Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жас географ сайыс


Жас географ сайыс

Жас географ сайыс

Пәні:География Материктер мен мұхиттер географиясы
Географиялық кештің тақырыбы: «Жас географ»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: бұл кешті өткізе отырып оқушылардың осы пәннен алған білімдерін сынау, сонымен қатар ойлау, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып одан әрі білімдерін жетілдіру.
Дамытушылығы: Білім, білік дағдысын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, ғылыми көзқарастарын қалыптастырып, ізденушілікке баулып дүниетанымын дамыту.
Тәрбиелілігі: Қоршаған орта табиғатын аялауға, ұжымшылдыққа және бір - бірін сыйлауға адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: Дүние жүзінің саяси картасы, атлас, кескін карта, интерактивті тақта, Power Point презентациясы.
Оқушылармен амандасып кештің ұйымдастыру кезеңімен таныстырады.
1. Сыныпқа оқушылар келіп, 2 топқа бөлінеді.
2. Құрылған 2 топ өздерінің топтарының атын және капитандарын таныстырып өтеді.
Сонымен топ мүшелері бүгінгі «Жас географ» атты географиялық кешімізді бастаймыз. Олай болса оқушылар күрделі де, қызықты география пәнінен алған білімдеріңіз сынаққа салынып, күш сынасасыздар.
Ендеше бүгінгі «Жас географ» атты географиялық кешіміз 6 кезеңнен тұрады.
I тур -- Брейн - ринг яғни Не? Қайда? Қашан?
II тур --«Жорға»
III тур --«Тапқыр болсаң, тауып көр»
IV тур -- «Карталар әлеміне саяхат»
V тур --«Көрермендер сайысы»
VI тур -- « Капитандар сайысы»
Әр тур сайын уақыт беріледі, әрине жылдамдық талап етіледі. Алдарыңыздағы жалаушаларды көріп тұрсыздар тапсырма оқылғаннан кейін жауаптарыңыз дайын болса дереу алдарыңыздағы жалаушаны көтеруге тиіссіздер. Егер жауап дұрыс болмаса 2 - ші топ өз жалаушасын көтеріп жауапты түзетуіне болады.
Олай болса құрметті ұстаздар мен көрермендер 2 топқа сәттілік тілеп, кешімізді бастайық.
Сонымен I тур -- Брейн - ринг яғни Не? Кайда? Қашан? Ұпай саны: 5
әрбір оқылған сұрақтың дұрыс жауабы 5 ұпайдан.
1. Жер шарындағы барлық 4 мұхит сулары шайып жатқан материк (Еуразия)
2. Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы бөліп тұрған не?(Панама каналы)
3. Ф. Магеллан жер шарын қашан айналып шықты?(1519 - 1522ж)
4. Азия мен Еуропаны бөліп тұрған таулар(Орал)
5. Қай таудың аты оның мыс рудасына бай екенін көрсетеді(Анд)
6. Оңтүстік Американың байырғы тұрғындары кімдер(үндістер)
7. Солтүстік Америка ертедегі қай материктің бөлігі (Лавразия)
8. Ұлы көлдер қайда орналасқан (Солтүстік Америкада)
9. Еуразия мен Солтүстік Американы бөліп тұрған бұғаз (Беринг)
10. Қай материк 2 дүние бөлігінен тұрады (Еуразия)
Сонымен II тур --«Жорға». Ұпай саны: Әр ұяшық бойынша: 15. 20. 30

15
20
30
15 20 30

Жоғарыдағы 15. Жер шарындағы ең үлкен көл. Еуропа мен Азия аралығында орналасқан. Ауданы 390 мың км2. Каспий теңізі
Жоғарыдағы 20. Жер шарындағы ең терең көл. Еуразия материгінің Азиялық бөлігінде орналасқан. Тереңдігі 1620 м Байкал көлі
Жоғарыдағы 30. Дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы. Ол Аляска жотасында орналасқан, ұзындығы 145 км. Хабборт мұздығы
Төмендегі 15. Солтүстік Американың теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесін ата. Оның биіктігі 6193 м Кордильер тауындағы Мак – Кинли шыңы.
Төмендегі 20. Жер шарында теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер. Арабия түбегінің солтүстік – батысында, теңіз деңгейінен – 403 м тереңдікте орналасқан. Өлі теңіз
Төмендегі 30. Солтүстік Америкадағы жылдық жауын - шашын ең аз жауатын, яғни 100 мм – ден кем түсетін жер Калифорния шығанағының солтүстігі мен Үлкен Алап
III тур --«Тапқыр болсаң, тауып көр». Конверттің ішіндегі қиындылардан құралған сөздерді тауып құрастыру. Ұпай саны: 10 ұпай Сөздердің орны ауысып кеткен жағдайда 5 ұпай шегеріледі.
Жүйріктер тобына келген хат
1. Материктің жазық жерлері ежелгі Солтүстік Америка платформасында орналасқан.
2. Еуразияның солтүстіктегі шеткі нүктесі – Челюскин мүйісі.
Алғырлар тобына келген хат
1. Еуразия материгінің батысындағы шеткі нүктесі - Рока мүйісі.
2. Солтүстік Америка материгінің Атлант мұхиты алабының басты өзені - Миссисипи.
IV тур -- «Карталар әлеміне саяхат». Ұпай саны: 5 ұпай Әр топ берілген объектілерді картадан тауып, картадан көрсету.
1 - топ
1. Батыс Сібір жазығы
2. Босфор бұғазы
3. Сары теңіз
4. Чукот түбегі
5. Гоби шөлі
6. Пиреней түбегі
7. Памир тауы
2 – топ
1. Ұлы Қытай жазығы
2. Малакка бұғазы
3. Жапон теңізі
4. Камчатка түбегі
5. Тар шөлі
6. Үндіқытай түбегі
7. Орал таулары
V тур --«Көрермендер сайысы». Енді оқушылар бізге жанкүйер болып отырған көрермендеріміздің де білімдерін сынап көрелік. Олай болса жанкүйерлерімізге сұрақ.
1. Солтүстік Америкадағы биік шөптерден тұратын дала(Прерий)
2. Ең биік 25 шыңның 19 - ы кездесетін Еуразия материгіндегі тау(Гималай)
3. Жер шарындағы ең ылғалды және ең жасыл материк (Оңт. Америка)
4. Жағалауын барлық 4 мұхиттың сулары шайып жатқан материк (Еуразия)
5. Қазақстан қай материкте орналасқан?(Еуразия)
VI тур -- « Капитандар сайысы» Ұпай саны: 5 ұпай. Географиялық нысанның аты аталады, сіздер оның не екенін айтасыздар. Мысалы: Анд – тау.
1. Сахара(Шөл)
2. АҚШ(мемлекет)
3. Гималай(Тау)
4. Танганика(Көл)
5. Амазонка(өзен)
6. Отты жер (Арал)
7. Гвинея (Шығанақ)
8. Скандинавия (Түбек)
9. Гибралтар (Бұғаз)
10. Суэц (Канал)
11. Сомали (Түбек)
12. Лондон (Қала)
13. Игуасу(Сарқырама)
14. Мадагаскар(Арал)
Осымен «Жас географ» атты кешіміз аяқталды. Енді Әділ қазы мүшелері ойын қорытындысын айтып, жеңімпаздарды марапаттайды.
Осымен «Жас географ» атты кешіміз аяқталды. Ойынға қатысқандарыңызға рахмет.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Солтүстік Америкаға саяхат
Еуразия материгінің географиялық орнының ерекшелігі. Материктердің қоныстану тарихы
Оңтүстік Америкаға саяхат
Еуразия. Географиялық орны. Қоныстану және зерттелу тарихы
Оңтүстік Африка мен Африка
Не? Қайда? Қашан?
Оңтүстік Америка материгі
Африкаға саяхат
Оңтүстік Америкаға саяхат
Солтүстік Америкаға қайталау сабақ
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 3913 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык