|
|
«Алтын қақпа» танымдық ойыны
Қазіргі өмір талабына сай қоғамда еніпотырған жаңалықтарды оқушы санасына қалыптастыруды,өз білімдерін жетілдіруде,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, танымдық белсенділігін арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор.Математика пәнін халықтың педагогикамен ұштастыра білсек, саналы жастар тәрбиелейміз.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушыларды ізденімпаздыққа, шыдамдыққа, дәлдікке тәрбиелейді.Білімі жоғары, өз бетімен ізденуге бейім, саналы жастарды тәрбиелейміз.
Мақсаты:Оқушылардың математика пәні бойынша танымын, ұғымын арттыру, байыту.
Математикалық терминдердің мағынасын аша отырып, оқушылардың есеп шығару дағдыларын шыңдау.
Тәрбиелік мақсаты:Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын ояту, ойын арқылы оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, ұлт жандылыққа, тапқырлыққа, ойшылдыққа тәрбиелеу
Дамытушылық мақсаты:Ойын арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау, қабілеттерін арттыру,бұрынғы математикалық ұғым-түсініктерін жаңа ұғымдармен толықтыру, оны одан ары дамыту.
Түрі:Сайыс.
Әдісі:Ой қозғау әдісі.
Көрнекілігі:1)Үш қақпа:тас қақпа, күміс қақпа, алтын қақпа;
2)Математикалық мазмұнды нақыл, даналық сөздер.
3)Алтын сандық.
4)Слайдтар.
Барысы:ІҰйымдастыру .
Ойынға қатысушыларға нөмірлер беріледі.Ойын өтетін бөлме безендіріледі(шар, көрнекіліктерімен);
ІІ.Негізгі бөлім:Ойын сұрақ қойылып , соған жауап берген оқушының ортаға шығуымен басталады.Содан соң үш сұрақ қойылып , оған дұрыс жауап алынумен сәйкес үш қақпа ашылады.Алтын сандықты ашу үшін сұрақ қойылады.Жауап берген оқушы алтын сандықтың ішіндегі сый-сияпатқа ие болады.
І.Кезең:
Уа,халайық!
Бәріне бірдей жар салайық,
Математика тілін үйренем деушілерге,
Математика тілін білмек ойы барларға,
Бүгін болатын кешімізді арнаймыз.
Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Пифагордан бата алғансың ,
Төзбейтін өтірікке,жалғандыққа,
Жасықтан емессің сен, қаталдансың,
«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін
Нағыз пән- математика атанғансың!
Көрермендерге жалпы сұрақ:
1)Қандай сандар иррационал сандар деп аталады?
(Шектеусіз,периодсыз ондық бөлшектер)
2)Жай сан деп қандай санды айтамыз?
(1-ге және өзіне ғана бөлінетін санды)
3)Гректің «параллель» сөзі қазақша қалай аударылады?
(Қатар жүруші)
Тас қақпаның сұрағы:
1)Екі қатынастың теңдігі? (Пропорция)
2)Шешімдері бірдей теңсіздіктер? (мәндес теңсіздіктер)
3)Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)
Күміс қақпаның сұрағы:
«Күміс қақпа-біреулер үшін ырыс қақпа,біреулер үшін тыныш қақпа»
1)Үш түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы олардың бірін атып алды.Олардың қаншасы қалды? (түйеқұстар ұшпайды)
2)Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 27 км жол жүрді.Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген?
(ол да 27 км жүрген)
3)Қара ағаш басында бес алма өсіп тұр .Біреуі жерге түсіп қалды, нешеуі тал басында қалды? (қара ағашта алма өспейді)
Алтын қақпа сұрағы:
«Өнер-ағып жатқан бұлақ,
Білім-жанып тұрған шырық!»
1)Бір-бірімен жарысқан,
Бес аю, бір арыстан,
Екі қой мен үш түлкі,
Бәрі нешеу, кім білді? (Барлығы 11)
2)Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі.
Екі қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой? (Барлығы 15)
3)Екі адам бес метрлік бөренені ұзындықтары тең бес бөлікке кесті.Егер бөлікті кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді?(6 минут)
Алтын сандық сұрағы:
«Білекті бірді, білімді мыңды жығады.»
1)Бірден жүзге дейінгі натуал сандардың көбейтіндісі неше нольмен аяқталады? (24 ноль)
2)Клубта 35 қатар бар.Әрбір қатарда 40 орын бар.730-шы орын қай қатарда?
(19 қатарда)
3)Бір қалада 100 турист келді.Олардың 10-ны неміс тілін де, француз тілін де білмейді.75 адам неміс тілін біледі, 83 адам француз тілін біледі.Неше турист осы екі тілдің екеуін де біледі. (68)
ІІ кезең
«Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып
Бір-бірімен жатқан тулап, арбасып.
О,толқындар, арбалысып алға шық,»- деп Т.Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс.Сайысатын әрине, жас толқын-сіздерсіздер.
Көрермендерге сұрақ:
1)Үш сағатта неше секунд бар? (180 с)
2)Барлық араб цифрларының көбейтіндісі қаншаға тең? (0)
3)Қарама-қарсы сандар дегеніміз қандай сандар?
(Тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар)
Тас қақпаның сұрағы:
1)66 санын ешқандай амал қолданбай бір жарым есе арттыр. (99)
2)Үстелдің төрт бұрышы бар, егер оның бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3)Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан ғалым, метематик кім?
(ӘбуНасыр Әл-Фараби)
Күміс қақпаның сұрақтары:
1)Тік бұрышты төртбұрыштың ені 4 см тең, ұзындығы енінен 5 см ұзын.Ауданы неге тең? (36 см2)
2)Бір жанұяның бес ер баласы бар, және олардың әрқайсысының қарындастар бар.Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
3)Асханаға 100 кг пияз және одан үш есе артық картоп әкелінді.Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
Алтын қақпа сұрағы:
1)Пропорцияның қазіргіше жазылуын 1693 жылы қай метематик енгізген?
(Лейбниц)
2)Математикалық теңдеулер туралы ғылыми еңбек жазған қазақ ғалымы?
(Жәутіков)
3)Координаталық түзуді кім енгізді? (Декарт)
Алтын сандық сұрағы:
1)5-ке, 6-ға, 7-ге бөлгенде 1 қалдығын беретін ең үлкен үш таңбалы санды табыңдар? (841)
2)1-ден 199-ға дейінгі барлық тақ сандарды қосыңдар?
(10000)
3)160 санын 6 жетілік арқылы жазыңдар. ( )
ІІІ.Танымдық ойынды қорытындылау.
Жас достарым,
Мұны жақсы ұғайық,
Математика құрметтеуге лайық,
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес есептерсіз түсіну,
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп оқушыларының облыстық интеллектуалдық «Малахит» конкурсына қатысқан оқушылар туралы мәлімет.
Жыл басында 2013-2014 оқу жылының жылдық жоспары бекітілді.Оқушылардың ғылыми қоғамының мақсаттары мен міндеттері алынды.Бірінші жарты жылдықта «Зерде» ғылыми қоғамының екі отырысы болып өтті.Қабілетті оқушылардың арасында «Үздік информатик»,(пән мұғалімі:Кабдугалтева.Р) «Білгірлер сайысы», «Алтын қақпа» зияткерлік сайысы, «Кім?Қашан?Қайда?»интеллектуалдық сайыстары өтті.Оқушылар өз білімдерін көрсетті.8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жоба қорғауға 2 оқушы қатысты.Оразбекова Жанерке «Жоңғар шапқыншылығы кезіндеге қазақтардың әскери өнері» тақырыбында,Жұмағазы Айнаш «Ұялы телефонды экологиалық зерттеу» тақырыбында ауданда ғылыми жобаларын қорғады.Республиқалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының аудандық кезеңінде Оразбекова Гүлім 2-орын алды.КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Қ.О.Бітібаева зертханасы аясында өткізілген қазақ тілі мен әдебиет пәнінен аудандық олимпиадада 2-орын алған 8-сынып оқушысы Қанжекенова Жанерке марапатталды. «Жас ғалым» атты ІІ Республикалық ғылыми жұмыстар конкурсында зерттеу жұмысымен қатысып «Ғылыми зерттеулігі» номинациясында 10-сынып оқушысы Оразбекова Жанерке І-орынға ие болса, 11- сынып оқушысы Оразбекова Гүлім ІІІ-орынға ие болды.Қазақ тілі пәнінен Республткалық қашықтықтан олимпиадасында Ақаева.А, Оразбекова.Г, Еркінбекова.М қатысып,сертификаттар алды.Ағылшын тілі пәнінен республикалық қашықтықтан олимпиадаға төрт оқушы қатысты. «Бетбітшілік әлемі» республикалық қашықтықтан ғылыми жобаға 10-сынып оқушысы Оразбекова Жанерке, 10-сынып оқушысы Құмарова Ұлпан,8-сынып оқушысы Жұмағазы Айнаш қатысты.Облыстық «Айналайын» интеллектуалдық сайысына 25 оқушы қатысып,он бірі жүлделі орындарға ие болды. Облыстық интеллектуалды «Балапан.Мектепке дайндал» конкурсына даярлық тобынан 17 оқушы қатысып,8 оқушы жүлделі І орынды иеленді. Облыстық «Асылтас» иетеллектуалды сайысына 30 оқушы қатысып,оның үшеуі жүлделі үшінші орынды иеленді. «Малахит»интеллектуалды сайысына 31 оқушы қатысса ,Республикалық ағылшын тілінен өткен «British Bulldog»конкурсына 11 оқушы қатысты.Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен мұғалімдер арсында республикалық қашықтықтан олимпиадаға Хасенова.Г,Ахметова.Ж қатысып,сертификат алды.Республикалық оқытушылардың «Ұлағатты ұзтаз»атты сайысына төмендеге ұзтаздар қатысты:Қабдуғалиева Роза, Мұхатова Айнұр,Сүлейменова Көгершін, Ерғалиева Гүлнар,Жолтанбаева Гаухар,Наушебаева Ғалия,Алгашокова Жайнагүл,Асаубаева Балауса,Мұхатова Айгүл,Зеренханова Ақтоты.Осы ұзтаздардың барлығы жүлделі І,ІІ,ІІІ-орындарды иеленіп,марапатталды. «Менің жаңашыл сабағым»атты І Халықаралық эссе конкурсына төрт ұзтаз қатысты:Ахметова Жұлдыз,Мұхатова Гүлнар,Сүлейменова Көгершін,Тұқпиева Аңсаған.
Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп.
«Зерде» оқушылардың ғылыми
қоғамының І жарты жылдық
қорытындысы.
Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебінде матетатика, физика, информатика пәндерінен мектеп оқушылары арасында онкүндік болып өтті.осы онкүндікте мен оқушылар арасында «Алтын қақпа» сайысын, «Жас білгірлер» иртеллектуалдық сайыстарын өтліздім. «Алтын қақпа» сайысы үш бөлімнен тіһұрды.Әр бөлімде логикалық сұрақтар, олимпиада есептері, әр түрлі қызықты тапсырмалар болды.Әр бөлімнен кейін аз көрсеткіш көрсетке -оқушылар сайыстан шығып отырды.Бұл сайыста 7-сынып оқушысы Манарбек Аиза жеңіске жетті. «Жас білгірлер» сайысы жеті бөлімнен тұрды.Қызықты есептер, ойын есептер, шахмат ойыны, жалғасын тап ойыны т.б ойындардан тұрды.Бұл сайысты 9-сынып оқушысы Мұратбекова Толғанай жүргізді.Сергіту сәтінде оқушыларға тақ және жұп сандардың орныны басқа сөз айту ұсынылды.Осы сайыста оқушылар өз ойларынан сандарға байланысты тақпақтар құрады.Осы екі сайысқа да оқушылар қызығушылықпен қатысты. «Жас білгірлер» сайысында 8-сынып оқушысы Жақыпбеков жеңіскежетті.Онкүндіктің соңында КТК сайысы өтті.Спорттық сайыстармен бірге әр түрлі тапсырмалар берілді. Мен «Математика бекеті» бөлімін өткіздім.Мұнда да оқушылар қызықты есептер шешті.Бұл сайыста белсенділікпен қатысқан 5-сынып оқушысы Жұмағазы Шұға марапатталды, Осы онкүндікке белсенділікпен қатысқан оқушылар марапатталды
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |