Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » "Тапқыр болсаң – талас жоқ" атты сайыс


"Тапқыр болсаң – талас жоқ" атты сайыс

"Тапқыр болсаң – талас жоқ" атты сайыс

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру; тапқырлыққа, есепқұмарлыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
 
Ойын барысы:
       Мұғалімнің кіріспе сөзі. Сабақ мақсатымен, оның өткізу түрімен, ойын                 шарттарымен, ойынға қатысушылармен  таныстыру.
       - Ауыздан-ауызға таратылып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың ауызша есептері бүгінгі заманымызда да өңін түсірген жоқ. Бұл есептер логикалық  шымырлығымен, ой ұшқырлығымен, қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Оларды  шығаруда негізінен адамның жас  ерекшеліктері емес, ең негізгі – адам ойының ұшқырлығы  ескеріледі. Бүгінгі ойынымызға 7а,б-сыныптар шақырылып отыр. 
     Бөлімдері:
1. “Ойланып есептейік”
2. “Ойлы болсаң озып көр”
3. “Жорға”
1. “Ойланып есептейік”
      1. Сауыр-сауыр құм етегін жайлаған ауылдың Қали есімді аңшы жігіті қыс бойы қоян, түлкі, елік аулап, әр жолы олжалы оралып жүреді. Ол аңнан қайтқан кезде ауылдастары  алдынан шығып, шыралғы сұрауды дағды етіп алады. «Батырдан – олжа, аңшыдан –  шыралғы» сұрау салтын қатаң сақтайтын жігіт мырзалығымен сыйлы да, сияпатты болады.
      Қалың қарлы күнгі кешкілікте ол үйіне оралады. Алдынан шығып, атынан ұстаған әке қанжығадағы қояндарды көріп, азырқанып қалады.   
      - Балам, бүгін тазыңның аузы салымды болмапты ғой, - дейді.
      - Тазыда кінә жоқ, әке. Ол көп-ақ ұстады. 
      - Онда жол-жөнекей шыралғыны көп берген екенсің.
      - Әуелгі сұрағанға – әр жетінің бірін, одан кейінгісіне – қалған қояндардың әр алтысының бірін, одан кейінгіге – әр бестің бірін, одан кейінгіге – әр төрттің бірін беріп келдім...
      Әкесі қанжығадағы 3 қоянды шешіп алып, сәл ойланып қалады. 
      - Барлығы қанша қоян ұсталғанын, төрт адамға қанша шыралғы бергеніңді енді білдім, балам. 
      Аңшы жігіт қанша қоян ұстаған, оның қаншасын шыралғыға берген?
      Жауабы: Аңшы жігіт 4 адамның әрқайсысына 1 қояннан шыралғы берген. Барлық ұстағаны 7 қоян, одан шыралғыға бергені 4 қоян. 
      2. 2 бөлмеде 76 адам болған, олардың біреуінен 30 адам, екіншісінен 40 адам шығып кеткенде бөлмелердегі адамдардың саны тең болды. Алғашқыда әр бөлмеде неше адам болған?
      Жауабы: 33 адам және 43 адам.
      3. Тырналар әдетте топпен ұшқанда үшбұрыш жасап ұшады: алдында бір тырна, екінші қатарда екеу, үшінші қатарда үшеу, тағы да сол сияқты. Егер соңғы қатарда 15 тырна ұшып бара жатса, тырналар тобында барлығы неше тырна ұшып барады?
      Жауабы: 120 тырна.
      4. Ақыртас ғимаратының үнсіз, тілсіз жатқанына талай-талай ғасыр болды. Бірақ сол ғимараттың ірге тасын қалаған Александр есімді алып жігіт туралы әлі де көп әңгімеленеді. Атан түйе тарта алмайтын ауыр тасты арқан бойын жерге лақтырып жіберетін алып жігіт күндердің күнінде Түйме есімді ару қызға ғашық болып қалады. Бірақ сүйген қызына қосыла алмаған жігіт қатты күйіктен, бері жүр десе әрі жүретін, отыр десе тұратын, кел десе келмейтін, келме десе келетін кеселге душар болады. Сол заманда Тараз шаһарының іргесіндегі Талас өзені тасып, халық әбігершілікке түседі. Шаһар әкімі «Тасқынды Алаңғасар алып қана тоқтата алады», – деп оған адам жібереді. «Алып маған келмесін, қолына кетпен алмасын, таласқа тоған байлап, көпір салмасын», – деп сәлем айтады әкім. 
Арнайы жіберілген адам Алаңғасарға сәлемдемені сол күйінде айтады. Теріс айтылған сөздің оңына тақ тұратын алып қолына кетпенін алып, жол серігімен Таразға қарай жол шегеді. 12 шақырым жүрген кезде қарсы жолыққан біреу оған: «Әкім тез келсін деп жатыр», – дейді. Алып кілт артқа бұрылып жүріп кетеді. Серігі оны 2 шақырым жерде қуып жетеді де, «Әкім келмесін деген», - дейді. Ол шаһарға қайта беттеп, 20 шақырым жүргенде алдынан  кездескен тағы біреу «Әкім келсін деді», - дейді. Алып кілт бұрылып, 5 шақырым артқа тартып кетеді. Жол серігі қуып жетіп, «келмесін» деген сөзді қайталап айтады. Енді алып серігімен 15 шақырым жер жүріп, шаһар әкіміне келеді. 
      - Алып ұзақ жүріп, кешігіп келді ғой, қанша шақырым жол жүрді екен? – депті әкім төңірегінде отырғандарға.
      Екі қаланың арасы қанша шақырым? Алаңғасар алып қанша шақырым жол жүрген?
      Жауабы: Екі қаланың арасы 40 шақырым, Алаңғасар алып әрлі-берлі 54 шақырым жүрген. 
      5. Алқа-қотан отырған төрт-бес ауылдың адамдары айнала төңірегін алыстан шолып отыру үшін биіктігі арқан бойы мұнара тұрғызуға кіріседі. Бес-алты жігіт кірпіш күйдіретін құмнан сала бастайды. Тағы бір тобы отын дайындайды. Үш жігіт балшық илеуге бөлінеді. Ауыр жұмысты жеңілдету үшін сол үш жігіт үй орнындай жердің бетін тегістеп, оның қақ ортасына ұзын да жуан бағананы қағып орнықтырады. Көл-көсір балшықты бір түн бөктіріп қояды. Келесі күні таңертең үш жігіттің әрқайсысы қорадағы көп өгізден бір-бір өгіз жетектеп келіп, оларды мойынтұрыққа қосақтайды да, бағананы айналдыра қуып айдайды. Саз балшық қамырдай иленеді. Түске жақын ауыр жұмыстан әбден титықтаған өгіздер мойынтұрықтан босатылады. Оларға қарап тұрып, үш жігіт қай өгіздің жұмысы ауыр болғанын әңгіме етеді. 
      - Жұмыстың ең ауыры менің өгізіме тиді, - дейді кәрі өгіздің иесі, - ол бағанды әр айналғанда 12 адымнан жасады. 
      - Бекер ренжіп отырсың, - дейді оған ортадағы дөнен өгіздің иесі, - сенің өгізің 2 аттағанда менікі 3 аттады, ал менің өгізім 3 аттағанда мына інішектің өгізі төрт аттап отырды. 
      - Дұрыс айттыңыз. Сонда үшеуі жұп жазбай бағанды 100 рет айналғанда әр өгіз қанша адымнан жүрді екен? – деп сұрапты шеткі құнан өгіздің иесі. 
      Жауабы: Бағанды бір айналғанда кәрі өгіз – 12 рет, ортадағы өгіз – 18 рет, шеткі құнан өгіз – 24 рет аттайды.
      6. Бір шаһарда қылжақбас саудагер болыпты. Оның базарға әкелген бидайы, тарысы, арпасы мен ұны – бәрі қас пен көздің арасында сатылып кетеді екен. 
      Бір күні ол базарға салмағы бірдей 2 қап астық, 1 қап бидай, 1 қап тары әкеліп түсіреді. Таразысын әзірлеп алғаннан кейін жан-жағына жар салады. «Бұрын келгеніңе – көп, кейінгіге – кем беремін», - дейді. Оның даусын естігендер біртіндеп келіп, сәлден кейін көбейіп кетеді. Саудагер келгендерді санап шығады да:
      Жаңағы айтқан уәдем бойынша бірінші адамға 10 қадақ бидай, одан кейінгі әр адамға 1 қадақтан кемітіп сата беремін. Ең соңғы адамға бір қадақ қана бидай тиеді, - дейді.  
      - Жарайды, - деп алымсақтар дорбасын, қоржынын дайындай бастайды. Бір адамның арасында қап түбінде бір қадақ қана бидай қалады. Ең соңғы бір қадақ бидайды алған адам сатушыға өкпелі болып қалғанын айтады. «Екінші қаптағы тарыңыздан көбірек алайын», - деп өтінеді. 
      Қылжықбас бидай сатып алғандарды қайта шақырады. «Жаңағы реттеріңізбен тізіліп тұрыңыздар. Бұл жолы бірінші адамға бір қадақ, одан кейінгіге – 2, одан соңғыға – 3, сөйтіп ең соңғы адамға – 10 қадақ тары сатылады», - дейді. 
      Өзінің айтуы бойынша Қылжықбас тарысын сатып шығады. Келгендердің бәрі тарысы мен бидайын қосқанда тең мөлшерде астық алып қайтады. 
      Бүгін Қылжықбас барлығы қанша бидай, қанша қадақ тары сатты? Әр адамға неше қадақ бидай, неше қадақ тары тиді екен? – депті сонда мұны естіген бір адам. 
      Жауабы: Қылжықбас 10 адамның әрқайсысына екі реттен сауда жасап, барлығы 55 қадақ бидай, 55 қадақ тары сатқан. Әр адам бидай мен тарыны қосқанда 11 қадақтан астық алған (10 қадақ бидай алған адам – 1 қадақ тары, 1 қадақ бидай алған адам – 10 қадақ тары, т.с.с.).
      7. Ауыл мектебінде қанша ер бала болса, сонша қыз бала оқиды. Бір күні мұғалім мектепке 234 жаңғақ алып келеді де, әр ер балаға бес-бестен, әр қыз балаға 4 жаңғақтан бөліп береді. Бірақ мұндай бөліске қыздар реніш білдіреді. Сондықтан да мұғалімге бәрі бірдей мөлшерде алатындай (алты-алтыдан) қосымша жаңғақ әкелуге тура келді. Мұғалім екінші жолы қанша жаңғақ әкелген?
      Жауабы: 78 жаңғақ қосымша әкелген. 
      8. Бір аңшы қартайған шағында қақпанын баласына тапсырады. 
      - Мына үш қақпан мені қырық жыл асырады, - дейді ол ұлына. 
      - Бұл үшеуі сенің балаңның баласын да аш қалдырмайды. 
      - Жарайды, көке, - деп бала үш қақпанды, сонша темір қазықты, әрқайсысы бір құлаш келетін шынжырды қабылдап алады. 
      Бала тұтасқан қалың шеңгелдің ішіне қақпандарын құрып, бетін шөп-шаламмен жауып қайтып келеді. Келесі күні таңертең үш қақпанның біреуіне ғана қоян түседі. Оны алады да, қақпандарды қайта құрып кетеді. 
      - Екі күнде әкелгенің екі қоян, жерден жеті қоян тапқандай қуанасың, балам..., - дейді әке бала тіршілігіне көңілі тоймай. 
      - Қалайша, көке, бір қақпанға екі қоян түссе де жеті қоян болмайды ғой, - дейді бала әке сөзіне таңданып.
      Әкесі сол күнгі түнде қақпанды өзі құрып, жиырма бір қоян ұстап әкеледі. Бала қоян санын үш қақпанға бөліп, «әрқайсысына жеті қоян түскеніне» қайран қалады. 
      - Олай емес ... Екінші қақпанға – бірінші қақпаннан 2 қоян көп, ал үшіншісіне қарағанда 2 қоян кем түсті, - дейді әкесі. 
      «Қай қақпанға қанша қоян түсті екен?» - деп бала ойланып қалады.
      Жауабы: Бірінші қақпанға – 5 қоян, екіншісіне – 7 қоян, үшіншіге – 9 қоян түскен. 
      9. Тәттібек дейтін кісі меймандос адам екен. Бір күні оның үйіне бір топ қонақ келеді. Үй иесі оларды жылы шыраймен қабылдап, төріне шығарады. Дастарқан жайылады. Шайдан кейін қазанға ет салынады. 
      Тамақ пісіп, табақ тартылар шақта үй иесі меймандарын көзбен шолып шығады да, сәл ойланып қалады. Ошақ басында жүрген жұбайына келіп:
      - Екеуі ара бір табақ тартсақ, онда бір табақ ет жетпей қалады, үшеуі ара бір табақ қойсақ, бір табақ  қалады.
      Бұл үйдің меймандары қанша, үйде бар табақ саны қанша?
      Жауабы: Адам саны – 12, табақ саны – 5
2. “Ойлы болсаң озып көр”
 
      1. Екі таңбалы санның 1 цифрін сызып тастағанда алғашқы саннан 31 есе кіші сан шығады. Қандай санның қай цифрін сызып тастау керек?
      Шешуі: 31 62 93
       1 2 3
      Жауабы: 31; 62 немесе 93 санының бірінші цифрін сызып тастау керек. 
 
      2. 5 алма бар. Келген бала алтау. Осы бес алманы алты балаға тең етіп бөліп беру керек.
      Бірақ ешбір алманы 6 бөлікке, не одан көп бөлікке бөлуге болмайды. 
      Жауабы: 
 
      3. Жиені ағасынан сұрады: 
            - Сіз неше жастасыз?
            Ағайы былай дейді:
      - Егер менің қазіргі жасымның жартысына 10 санын қоссаң, менің қазіргі жасымның төрттен үш бөлігін құрайтын сан шығады. Ағайы неше жаста болған?
      Жауабы: 40 (40:2+10=30; 40∙3/4=30).
3. “Жорға”
1) 60-тың 25 проценті   (15)
2) 3 кесіндіден құралған фигура   (Үшбұрыш)
3) 180 градусқа тең бұрыш қалай аталады?   (Жазыңқы)
4) Төрттен үшке кері сан   (Үштен төрт)
5) Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық   (Радиус)
6) Екі қатынастың теңдігі   (Пропорция)
7) 121 нешенің квадраты   (11)
8) 7 жай сан ба, құрама сан ба?   (Жай)
9) Дөңгелектің ауданын табуға арналған формула   (S=пr2)
10) 10 мен 15-тің ең кіші ортақ еселігі   (30)
11) 17 санының квадраты   (289)
12) Ең кіші натурал сан   (1)
13) Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура   (Бұрыш)
14) Екі санның бөліндісін басқаша қалай атайды?   (Қатынас)
15) Параллелепипедтің үш көлемі   (Биіктігі, ұзындығы, ені)
16) Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының көбейтіндісі неге тең?   (Осы өрнектің квадраттарының айырымына)
17) Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырғасының аты   (Гипотенуза)
18) Үштің нешінші дәрежесі 729-ға тең?   (Алтыншы)
19) Екінің жетінші дәрежесі нешеге тең?   (128)
20) Нешенің квадраты 324-ке тең?   (18)
 21) Бұрышты тең екіге бөлетін сәуле   (Биссектриса)
 22) 19 санының квадраты   (361)
Әр топтың жиналған ұпайлары бойынша ойынның қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталады.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерге қайталау есептер шығару
"Дарабоз" танымдық сайысы
«Математика алғыры»
«Ғажайып математика»
​Қоян мен бұғы.
Талап, еңбек, тарең ой
Ғажайыптар әлемі танымдық сайыс
Қош келдің, жас өрен!
Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап
Қазақша салмақ өлшемдері
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3002 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык