Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Денім сау болсын десең


Денім сау болсын десең

Тақырыбы: «Денім сау болсын десең…»


Мақсаты: Қоршаған орта жөніндегі ұғымдарын кеңейту. Табиғатқа деген оң көзқарас қалыптастырту.  Табиғатты қорғай отырып, сүйіп мәпелеуге және өз денсаулықтарын күте білуге тәрбиелеу және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» мемлекеттік бағдарламасын орындау.
Көрнекілігі және қажетті құралдар: тапсырмалар,суреттер, белгілер
Кіріспе:  
  Ойын:  Сиқырлы қорап деп  аталады.  Бұл  ойында кубизм  әдісін  қолданамыз.
Қораптың ішінде  қандай  зат  бар? Жіңішкеме ? жуанба ?қаттыма? жұмсақпа?
Оқушылар ұстап, қозғап көреді.  Әрбір  оқушы өз  ойларын және қораптың ішінде  не  бар  екенің айтады.  Ұстап  көргеннен кейін  қораптың  ішін  ашамыз.  Қораптың ішінде шприц бар.  Оның  пайдасы ,  және  қандай  зиянды әрекеттері  бар? Оқушылардың   пікірін  тыңдап  болғаннан кейін, оның пайдалы жағы дәрі  егуге,  аурудың  алдын алуға,  емделуге  арналған. Ал  зиянды  әрекеттері: есірткі  заттарды адам  денесіне жіберу.  
 Денсаулық жөнінде  оқушылардың білімдерін  естеріне  түсіріп, пікірлесу  үшін  арнайы  берілген.  Бірінші  байлық-денсаулық  деп  неліктен  айтылған?    «Деңі саудың – жаны  сау»  дегенді  қалай  түсінесіңдер?   Денсаулық  сақтаудың  қандай  жолдары  бар? Деген  сұрақтарды  қойып  әңгімелесеміз.

Сабақ барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі.6-7-сыныптар топқа бөлінген. Әр топ өз аттарын таңдап, қорғайды.
І. топ «Күн» Ұраны: Күндей шалқып,жарқыра,
                                    Сөнбейтұғын мәңгілік.
ІІ. топ «Ауа» ұраны: Ауа түссіз, мөлдіреп,
                                    Онсыз өмір не керек?
ІІІ. топ «Су» ұраны: Сылдырап аққан суларым,
                                   Тыныштық тапқан мөлдіреп.
ІІ.Негізгі бөлім.
1 бөлім  «Жылдам тап!»
Сұрақтарға жылдам жауап беру. Әр топқа үш сұрақтан беріледі. Үш сұраққа да дұрыс әрі нақты жауап берген топқа 5 ұпай беріледі.
І топқа  1.Ерте тұрып не істейсің? (жаттығу)
2.Тіс ауруының алдын алу үшін не істеу керек?
(тісті уақытымен жуып, таза ұстау )
3. Ауырмау үшін не істеу керек? (денені шынықтыру)
ІІ топқа     1. Ауаны ластанудан сақтау үшін не істеу керек?
(қоқыс тастамау, айналаны таза ұстауға көмек беру)
2.Сыныптағы таза ауа қайдан келеді? (гүл отырғызып көгалдандырсаң)
3.Ормандағы ағаштар жоқ болып кетпеу үшін не істеу керек?
(дәптер кітапты үнемдеу,таза ұстау)
ІІІ топқа    1.Орман дәрігерін ата. (тоқылдақ)
2.Қасқырдың пайдасы не? Оның жанама аты не?
(ауру малды,ауру жануарды жейді, ауруды тараудан сақтайды,жанама аты «дала дәрігері»)
3.Денім сау болсын десең не істеу керек?
(дұрыс тамақтану, мектепте аш жүрмеу, өз уақытында тамақтану)
2-бөлім  «Түсін мені»
Әр топтан бір ойыншы суретті карточканы алып, оны ымдап, тобындағы келесі ойыншыға түсіндіреді, ал ол келесіге түсіндіреді. (Ал, бұл уақытта қалған балалардың көзі байлаулы болады.)
Ойын осылай ең соңғы ойыншыға келгенше жалғасады. Соңғы ойыншыдан не түсінгені сұралады.Егер топтағы балалар барлығы суреттегі затты соңғы ойыншыға дейін дұрыс жеткізе алса, сол топқа 10 ұпай беріледі.
І топтың тапсырмасы «гүл»
ІІтоптың тапсырмасы «күн»
ІІІтоптың тапсырмасы «ағаш»
3-бөлім  «Салауатты болашақ»
(Оқушыларға берілген үй тапсырмасын тексеру.)
Үйге тапрсырма «Семей полигони» болашақта қандай аймақ болатынын суреттеп салу болатын.
Әр топ өз суреттерін қорғайды.
Тиянақты орындалған үй тапсырмасына 10 ұпайдан беру.
4-бөлім  «Сөзді ауаға жазу»
Алдыңғы тұрған ойыншыдан басқасы теріс қарап тұрады. Алдыңғы ойыншы бір карточканы алады.Ондағы сөзді оқиды да, келесі ойыншы ауаға жазып түсіндіреді.Егер ол түсінсе басын изейді. Түсінбесе басын шайқайды. Онда алдыңғы ойыншы қайтадан түсіндіреді. Ал тез түсінсе ол ойыншы келесі үшінші ойыншыға түсіндіреді.Ойын солай жалғасады. Ал, соңғы ойыншы сөзді дауыстап айтады.
Қай топ жылдам орындайды,сол топқа 20 ұпай беріледі.
І топтың тапсырмасы «сүт»
ІІтоптың тапсырмасы «ет»
ІІІтоптың тапсырмасы «алма»
 5-бөлім Жарнама (денсаулыққа пайдасы бар заттарды кең көлемде жарнамалау)
6-бөлім «Егер де мен...» (оқушыларлың ой ұшқырлықтарын байқау, сөздік қорларын кеңейту)
І топқа «Егерде мен ақын болсам...»
ІІ  топқа «Егерде мен суретші болсам...»
ІІІ топқа «Егерде мен әнші болсам...»
7-бөлім Қорытынды.  Ойын соңында қорытындыланып, ұпай сандары жоғары топ жеңіске жетеді.
  Жүректен жүрекке.
 Оқушылар шеңберге  тұрады,барлығы бірге қосылып , «Денсаулық-зор  байлық. Жаны саудың-тәні сау» деп  айтады.
  Жүрекшелерге  бір-біріне  тілек  жазады




      Әйтеке бидің   «Сау  дене,азат  ақыл,адал көңіл-үшеуі мен болады бақытты өмір...» деген нақыл  сөзінің  негізінде  өз  ойларынды жазу.
     «Денсаулық-зор байлық» деген тақырыпта  өлең  шығару.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Эстафеталық ойындар
Эстафеталық ойындар
Дені саудың – жаны сау.
Жеңіл атлетикалық жүгіру және саптық жаттығулары
Денсаулық – зор байлық
Бақытың да, байлығың да – Денсаулық.
ЖИТС-21 ғасыр дерті
Денсаулығыңды жасыңнан сақта
Денім сау болсын десең...
«Денің сау болсын»
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 16189 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык