өзіңе.
                 Өнеге мол өзінде,
                Өсиет көп сөзінде.
                 Көңілінің хошын-ай,
                 Көп шәкірттің досындай
                 Болат ағай осындай.
8-оқушы: Бояу сырын үйреткен,
                 Шын көңілмен, жүрекпен.
                Айжан апай керемет,
                 Сабақ берген суреттен.
9-оқушы:  Зор үміт күткен біздерден,
                  Келешек ұлан ұрпақпыз.
                  Самал, Сымбат апайдан алған өнермен,
                  Шыңдарға биік шықпақпыз.
2-жүргізуші:
Мынау өмір арнасымен ағады,
Білімді жан әр кез жолын табады.
Сіздерменен бастауыштар қоштасып,
Көгершіндей самғап қанат қағады.
 
Хор: «Ұстазым»
1-жүргізуші:
Үлкенді сыйлау- қазақ халқының ата- салты.Үлкенді сыйлау ең алдымен әке мен шешені сыйлаудан басталады. Өз басын, ата- анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды сыйлай алмайды.
2-жүргізуші:
Бала ата-анасының ісінен көпті үйреніп қана қоймай, олардың тәрбиесін де бойға сіңіре білу- әр баланың парызы. Сондықтан, төрт жыл бойы оқығанда ата- ананың да еңбегі зор.
Жүздеріңнен көркем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын, ата-ана,
Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын!
 
Бәрі бірге: Ата-ана , сіздерге мың рахмет!
Ән:  «Апатайым анашым»
1-жүргізуші:
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Бастауыштың  шырқатып соңғы әнін,
Бастауыштың билейміз соңғы биін.
            (Бітірушілер вальсі)
2-жүргізуші:
Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар
1-жүргізуші:
Абзал жан бар биік тұлға байсалды, 
Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.
Бүгігідей салтанатты шақта бір,
Құттықтайды мектеп басшысы баршаңды.
Құттықтау сөз кезегі мектеп басшысы Баян Сапарғалиқызына беріледі./ Ата –анаға сөз беру/
Ақыл айтса салмақты,
Ашуы да бар қатты.
Алайда ол басқадан
Абыройлы атақты
Біздің класс жетекшімізді ортаға шақырамыз.
(Мұғалім сөз сөйлейді)
 
Бәрі бірге : Ұстаз деген ұлы атты сыйлаймыз,
                     Жақсы әдетті сол жандардан жинаймыз.
                     Болашаққа ұмтыламыз үмітпен,
                    Әйтсе де әлі бастауышты қимаймыз.
 
(Медеудің  тақпағы)
 
1-жүргізуші:
Көрмеген артық күліп, артық жүріп,
Шәкірттеріңізді тәрбиеледіңіз тәртіпті ғып.
Бойлаттың тереңіне бар ғылымның,
Адал бол, әдепті бол, ақылды бол,
Деуші едің, сабырменен күлімсіреп
Дей келе ұстазымызға мың алғыс!
 
2-жүргізуші:
Азаматы болсын деп саналы елдің,
Кілтін бердің білімнің, сап өнердің.
Қимай-қимай біздерді аяулы ұстаз,
Ақ жол тілеп, қол бұлғап қала бердің.
 
Осымен «Бала шақтан болашаққа» атты бастауыш сыныппен қоштасу ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!
СОҢ

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қош бастауыш
Бастауышпен қоштасу.
​Бастауышым - балбұлағым.
Аттанайық, бала шақтан болашаққа
Бастауышпен қоштасу
МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІ
Біз мектепке барамыз
«Бала шақтан – болашаққа!» бастауыш класпен қоштасу кеші
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
Mектепалды даярлық тобының қоштасу кеші
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 6289 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык