Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 11744 |
|
|
|
Оқытудағы Кембридж бағдарламасы
«Оқытудағы Кембридж бағдарламасы»
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады деген екен.
Ал XXI ғ. нағыз ұстазы қандай болмақ, кәзіргі заманда Егеменді еліміз тәуелсіз жеріміздің болашағы жас өсіп келе жатқан ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс тәсілдер қолдануда. Қәзіргі таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніміз мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз.
Егеменді еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар иесі - бүгінгі жас ұрпақ. Егеменді еліміздің еңсесі енді көтеріліп , тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін - әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді.Қазіргі кезде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туғызады. Осыған орай биылғы жылдың қыркүйек айында ҚР жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсына қатысып, білім берудегі Кембридж тәсілі бойынша бағдарлама туралы білім алдым.
Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны 7 модуль түрінде берілген:
1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4) Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5) Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7) Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Бізге ұсынылып отырған осы курстың негізгі бағдарламасы - мұғалімнің білім беруі мен оқытудағы әдістерін өзгертудегі жаңа бастама, яғни бұл бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясының негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлануын дамытуда олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген.
Практика барысында Кембридж бағдарламасы бойынша білім алған мұғалімдер орыс және қазақ тіліндегі бастауыш сыныптарына осы жеті модуль бойынша дәстүрлі сабақ беру әдісін мүлдем өзгерттік. Осы мақсатты алға қойып, өз тәжірибелеріміздеоқытуды жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабақтарымызды түрлендіріп өткізуге тырыстық. Ең алдымен бұрын сабақ жоспарланған кезде, өзіміз үшін жаздық, ал енді оқушылардың даму деңгейін, жас ерекшелігін ескере отырып, оларға бейімдеп жазамыз. Әдеттегідей мақсат пен міндет белгілеп алған соң, мынадай аспектілерге назар аудардық:
*Біз үшін сабақтан күтілетін оқу нәтижесі,
*сабақтың негізгі идеясын анықтау,
*оқушыдан күтілетін нәтиже,
*сабақтың маңыздылығы.
*- Бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
*-өмірден алған тәжірибесінің әсері?
*-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?
*қызығушылығын арттыру үшін қандай іс-әрекет қолдану керекпін?
*Өздері өздерін бағалай алама?
Деген сұрақтар туа бастады. Бұл сұрақтардың бәріне жауап беру үшін, көп еңбектену керек болды. Бастапқы кезде өте қиын болды. Жоспар құрған кезде ең түйінді мәселені табуда қиналдық.Әрбір сабаққа жоспар құрар алдында алдымен ойланып алдық: « Біздің оқушыларымыз не істей алады?»-деген сұрақтар мазалады.. Сабақ жоспарын оқушылардың өз беттерімен меңгеруіне ыңғайлы етіп және олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрдық.Тәжірибе барысында алғашқы өткізілген сабақтарымыз оқушыларыммен көп уақыт жұмыс жасауға тура келді. Сабақ кезінде берілген тапсырмаларды орындаған кезде көп дайындықты талап етті, уақыттан ұтылып қалдық. Бірақ күнделікті сабақта жаңа әдіс- тәсілдерді қолданудың нәтижесінде оқушыларымыздың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын байқадық. Оқушыларымыз алғашқы сабақтардағыдай емес, сыныпта өз белсенділіктерін көрсете бастады. Бұдан байқағанымыз оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда осы әдіс-тәсілдердің маңызы ерекше екендігіне көзіміз жетті. Олай дейтініміз бұл әдістер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді.Әр сабақты бастамас бұрын сыныпқа келгеннен кейін оқушыларды топқа бөліп отырдық. Қызығушылықтарын ояту мәселесін ойластырып отырдық: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануына түрткі болатындай логикалық тапсырмалар, сурет пен ұлы адамдардың сөздерін пайдаландық. Егер оқушының қызығушылығы оянса, онда ол сабаққа белсенді қатысады. Осы кезеңде АКТ ны пайдаланып отырдық. Оның тиімділігі: әрі көлемді, әрі қызықты болып көрінеді. Тапсырмалардың бәрін айтпай-ақ тақтаға жазып қойса, уақыт үнемдеуге көмектеседі және мұғалімге аз сөйлеуге мүмкіндік береді. Мысалға сабақтарымызда жаңа сабақты меңгерту кезінде оқушыларға интерактивті тақтадан әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындату арқылы , оқушылардың сыни тұрғыда ойлауға үйрету мақсатында төменгі және жоғарғы дәрежедегі сұрақтар бердік. Оқушылардың пікірлерін тыңдай отырып жаңа сабақтың мақсатын қойғыздық. Сабағымызда оқушылардың ойын қозғау үшін тақырыпқа сай әр түрлі жағдаяттарды тыңдату арқылы оқушыларға ой тастадық. Оқушылар берілген тапсырма бойынша әр түрлі өздерінің болжауын айта отырып өз пікірлерін ортаға салды. Осы жерде оқушылардың сыни ойлауын, есте сақтау қабілетінің, сөйлеу тілінің, сөздік қорының қаншалықты деңгейде екенін байқадық.Жаңа тақырыппен танысқан кезде жигсо әдісін қолдандық.Бұл әдісті қолдану барысында оқушылар мәтінмен толық танысты, топтағы жолдастарымен пікірлесті, содан соң ойларын қорытып, ортаға салды. Ақпараттарды бір-бірімен салыстырды, нәтижесін шығаруға тырысып бақтыМағынаны тану барысында мәтінмен жұмыс жасағанда сын тұрғысынан ойлауға үйрету жобасының стратегияларын пайдаландық. Бұрын тапсырманы жалпы сыныпқа берсек, енді қазір мәтінді топтарға бөліп, бірін бірі үйрететін, біріне бірі ықпал жасайтын жағдай жасадық. Топтық жұмыс барысында оқушы алдымен жеке жұмыс жасайды.Бұнда өзімен өзі диалог жасайды. Содан кейін жұппен, топта талқылайды. Осы іс-әрекет барысында оқушылар өз ойларын еркін айтады, қысылмайды. Әсіресе Олар шағын топта пікірталастарға қатысып, топ ішіндегі тапсырмаларға біртіндеп тартылады: сурет салу, өздерінің жобаларын қағазға түсіріп таныстырылым және оны топ болып қорғау жұмыстары.Бұл кездері оқушыларымның бойындағы неге қабілетті екенін байқадық. Сабақ барысында үндемейтін оқушылар көп белсенділік таныта қоймайтын , бірақ осындай оқушылар топта таныстырылым салу кезінде сурет салу қабілетінің жақсы деңгейде екенін көрдік. Ой толғау кезінде тақырып бойынша эссе жазу барысында сыныптағы көптеген оқушылардың өлең шығару қабілеті бар екенін байқадық. Осының нәтижесінде сабақ үстінде талантты мен дарынды оқушылармен жұмысқа да көңіл бөлетін болдық. Оларға деңгейлік тапсырмаларды бере отырып шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағыттайтын тапсырмалар дайындадық. Жалпы сыныптағы топтар белгілі бір тапсырма орындағанда, ол оқушыларға бөлек тапсырма беріп отырса, олардың сабаққа деген ынталары одан да жоғарылай түседі. Сабақ соңында бұрын барлығын қорытындылап оқушылардың білімін тек өзім бағалап жүрдік. Ал енді бағалаудың сабақ үстінде формативті мен суммативті бағалау түрлерін қолданатын болдық. Бағалауға оқушыларды да қатыстырылды. Топтық жұмыс барысында оқушыларға бағалау парағы беріледі де, олар бірінші өзіне, содан кейін топтағы басқа мүшелерге баға береді. Баға қойған уақытта олардың топтағы жұмысқа қаншалықты белсенді қатысқанын, ортаға салған жаңа идеяларын ескереді. Сондықтан да оқушылар бағалағанда бір біріне «екі жұлдыз –бір тілек», «үш шапалақ» арқылы өзара бағалап, әділ баға қоя білді. Ол бағаға өзіміздің жиынтық бағалауымызбен бағалап отырдық. Барлық сабақтарымыздың қалай өткенін бақылау үшін оларға үнемі «ой толғау» қағаздарын толтырып отыруын өтіндік. Ой толғау қағаздарын саралап отырғанымызда, оқушылар бұл сабақтың алдыңғы сабақтардан ерекшелігін, өздерін еркін сезінгендіктерін, сабаққа ынтасының оянғанын баса айтып жазбаша түрде өз ойларын білдіріп отырды.Соныменқатар осы бағдарлама бойынша бастауыш сыныпқа сабақ беру кезінде кемшіліктердің көрініс беріпкеткеніне тоқталғымыз келеді. Уақыттың жетіспеушілігі оқушыларымыздыңда біздің де кей сабақты( барлықсабақтарда емес) толық талдауымызға мүмкіндік бермей қалғандайболды.Бірақ, бұл келеңсіздіктер уақыт өте келе шешімін табамыз. Алдағы іс тәжірибиелерімде сыни ойлауға итермелейтін тапсырмалардың қатарын көбейте түсіпжәне балаларды дамыта түсу үшін өзімді де үнемі ізденіс үстінде болатыныма сенімдімін.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |