Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » География сабақтарында пәнаралық байланысты үйлестіре білудің тиімділігі


География сабақтарында пәнаралық байланысты үйлестіре білудің тиімділігі

География сабақтарында пәнаралық байланысты үйлестіре білудің тиімділігі

Пәнаралық байланыс  дегеніміз - әр түрлі  оқу пәндерін кіріктіре оқытудың  үйлесімділігі  дей отырып, өз пәнім бойынша пәнаралық байланыстардың қолданылуы мен тиімділігі жөнінде ойымды ортаға салмақпын. Мектептегі  пәндердің пәнаралық байланысы  - көптеген ғылымдарды кіріктіре оқыту үрдістері сияқты үлкен бір ерекшелікке ие болады. Пәндерді мазмұндары бойынша өзара үйлестіре оқыту - оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймай, сонымен бірге алған білімдерін іс жүзінде қолдана білулеріне ықпалын тигізеді, біртұтас әлемдік  ой - танымдарының қалыптасуына жол аша отырып, ғылыми дүниетанымын кеңейтеді.
      География - табиғат пен қоғамдық құбылыстарды зерттейтін ғылым ретінде жаратылыстану, гуманитарлық бағыттар мен негізгі пәндердің мәліметтеріне сүйенеді және де мектепте оқытылатын басқа да көптеген оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүргізіле отырып оқытылатын пәндердің бірі деп қарастыратын болсақ, география пәнін оқытудағы пәнаралық байланыстарды кіріктіре оқытудың басты мақсаты -  сабақты түсіндіру барысында  басқа пәндермен байланысындағы  ұтымды тұстарын ұтырлы пайдалана білу болып табылады.
       Оқушылардың физика, химия, биологиядан алған білімдері физикалық география бойынша көптеген мәселелерді тереңірек білуіне септігін тигізеді, себебі өз республикамыздың физикалық географиясымен таныстырып қана қоймай, оқушыларға  жаратылыстану ғылымдарының заңдылықтарын үйретеді және де оқушылардың географиялық түсініктерін нығайтады, ойлау мен талдау қабілеттерін, іскерліктерін дамытуға көмектеседі. Осылайша, физикалық географияның бастапқы сатысы үшін жаратылыстану ғылымына тән пәндермен байланыстыра отырып түсіндіру маңыздырақ болмақ. Экономикалық географияның қазіргі заманғы ерекшеліктерін көп жағдайда сол жердің немесе басқа аумақтың тарихи дамуын еске түсірмей түсіндіру мүмкін емес, сондықтан география сабақтарында ғылыми деңгейді көтеру үшін тарихпен пәнаралық байланыс жүргізудің үлкен маңызы бар.  Сол сияқты оқушылардың кескін картамен, статистикалық, картографиялық материалдармен жұмыс жүргізе білуге үйрету мен қалыптастыру - оқушылардың математикалық дайындығын жетілдіреді. 
      Мектеп географиясының пәнаралық байланысының негізгі шеңбері әрбір тақырыпты оқыту барысында анықталып отырады. Оларды пайдалану үшін мұғалім басқа пәндердің мазмұны туралы біле білуі тиіс. 
      Географияны басқа пәндермен байланыстыра оқытудың екі түрлі тиімді жағы бар: біріншіден, география оқушылардың басқа оқу пәндеріне дайындығын күшейтеді, екіншіден, өз кезегінде физика, биология, тарих, қоғамтану пәндеріне қойылатын мәселелерді қатар зерттеуде оқу базасын толықтырады.
     Жұмысты жоспарлау барысында  пәнаралық байланысты жүзеге асыру - мұғалім мен оқушылардың бірлесе жұмыс жасауын күшейтеді, сабақ сапасын жақсатрады, оның тәрбиелік ролін кеңейтуге мүмкіндік береді. Көптеген пән мұғалімдері жұмысын қиындатқысы келмейді, бірақ бұл сипаттар керісінше - олардың ой шешімін қамтамасыз ете отырып, сабақтың білімдік - тәрбиелік потенциалын күшейту мақсатындағы пәнаралық ынтымақтастықты арттырады. 
      Басқа пән мұғалімдері сияқты мен де өз сабақтарымда пәнаралық байланыс әдісін кеңінен қолданып отырамын. Себебі не? Біріншіден, мені географияны басқа да мектеп пәндерімен кіріктіре оқытуда жан- жақты білім жетілдіру, дүниетанымдық білім беру, қосымша әдебиеттер пайдалану сияқты ізденістер қызықтырып, алға жетелейді,білім процесін нығайтады, сол арқылы білімімді жетілдіре түссе, екіншіден, оқушыларымның ғылыми жұмыспен шұғылданулары, қоғамдық белсенділіктері, ізденімпаздылық сияқты қасиеттері дүниетанымдары кеңейе түседі. Үшіншіден, сабақтың тиімді, қызықты, сапалы өтуіне үлкен септігін тигізеді. 
      Сонымен, география мен химия пәндері бойынша Қазақстанда кездесетін металдар мен олардың қасиеттері химиялық формулалар мен теңдеулер арқылы географиялық түсінік беріле оқытылады. Бұл жердегі пәнаралық байланыс - оқушылардың дүниетанымын кеңейтеді, қарапайым сабақтардың көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді. Оқушылардың танымдық қызығушылығы артып, олардың қойылған сұрақтарды тереңірек зерттеуге қызығушылығы туындайды. Оларды өндірістегі мәселелерді шешу жолдары ойландырады, демек, оқушылардың ұйымдастыру шеберліктері туындайды. Мұндай сабаққа қойған мұғалімнің мақсаты мен міндеттері жүз пайыз жүзеге асады. 
      "Қазақстан географиясы" пәні бойынша сабақтар өткізу барысында тарих пен қазақ әдебиетімен байланыс жүзеге асырылады. Қазақтың ұлылары - Жамбыл Жабаевтың, Шоқан Уәлихановтың, Абай Құнанбаевтың шығармашылықтары,  қорғандар мен ежелгі түріктер мен үйсіндердің мәдени мұраларымен байланысты тас өнерлері мен ондағы бейнелер, ежелгі қалалар, Қожа Ахмет Йассауи мазары , оның тарихи өмірі мен халық үшін маңызына назар аудартылады.  
      "Қазақстанның таулы аймақтарын" оқытуда еліміздің туған ел, туған жер туралы өлеңдері мен тарихи шығармаларына тоқталып, кең түсінік беріледі. Онымен қоса, оқушыларға таулы аймақтар жөнінде аңыздар мен туған өлке жөніндегі мақал - мәтелдер жинақта тапсырмалары қамтылады. Каспий мен Арал теңіздері туралы материалдар жинақталады. 
      Тарих пәнімен байланыс Марко Поло заманының тарихи толқындарын парақтауға мүмкіндік береді. Географиялық карта арқылы оқушылар Жібек жолымен жүріп өткен керуендерге, керемет қалалар мен қорғандарды, арнасынан толып аққан өзендерді, бастысы - өз байлығымен адамдарды бірнеше ғасырлар бойы тәнті еткен теңіз - көлдерге көз жеткізе алады. 
      " Ұлттық география" журналы бойынша ағылшынша - орысша сөздік пен өз білімдерін қолдана отырып оқушылар журналда басылып шығарылатын шығармаларды оқи алады, қосымша білім алады.  Мұндағы керемет тақырыптық иллюстративтік материалдар арқылы кез келген тақырып бойынша оқушыларды біліммен қаруландыруға да болады. 
      Осылайша, пәнаралық байланысты қолдану нәтижесінде оқушылардың белсенділігі артып, олар сабақ үшін жаңа, тың материалдарды іздестіру қажеттілігін сезіне біледі деп ойлаймын. Балалар қарапайым оқу рефераттары мен баяндамаларын жазуда белсенділік таныта бастайды және жазу сауаттылығы жоғарылайды. 
      Пәнаралық байланыс арқылы сабақ түрлерін өткізу әдістері әр түрлі және мол деп ойлаймын. Көбінесе пікірталастар, дебат сабақтар, мұғалім жетекшілігімен зерттеу жұмыстары, оқушылардың өз бетіндік жұмыстары, интернет жүйесін пайдалану, компьтерде жұмыс жасау шеберліктері қолданылады. Сабақ барысында оқушылар өтілетін материалды талдайды, салыстырады, кіріктіреді, жүйелендіреді.  Мұғалім болса, материалды таңдауға, оны зерттеп - зерделеуге нұсқау беріп, көмектеседі.Сонымен бірге көпшіліктің алдына шығу мәдениетін, өзін - өзі ұстау көркемдігін, өз жұмысын немесе пікірін қорғауға  үйретеді. 
      Осындай жолдармен география пәнінің сабақтарында пәнаралық байланыс әдістерін қолдану оқушылардың бойында қоршаған ортаның бүтіндігі туралы тұтас ой, олардың көптүрлілігі туралы ой қалыптасады, сөздік қоры молаяды және ой танымы дамиды, қазіргі замандағы  өз орындары мен ролдерін білуі, ойлағанына қол жеткізуі жүзеге асырылады. География пәні бойынша көптеген факторлардың әсері басқа пәндермен байланыстыра оқытуда танымдылықты арттырады. Бұл дегеніміз - пәннің, оны оқыту әдісі мен оқушылардың қызметі болып табылады. Бірақ бұдан басқа, оқытудың кейбір шарттары - сабақтағы жұмыс тәртіптерінің орындалуына да назар аударған жөн. Бұл сабақ барысында жұмыстың нақты орын алуымен байланысты - яғни, мұғалім мен оқушының өзара қарым - қатынасы арқылы туындайтын мұғалімнің өзінің әрбір оқушысының бойынан қайталанбас жеке тұлғаны көру және қалыптастыру ниеті. Мен әрбір оқушы - қайталанбас тұлға деп санаймын, себебі олардың әрқайсысының өзіндік ойы мен ой көкжиегі бар. География сабақтарындағы осындай пәнаралық байланыс ой мен сөз еркіндігінің өзіндік орнын қалыптастырады, бұл мұғалімнің оқушыны өз пәніне қызығушылықпен қарауына жол береді

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
география пәнінен есептер шығарудың жолдары
Электрондық оқулықтардың тиімді жақтары
АДАМЗАТ - ТАБИҒАТ ПЕРЗЕНТІ
Тарих пәнін оқытуда интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
Химиялық тіл
ИНФОРМАКТИКАНЫ ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГ
Тарих сабағында ойын элементтері арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
ЕЛТАНУ
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі
сұрақ жауап, топтастыру:
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 5686 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык