Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өткенді пысықтау


Өткенді пысықтау

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау

Сабақтын мақсаты:Әртүрлі есептерді өз бетінше шығару, көп таңбалы сандармен есептеу,

амалдардың қасиеттерін жазбаша және ауызша есептерді шешкенде пайдалану қабілетін тексеру.Ұлттық өнерді,ұлттық ойындарды танытып,халқымыздың дәстүрін насихаттай отырып,оқушыларды алғырлыққа,,тапқырлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-амалдар:түсіндіру,талдау,сұрақ-жауап,ойын арқылы есептерді шешу,

тиянақтау әдістері.

Сабақтың көрнекілігі:ұлттық ойындар:Бәйге,Хан талапай,Ақ сүйек,Белбеу тарту,

есеп-жұмбақ,математикалық жаңылтпаш,тест.

Сабақтын барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын тексеру.121-бет Есеп №-7

3.Жаңа сабақ кезеңі:

-Балалар біздің бүгінгі сабағымыз өткен материалды қайталауға арналады.

Сабақта біз түрлі ойындарды ойнай отырып,математикалық білімізді көрсетеміз.

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар табылатың қасыңнан.

 

Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид,Фалес,Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!

Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін

Нағыз пән математика атанғансың:

 

Математика ғылымдар патшасы деп

Мойындаған бар ғалым жер шарында

Сол қағида тағы да дәленденбек

Бүгінгі ашық сабақтың барысында.

-Балалар біздің бүгінгі сабағымыздың түрі:жарыс сабақ.

Сабағымыздың негізгі ұраны: Жарыс-табыс көзі.

Математикалық диктант...

Бәйге ойыны.Қазақ халқының ұлттық спорт ойынының бірден-бір көп тарағаны-Бәйге.Осы жарысқа қосатын атты тандап алып баптайды.Бапкер оған мініп шабатын баланы да қоса әзірлейді.Жарыста мықты да жылдам спортшылардың   бәрі бірдей жеңе бермейді ,мұнда кімде-кім жарысты жаттығу жағынан дұрыс құрып,жарыстың барысында атының күшін тиімді  пайдаланса ғана женіске ие болады.(бет123№,8)

Хан талапай.Асықпен ойналатын ойынның бірі.Ойынға қатысушы балалардың санына шек қойылмайды.Ойын жүргізуші қолындағы асықты  хан талапай деп ортаға қарай шашып жіберді.Отырғандар тез-тез жиып  алулары керек.Кім аз жиып алса,сол женілген болып есептеледі.Ойынның  мақсаты-жылдамдығын жеделдету,тілін дамытып,ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Талапай-ау, талапай

Табылды ойын алақай!

Бүк асықпен бүкті

Шік асықпен шікті

Алшыменен алщыны

Тәйкеменен тәйкені

Асықты алға шашамыз

Талапайға басамыз(бет123,№10)

Сиқырлы қоржын ойыны.(Математикалық жаңылтпаштар,есеп-жұмбақ)

Ақ сүйек Ойын жаздың айсыз қараңғы түнінде ойналады.Қатысушылар екі

топқа бөлінеді.Әр топ өзіне бастық сайлап алады.Екі топ ойыншылары алаңға

арқаларын беріп,сапқа тұрады.Бірінші топтың бастығы сүйекті алыстата

лақтырады.Екі топтың ойыншылары сүйекті іздеуге кетеді.Сүйекті кім бұрын

тапса,сол көмбеге қарай жүгіреді.Қалғандары оны қуады.Қарсы жақтың ойыншысы

жетіп сүйекті алатын болса,бар күшін салып оны өз көмбесіне жеткізуге тырысады.

Ол үшін қыздар мен ұлдар екі топқа бөлінеді.Тақтаға:

1701*4 710-494

254+190 18972+280

7200:60 230404*3

8005-253 6900:3

Қыздар бастайды,мысалдардың нөмірлерін таңдайды,ал ұл балалар оны

шығарады.

Сергіту сәті

Логикалық тапсырмалар

Белбеу тастау

Ойыншылар дөңгелене шеңбер бойына отырады.Жүргізуші шеңбер сыртында

белбеуді қолына ұстап жүгіре басып айналып жүреді.де,өзінің көңіліне жаққан

баланың артына білдірмей тастауға тырысады.Жүргізуші білдірмей тастап кетсе,

шеңберді айналып қайтып келіп,белбеуді алады да,артында белбеумен

ұрады.Сөйтіп, щеңберді айналдыра қуалап,қайтып орнына келгенше соғады.

Тест

4.Сабақты қорытындылау

-Сонымен балалар,бүгін қандай есептер шығардық?

-Қандай ойындар ойналды?

5.Оқушылардың білімін бағалау

6.Үйге тапсырма бет123№9


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Эстафеталық ойын.Ұлттық ойын «хан талапай»
Ұлттық ойындар
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу. Өткенді пысықтау.
Негізгі және туынды зат есім.
Ұлттық ойындар
Сан есімнен өткенді қайталау
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар
Сан есімнен өткенді қайталау
3-сыныптарына арналған қазақ тілінен сабақ
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2195 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык