Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер.


Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер.

Сабақтың тақырыбы: Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер.

Пән: Физика 
Мұғалім:Мырзагалиева  Жибек  Естерековна
Сынып: 7 «Ә» 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділікмақсаты: су ішінде денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтауды 
үйрете отырып, білім дағдыларын қалыптастыру; сұйықтың тығыздығын анықтайтын құралмен 
танысу, жалпы мағлұмат алу. 
Дамытушылықмақсаты:оқушылардың ой-өрісін дамытуға, өз бетімен ізденуге, 
қорытынды жасауға, өзін-өзі бағалап, сын көзбен қарауға машықтандыру; 
Тәрбиелікмақсаты:оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, сыйластыққа, 
ізденушілікке, еңбексүйгіштіккетәрбиелеу. 
Сабақтыңформасы:жұппен, топтықжұмыс
Көрнекіліктері:интербелсендітақта, компьютерлі (виртуальды) зертханалықжұмыс, 
кеспелер, тест 
Құрал-жабдықтар: су, мензурка, тұз, тығын, ареометр, мұз кесегі, қант кесегі (рафинад). 
Сабақтың кезеңдері: 
І Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасу. Тізім бойынша оқушыларды түгелдеу. 
ІІ Өткен тақырыпты қайталау: 
1. Неліктен денені суға батырған кезде динамометрдің көрсеткіші өзгереді? (Виртуальды
зертханамен жұмысты интербелсенд і тақтада бір оқушы көрсетеді) (Ауырлық
күшімен қатар денені судан ығыстыратын ығыстырушы күш әрекет етеді) 
2. Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын күшті қалай атаймыз? (Архимед күші) 
3. Архимед күшінің формуласы қандай? ( F = ρс g Vд) 
4. Архимед күші қандай шамалардан тәуелді? (ρс– сұйықтың тығыздығы және Vд – 
дененің көлемінен) 
5. Архимед күшінің бағыты қалай бағытталады? (жоғары)
 
ІІІ Мотивация: 
Кейбір денелер сұйық бетінде жаңқа тәрізді қалқып жүрсе, екіншілері батып кетеді, ал 
үшіншілері сүңгуір қайық тәрізді оның ішінде жүзіп жүре алады. 
Тәжірибе жасап көрейік (Тақтаға бір оқушыны шығару) 
Шыны ыдысқа су толтырып, оның ішіне мұз кесегін саламыз. 
 
IV Проблемалық сұрақ: 
Неліктен мұз суға батып,оның ішінд е жүзеді? (Оқушылар тығырыққа тіреліп, өз ойларын айта 
бастайды) 
 
V Тақырыпқа шығу, мақсат қою: 
М: Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай? 
О: Денелердің жүзу шарттары 
М: Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз? 
О: Денелердің жүзу шарттарын анықтау 
М: Сұйықтың ішінде қандай күштер денеге әрекет етеді? 
О: Екі күш әрекет етеді: жоғары бағытталған Архимед күші және төмен бағытталған ауырлық 
күші 
М: Дұрыс. Ал кім тақтадамысал келтіріп, суретін салады? 
 Оқушыларды үш топқа бөліп, тәжірибеге қажетті құрал-жабдықтарды таратты. Әр топ дененің
батып кететінін, судың бетінде қалқып жүретінін 
және суға батып, оның ішінде жүзіп жүруін  формулалар арқылы анықтап, суретін салып, қорытынды жасау керек. 
1 топ: Суға қант кесегін салу 
2 топ: Суға тығынды салу 
3 топ: Суға мұз кесегін салу 
М: сұйықтың және қатты денелердің тығыздықтарын қайдан аламыз? 
О: Кітаптың артындағы 6-7 кестелерден аламыз. 
Әр топ кезек-кезекпен тақтаға шығып, тәжірибелерін түсіндіреді. 
 
Суда рафинад: Суда тығын: Суда мұз кесегі: 
 
.ρқант = 1600 кг/м3
 .ρтығын = 240 кг/м3
 .ρмұз = 900 кг/м3
 
.ρсу = 1000 кг/м3
 
 Fa > FА. Fa < FА. Fa = FА.
.ρқант>.ρсу. ρтығын<.ρсу. ρмұз =.ρсу.
 
Қорытынды: 
- Ауырлық күші Архимед күшінен үлкен болған жағдайда, дене сұйыққа батып кетеді: Fa > FA 
- Ауырлық күші Архимед күшінен кем болған жағдайда, дене сұйықтың бетінде жүзіп жүреді: 
Fa < FА
- Ауырлық күші Архимед күшіне тең немесе жақын болған жағдайда, дене сұйыққа батып, 
оның ішінде жүзіп жүреді: Fa = FА
 
Егер денеге әрекет етуші ауырлық күші мен архимед күшіне тең болса, онда дене сұйықтың кез келген жерінде тепе-теңдік қалпын сақтай алады.
 
Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен артық болса, онда дене сұйыққа батады.
 
Егер ауырлық күші архимед күшінен кем болса, онда дене сұйықтың бетіне көтеріледі.
 
Егер дене сұйық бетінде жүзіп жүрсе, дененің сұйыққа батқан бөлігінің көлемі сұйық пен материалы тығыздықтарының арақатысына байланысты болады:
 
Ареометрлер-сұйықтыңтығызығын анықтауға арналған құрал.
Құрылысы:
1-шыны құты
2-металл кесектері
3-жіңішке түтікше
4-шкала.
Сүттің майлылығын анықтау үшін қолданылатын ареометрлер-лактометрлер деп аталады.
 
V. Пысықтау.
М: Бізде барлық жағдайларда сұйықтығымыз су болды. Ал егер судың орнында басқа бір 
белгісіз сұйық болатын болса, онда біз сұйықтың тығыздығын анықтай аламыз ба екен?
О: тығырыққа тіреліп, ойланады, өз ойларын айтады. 
М: Анықтай аламыз екен. Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған құрал – ареометр деп 
аталады. Ол сұйықтың тығыздығын, сүттің сапасын, оған су қосылғанын, не қосылмағанын, 
қант және тұз ерітінділерінің пайыздық мөлшерін анықтау үшін қолданылады. 
 Үш топқа әр түрлі белгісіз сұйық және ареометрлер таратылады. 
1 топта: Қант ерітіндісінің тығыздығын анықтау 
2 топта: Судың тығыздығын анықтау 
3 топта: Тұз ерітіндісінің тығыздығын анықтау. 
Тапсырманы орындағаннан кейін, әр топ өз тәжірибелерін қорытындылайды. 
Қорытынды: 
- Денелердің жүзу шарттары қандай шамаға байланысты? (ρсұйық және ρдене ) 
- Сұйықтың тығыздығын қандай құралдың көмегімен анықтайды? (Ареометр) 
- Сүттің майлылығын анықтайтын ареометр? (Лактометр) 
 
VI Бекіту 
Әр топқа карточкалар тарату * карточкалар қосымшада 
 
VII Сергіту сәті. *Слайд көрсету 
№2 карточканы тарату карточкалар қосымшада 
VIII Қорытындылау
М: Сонымен денелердің жүзу шарттары қандай? 
О: Тақтаға шығып тірек-схема сызады 
Денелердің жүзу шарттары 
 Дене батады Дене ортасында жүзеді Дене бетінде қалқып жүреді 
 Fа > FА. Fa < FА. Fa = FА
   Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға екі нұсқадан тұратын тест таратылады.  
 
IX Рефлексия 
1. Бүгін сабақта қандай тақырыпты өттік? 
2. Денелердің жүзу шарттары қандай? 
3. Неліктен мұз суға батып, оның ішінде жүзіп жүреді? 
4. Денелердің жүзу шарттары қандай шамаларға байланысты? 
5. Сұйықтың тығыздығын қандай құралдың көмегімен анықтайды? 
6. Сүттің майлылығын қандай ареометрмен анықтайды? 
Х Үйге тапсырма 
Эксперименттік тапсырма. Құм және пробирка алып, өздерің ареометр жасаңдар. Оны таза 
суды пайдаланып градуирлеңдер. Осы ареометрді пайдаланып, тұз және қант ерітінділерінің 
тығыздығын анықтаңдар. 
§45, §46, 24 -жаттығу 
ХІ Бағалау 
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Архимед күші.
Архимед күші. Денелерлің жүзу шарттары.
Денелерлің жүзу шарттары
Сұйықтар мен газдардың қысымы
Архимед күші
Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер
Архимед күші
Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер
Архимед заңын тексеру
Архимед күші. Денелерінің жүзу шарты
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 5082 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык