Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сұраулы сөйлем ашық сабақ


Сұраулы сөйлем ашық сабақ

Сұраулы сөйлем

Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем ашық сабақ
Сабақтың мақсаты:
 
  • Білімділік: Оқушыларға сұраулы сөйлем және оның жасалу жолдары мен оның интонациясы туралы лингвистикалық білім беру.
  • Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
  • Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
 
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет.
 
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
  1. Оқушылармен сәлемдесу.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
  3. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  4. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау
 
Сыныпты түймедақ гүлінің жапырақшаларын таңдап алу  арқылы IV топқа бөлу. ("Жауқазын" тобы,"Шынар" тобы, "Ақ қайың" тобы, "Табиғат" тобы.)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
 
1. Синтаксис дегеніміз не?
2. Сөйлем дегеніміз не?
3. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай неше түрі бар?
4. Хабарлы сөйлем туралы түсінік.
5.  33- жаттығу.
 
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
 Оқушылардың жылдамдық реакциясын дамыту.
 Төменде берілген сөздердің екінші әріптерін бірімен-бірін байланыстырып жылдам оқыту арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау.
Сөздер жиынтығы
Ес, құлын, арман, қалам, су, алма,жыл, ас, көйлек, ойлан, үлкен, терек, емен. (Сұраулы сөйлем)
Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты білдіреді. Бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты негізгі сұрақ дейміз.
 
Мысалы: Сен тамақ іштіңбе? Үйде кім бар?
 
Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен (Қашан?Кім? Қанша? Қайда? Неге?Кімде? т.б.) және ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалады.
Негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша ойға байланысты туған сұрақты жетек сұрақ дейміз.
Мысалы:
  1. - Кеште кімдер өлең айтты?
  2. - Ұлдар өлең айтты.
  3. - Қыздар ше?
Жетек сұрақтар толымсыз болып құралады, көбіне тек сұрақ мағыналы сөзден ғана тұрады. Жетек сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады.
Екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты анықтауыш сұрақ дейміз.
Мысалы:
- Бұл кісілер  қай жердікі?
- Жетісудікі?
- Иә, Жетісудікі.
Анықтауыш сұрақ сұрау интонациясы арқылы жасалады. Сұраулы сөйлемдерден соң сұрау белгісі қойылады. Сұраулы сөйлемнің өзіне тән интонациясы болады: бас жағы көтеріңкі айтылып, соңғы жағы онша бәсеңдемей, көтеріңкі қалыппен тынады.
 
ІV  .Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс. 37-жаттығу
1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсіну.
2. Мәтін мазмұны бойынша негізгі, жетек, анықтауыш сұрақты қатыстырып сұрақ дайындау. (4 топқа он минут уақыт беріліп, әрбір құраған сөйлемдеріне бір ұпайдан беріледі.)
 
2. Адасқан сөздер.
Слайдта көрсетілген адасқан сөздердің орнын табу.
Қазақстан, медальға, қай, олимпиадасында, 20 жылдығы, Тәуелсіздіктің, рәміздері, жылы, Лондон, жеткіздік? қол, Республикасының, қанша мемлекеттік, тойланды? қабылданды? жылы, қай.
(Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қай жылы тойланды? Лондон олимпиадасында қанша медальға қол жеткіздік? Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қай жылы қабылданды?)
Тапсырмаға 5 минут уақыт беріліп, әрбір дұрыс құраған сөйлемге бір ұпайдан беріледі.
3. Шығармашылық жұмыс.
  • Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
  • Сабақтың тақырыбын түсіне алдық па?
( Сұраққа өлең шумақтарымен жауап беру керек) 10 мин.
 
V. Қорытынды:
Алған әсеріңіз қандай?
Алған әсерлерін слайдта көрсетілген көңіл-күй арқылы  сурет етіп салу.
 
VI. Бағалау: Әр топ ұпай санына байланысты алған түймедақ жапырақшаларын орнына орнатып, шыққан гүлдің нәтижесін көрсетеді. Қай топтың жапырақшасының саны  көп болса, сол топ жеңіске жетеді.
VII . Үй тапсырмасын беру.
  1. Сұраулы сөйлем.
  2. "Мен қандай баламын?" тақырыбында эссе жазып келу

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жай сөйлем модулі бойынша қорытынды деңгейлік өздік жұмысы
Сөйлем. Сөйлемнің түрлері
Сұраулы сөйлем
Лепті сөйлем
Бұйрықты сөйлем
Компьютер. Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер
Қазақ тілі 8 сынып
Сөйлем және оның түрлері
Лепті сөйлем
Сұраулы сөйлем
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 18851 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык