Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қыстың ерекшелігі


Қыстың ерекшелігі

Тақырыбы: «Қыстың ерекшелігі»

      Мақсаты:  Балаларға қыс мезгілінің ерекшелігі  туралы түсінік беру.Табиғатқа деген сүіспеншілігін ояту.

     Ақпараттық құзыреттілігі:  Сурет арқылы әңгіме құрастыра білуге,қыс келбетін суреттеуге үйрету.

     Проблеманы шешу құзыреттілігі: Қар туралы білімдерін бекіту.Балалардың дымқыл,ұлпа деген сөздер арқылы сөздік құрамын     

       толықтыру.

    Коммуникативтік құзыреттілігі:  Балалардың  шығармашылық  қабілетін ояту,ойлау қабілеттерін арттыру,сөздік  қорын молайту,

       сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету.

       Әдіс-тәсілдері:  Көрсету,әңгімелесу,түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын,зерттеу.

      Көрнекі құралдары: Қыс мезгіліне байланысты суреттер,қар,мұз,шаңғы,шана,коньки,аққала.

      Пән-аралық байланыс: Көркем әдебиет,қоршаған ортамен танысу,қарапайым математика,музыка.

    Қостілдік компоненті:Қыс-зима,қар-снег,мұз-лед,аққала-снеговик,шаңғы-лыжи,шана-сани,коньки-коньки,аяз-мороз,сырғанақ-каток.

Рефлексивті-коррекциялаушы:

Балалар бүгінгі оқу сі-әрекетіміз ерекше болмақ.Сендер бүгін өте көңілді  екенсіңдер.

-Бізде бүгін туған күн бе?

-Сендерге сыйлық тарту етті ме?

-Мен тапқан сияқтымын! Сендердің көңілді болып тұрғандарын ,

ертең  көктем мезгілі келеді екен ғой.

Ертең  біздер қыс мезгілімен қоштасамыз,олай болса қыс мезгілінің қызықты күндерін есімізге түсірейік.Қыс мезгілінде біз не істедік?

-Өте жақсы,қыс-бұл ерекше мезгіл.Біз қыс мезгілін өте көңілді өткіздік.

-Балалар бізге бүгін топқа қонақ келу керек  еді. Оның кім екенін сендер жұмбақ арқылы білесіңдер.Мен жұмбақ жасырайын,сендер шешуін табыңдар.

                             Шелек қалпақ басында,

                             Сәбіз екен таңауы.

                             Қыста қардан туады,

                             Тауып көрші сен оны.

Ғажайып сәт:   Есік қағылып,топқа аққала кіреді.(Балалармен амандасады).

Аққала:-Сәлеметсіздер ме,балалар. Бұл  «Балапан»тобы ма?

-Балалар бізге қонаққа келген кім?

Аққала: -Балалар сендер мені сыртқа серуенге шыққанда қардан әдемі етіп жасадыңдар.Енді мен бүгін сендерге қонаққа келдім.

Тәрбиеші:-Балалар аққаланың түсі қандай?

Денесі қандай пішінен жасалған?Аққала неше бөліктен тұрады?

-Мұрны қандай?

Аққала:  Ой,балалар сендер мен туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер.Балалар менімен бірге ойын ойнайсыңдар ма?

Енді бәріміз бірге «Қатырмақ» ойынын ойнайық.

Ойын шарты:Балалар  дөңгелене тұрып,қолдарын созып тұрады.Аққала қыстың қатаң аязы болып ,сиқырлы таяғымен балалардың қолдарына тигізіп,қатыруға тырысады. Епті,жылдам балалар қолдарын тез жасырып үлгеруі керек.Үлгермегендері қолдарын таяқ тиген қалпында біраз уақыт қозғалтпай ұстауы тиіс (2-3 рет қайталатып,ойнауға болады).

Аққала: Балалар сендер өте жақсы ойнадыңдар,сендерге рахмет.

Тәрбиеші: Аққала келіңіз,балалармен бірге отырыңыз.

Суретпен  жұмыс: Тақтада қыс мезгілінің суреттері  ілулі  тұрады.

Сұрақтар қойылады.

-Балалар ненің суретін көріп тұрсыңдар? Бұл қай мезгіл?

-Өте жақсы балалар.Сендер суретпен жақсы сөйлем құрастырыңдар.Енді үнтаспадан дыбыс тыңдайық,бұл ненің дыбысы екенін айтыңдар.

-Балалар, «қыс» деген сөзді орысша қалай айтамыз?

- «Зима» сөзінің қазақшасы қалай?(қар,мұз,аққала,шана,шаңғы сөздерінің аудармасы сұралады).

-Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын,жауабын тауып көріңдер.  

                  1.Ұлпа,қанттай ақ.

                  2.Анасы-су,әкесі-суық.

Ендеше,балалар Аққаламен бірге «әлеуметтік» орталығына барайық.

Бүгін біздер қар мен мұзды зерттейміз.

-Балалар мынау не?

-Қар қандай болады?

-Міне,мынау ұлпа қар.Оны алақанымызға салайық.

-Ол қандай болды?

-Міне қараңдар ол-дымқыл.Ал егерде алақанымызға көбірек ұстасақ ше?

-Ол алақанымызда  неге еріп кетті?

-Міне балалар қарды егерде жылы жерге әкелсек  ,ол еріп кетеді.Сырт салқын болғандықтан ол ермейді.

Мынау не балалар?

-Мұз қандай?

-Енді мұзды алақанымызға салайық.

Ол не істеп жатыр?

-Егерде мұзды көбірек алақанымызға  ұстасақ,ол неге айналады?

-Міне балалар көктем мезгілі келгенде,қар мен мұз еріп суға айналады.

-Енді балалар «шығармашылық» орталығына барайық.

1-үстелде балалар аққаланың суретін бояйды.

2-үстелде аққаланы мүсіндейді.

3-үстелде аққаланың  суретін жапсырады.

Тәрбиеші: Балалар,енді орнымыздан тұрып бойымызды бір сергітіп алайық.

 

Аққала балалармен «Қар лақтыру» ойынын ойнайды.

Аққала: Балалар,мен сендермен уақытты өте жақсы өткіздім.Сендер өте ақылды,мейрімді балалар екенсіңдер.Мына жер маған ыстық болып бара жатыр,мен енді қайтайын.

Тәрбиеші: Балалар,кәне бәріміз аққалаға арнап «Аққала»әнін айтып берейік.

 

Аққала:Ой,рахмет, балалар.Сендер мен туралы ән айтып бердіңдер.Келесі жылы қыс мезгілінде тағы да келемін ғой.Сау болыңыздар.

Тәрбиеші:-Сау болыңыз аққала. Бізге келесі жылы тағы да қонаққа келеңіз.Балалар аққалаға бояған суреттерінді тарту етіңдер.

        (Аққала балалармен қоштасып шығып кетеді).

 

Қорытынды:  Балалар біз бүгін қай мезгіл туралы айттық?

-Бізге қонаққа кім келді?

-Бүгін біздер нені зерттедік?

-Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?

-Қазір қыстың ең соңғы айы қандай ай?

-Енді балалар қыс мезгілі туралы кім тақпақ айтып береді?

-Жаңа Жыл мерекесін тойладық,Аяз Ата келді,шанамен,шаңғымен сырғанадық,қармен ойнадық,аққала жасадық.

Дарья: Мен қыс мезгілінің суретін көріп тұрмын.Даланы, үйдің  шатырын ақ қар басқан.Үйдің жанында шыршы ағашы өсіп тұр,оның түсі жап-жасыл,ал қараағаштың бұтағында суықторғай құсы отыр.

Эльдана: Арман мен Айша конькилерін алып,сырғанауға барды.Арман Айшаны коньки тебуге үйретті.Олар қыс мезгілін өте көңілді өткізді.

Владислав: Саша мен Аслан ойнауға шықты.Олар достар.Саша шанасын ,ал Аслан шаңғысын алып шықты.Балалар тау басына ойнауға барды.Саша шанасымен,Аслан шаңғысымен сырғанап ойнады.

Айнұр: Қыс мезгілі.Аружан мен Дияс ойнауға шықты.Олар аққаланы жасады.Аққаланың басына шелек кигізді,мұрнына сәбіз қондырды,көздерін қара көмірден жасады.Қолына сыпырғыш қондырды.Аққала өте әдемі болып шықты.

Балалар боранның дыбысын тыңдайды,у-у-у-деп боранның дыбысын салады.

-Зима.

-Қыс. (снег,лед,снеговик,сани,лыжи) деп аударып береді.

 

Балалар жұмбақты тыңдайды.Жауабын табады.

-Қар.

-Мұз.

Балалар әлеуметтік орталығына барады.

-Қар

-Қар ,жұмсақ,ұлпа,салқын болады.

Балалар қарды алақандарына салады.

-Дымқыл.

-Еріп кетеді.

 

-Себебі алақанымыз жылы.

 

 

-Мұз.

-Мұз салқын,жылтыр.

Балалар мұзды алақандарына салады.

-Мұз еріп жатыр.

-Суға.

Аққаланың артынан ұстап балалар музыка әуенімен пойезд болып айналады.Шеңбер болып айналып жүрген балалар бес баладан бөлініп әр үстелге отырады.

Балалар тапсырманы орындайды.

 

Балалар сергіту сәтін қимылмен жасайды.

    Тоңса біздің қолымыз,

     Қолғап киіп аламыз.

     Сарт-сарт-сарт, 

     Шапалақ соғамыз.

     Тоңса біздің аяғымыз,

     Етік киіп аламыз.

     Топ-топ-топ,

     Топылдатып билейміз.

     Тоңса біздің денеміз,

     Тонды киіп аламыз.

      Зу-зу-зу,

      Шанамен зулаймыз.

Балалар қызығушылықпен ойнайды.

Балалар аққалаға арнап ән айтады.

   Қар жауғанда топ бала,

   Соқтық келіп аққала.

    Мұрны сәбіз үп-үшкір,

    Көзі көмір қап-қара.

 

                                Қ-сы:     Аққала,аққала,

                                               Сәлем жолда аттаға.

Көне шелек басында ,

Сыпырғышы қолында.

Мұз айдынды аршуға,

Келгендей-ақ ,ол мұнда.

 

 

 

Балалар аққаламен қоштасады. Өздерінің   бояған суреттерін аққалаға сыйлайды.

 

 

 

-Қыс мезгілі туралы айттық.

-Аққала келді.

-Қар мен мұзды зерттедік.

-Коньки,шаңғы тебеміз,аққала жасаймыз,қар атысып ойнаймыз.

-Ақпан айы.

Владислав: Қыста қар жауғанда,

                     Аппақ қарлар толғанда.

                     Қар атысып ойнаймыз,

                     Атысып біз қоймаймыз.

 

Қайнар:

                           Жабысқақ қарлар болғанда,

                           Домаланып қалғанда.

                           Аққаланы жасаймыз,

                           Шыр айналып ойнаймыз.

 

Айнұр:

                          Қармен ойнап балалар,

                          Далада жүр алысып.

                          Шана,шаңғы,конькимен,

                          Бір-бірімен жарысып.

                           Аққала жасап әбігер,

                       Ақ қарды ойып құшақтап.

                        Қып-қызыл алма беттері,

                       «Қыс жақсы,-дейді,-түсі аппақ.

   

Күтілетін нәтиже:

 Білуі: Балалар қыс мезгілінің ерекшелігін біледі,тақпақ,жұмбақтарды айта алады.Сурет бойынша сөйлем құрастыра ды.

Меңгеруі: Қар мен мұздың неге еритінің меңгереді.Аққаламен ойынды меңгеріп ойнайды.

Жасай алады: Аққаланың суретін бояп,мүсіндеп,жапсыра алады.Сергіту сәтін қимылмен көрсете алады.Боранның дыбысын сала алады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Алақай қыс келді!
Қыс қызығы
«Қыс қызығы »
Аққала- ақбала М.Мақатаев.
ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ
Қысқы ауа райы
Аяз ата, қарша қыз, аққала
Аққала балаларда қонақта
Қысқы табиғатқа саяхат Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Аққала
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 10066 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык