Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 21680 |
|
|
|
Кім тапқыр? математикалық сайыс
«Кім тапқыр?» атты математикалық сайыс ойынының жоспары
Тақырыбы: «Кім тапқыр?»
Мақсаты: оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру,
танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту
Көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаев сөздері жазылған плакаттар
Өтілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу
Б) жүргізуші сайлап алу
В) Әділқазылар алқасын белгілеу
Г) Екі топтың сәлемдесуі, ұрандары.
«Достар» тобы: Достар тобы алға!!!
Қарсыластан қалма
Биіктерге самға
Достар тобы алға.
«Болашақ» тобы: Болашақты біз бастаймыз
Қиындықты артқа тастаймыз.
Әрқашан жеңіске ұмтылып
Достарды жеңіп тастаймыз.
2. Жүргізуші жұмысы:
А) І-тур (жүргізушінің сұрағына жауап беру)
Б) ІІ-тур (екі топтың бір-біріне сұрақтары)
В) ІІІ-тур (тақтада көрсетілген сұрақтарға кезекпен жауап беру)
3. Сайыс қорытындысы
А) Әділқазылар алқасының пікірлері (марапаттау)
В) жүргізушінің сайыстың аяқталғанын хабарлау.
«Тәуелсіз ел тірегі-білімді, өнегелі, дарынды ұрпақ»
«Ұлттың бәсекелестік қабілеті-бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен анықталады»
Н.Ә.Назарбаев
Сабақтың тақырыбы: «Кім тапқыр»
Құрметті оқушылар! Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыс апталығы жүріп жатыр, соған байланысты «Кім тапқыр?» атты математикалық сайыс ойынын ашық деп жариялаймын.
Осы сайысты әрі қарай жалғастыруға жүргізуші салай аламыз. Оған ___________________________ кандидатурасын ұсынамын. Қарсылық жоқпа? Әділқазылар алқасын да сайлап аламыз.
1. ____________________________
2. ____________________________
3. ____________________________
Жүргізуші: Қане балалар қараңдар,
Біз биікке самғайық,
Математика ғылымын,
Ғаламшарда шарлайық.
Бәріңіз де ат салыс,
Ешкім қалыс қалмасын,
Кім біледі, кім ойшыл.
Білімді де барлайық деп
Сайысымыздың бірінші турын бастайық. Ойын шарты бойынша екі топқа бөліп, қатысушыларды орындарына орналастырамыз. 10 сұрақ екі топқа кезекпен қояды.
1. Шектелген түзу? (кесінді)
2. Нәрселерді санағанда, керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы бұл қандай сан?
Жап-жығыңа қарамай (натурал сан)
3. Бір мезгілде 2 ауылдан бір-біріне қарама –қарсы 2 жолаушы шықты. Бірінің жылдамдығы 3км/сағ, екіншісінің жылдамдығы 4 км/сағ. Олар 3 сағаттан кейін кездесті. Екі ауылдың ара қашықтығы қандай? (21 км)
4. Қосарланып жегілген ат арбамен Самат 8 шақырым жол жүрді, оның әр аты неше шақырым жол жүрді. (8 км)
5. Қағазға екі таңбалы сан жазылған. Қағазды төңкергенде ол сан 75-ке азайады. Бұл қандай сан? (91)
1. Ұзындығы 5 см, ені 2 см тік төртбұрыштың периметрін және ауданын тап?
(14 см 10см2)
2. Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді,
Көңілге армандаған қона бермейді.
Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін
Қандай сан бар, балалар пікір демейді (бөлшек сан)
3. Евклид геометриясы туралы және тағы басқа көптеген еңбек жазған, Сырдария
бойында дүниеге келген данышпан, ойшыл ғалым кім? (Әл-Фараби)
4. Дастархан басында 2 әке 2 бала отыр. Олар 3 алманы тең бөліп жеді. Әрқайсысы
неше алма жеді. (1)
5. Позициялық системада аса маңызды рөль атқаратын сан. (0)
Математика патшасы ғылымдардың,
Бастан кешкен талай ғасыр ағымдарын,
Сан құпия сырымен өрнектелген,
Бүгінгі кеш тарту етер сан сырларын, - дей келе сайысымыздың 2 –турына да келіп жеттік.
1. Нүктелер қалай белгіленеді? 1.Түзулерді қалай белгіленеді?
(үлкен латын әрпі)(кіші латын әрпі)
2. Қандай бұрыштар сыбайлас?2. Қандай бұрыштар Вертикаль
(бір қаб. ортақ, екіншісі бір-бірін толықтырады) (қиылысқан екі түзуде пайда болады.)
3. Вертикаль бұрыштар өзара қандай? 3. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы неге тең?
(тең) (180°)
4. Тең қабарғалы үшбұрыш? 4.Тең бүйірлі үшбұрыш?
(үш қабырғасы тең) (екі қабырғасы тең)
5. Ешқандай арифметикалық амал 5. Біртаңбалы санға дәл сондай санды
қолданбай 666 саны біржарым есе арттыр? тіркеп жазса неше есе өседі?
(төңкергенде 999 шығады) (11 есе)
6.Бөліндіде 4 шығу үшін 2 санын 6.Қандай жағдайда бөлінгіш пен
қандай санға бөлу керек? бөлінді тең болады?
(1/2-ге)(1-ге бөлгенде)
7.4тенге =40 000 тиын 7. 4:4=5:5
2 тенге=200 тиын квадраттасақ4(1:1)=5(1:1)
4 тен=40 000 тиын4*1=5*1
(ақшаны квадраттағанда мәні болмайды)4=5; 2*2=5
(жақша сыртына шығару дұрыс емес)
Жүргізуші: Шындықты алғаш таратқан,
Жыл, күніңді санатқан,
Тауып ғажап жаңалық,
Жоқтан барды жаратқан
Есеп емей немене?
Білмегенді білгізген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып,
Пайдасын елге тигізген
Есеп емей немене? - деп сайыстың ІІІ – турын бастайық.
Жауап беру ұпайы аз топтан басталады.
1. Үш санына байланысты мыналарды ата
а) Үш жұрт; (өз, шағашы, қайын) б) Үш арсыз. (ұйқы, тамақ, күлкі)
2. Мақалдарды жалғастыр
а) Үш қайнаса ..... сорпасы қосылмайды.
б) Үш ұйықтаса ..... түсіне кірмейді
в) Ер кезегі ....... үшке дейін
3. Мақал – мәтелдің құрамындағы санды табыңдар.
а) ..1.. құмалақ, ..1... қарын майды шірітер.
ә) ..50... жылда ел жаңа
б) ..100.. сомың болғанша, ..100.... досың болсын.
в) Бір тал кессең, ... тал ек.
г) Білекті ..бірді.... жығар, білімді .мыңды.. жығар.
ғ) Жігітке ..7.. өнер де аз.
Әділқазылар сайыстың қорытындысын шығарып, жариялайды. Өздерінің ой-пікірлерін айтады.
Жүргізуші:
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.
Ақыл –ойнар әлемді өрбеп алды.
Математика ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса
Омар Хайам, Әл-Фараби жолын қуса
Елімнің болашағы гүлденеді
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса – деп осымен «Кім тапқыр» атты математикалық сайыс ойынымызды аяқтаймыз. Барлығыңа көп-көп рахмет, сау-саламат болыңыздар.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |