Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Химия әлемінде


Химия әлемінде

Химия әлемінде

Мақсаты: Оқушыларға химия ғылымының құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе отырып, ойын элементтері арқылы, қосымша материалдардан мағлұмат беру, өздігінен ізденуге, топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа баулу, тапқырлыққа үйрету қажет.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, NaOH, H2SO4 индикатор, лакмус қағазы,     ф-ф, метилоранж 10 дана элементтер,тор Н2О формуласы, сөзжұмбақ.
Жоспар:
Кіріспе. Құрметті ұстаздар, оқушылар, қош келдіңіздер!
Жүргізуші:   Білім деген биік шың,
                        Бақытқа сені жеткізер.
                        Білім деген ақылшың,
                        Қиындықтан өткізер.
Екі топтың аты үшін көрініс.
Көрініс.Аррениус, Усанович екі ғалым кіреді.
 -Міне ғажап, бір жерге тап болдық
      -Мына қонған ауылдар, кімнің ауылы болды екен!
      -Бір құпиясы бары анық, қалай анықтаймыз?
      -Бір жолын таптым; қоржыннан құралды шығарып, қазір тәжірибе жүргізсем бе деймін: Н2SО4-ке лакмус салады. Сонда қағаз қызыл түске боялады. Демек қышқылдар ауылы болды ғой.
      -Жарадыңыз. Енді екінші ауылды мен анықтап көрейін: NaOH + лакмус = көк түске боялады. Бұл негіздер ауылы екен.
      -Біз химия еліне келіппіз. Армысыздар оқушылар! 
Жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметті ғалымдар! Химия елін табу қиынға соқты ма?
      -Әзер таптық.
Жүргізуші: Сайысқа «Қышқылдар», «Негіздер» ауылы қатысады. Әділ-қазылар алқасын сайлап алалық.
Жүргізуші: Көңілді тапқыштар, білімділер
                      Бар өнерін алдарына салады.
                      Кім білімді, көп оқыған болса егер,
                      Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
 
Ауылдардың таныстыруы.
«Қышқылдар» :  Терең білім алған соң арқасында.
 Ұстаздарды санайды халқы асылға,
Қанаттанып келеміз біз де міне.
                               Сегізінші сынып партасында.
«Негіздер»Айтар болсақ жақсылап,
                                   Шәкірт деген жас бұлақ.
                                   Сендерменен көрмекпіз,
                                   Бұл сайыста бақ сынап.
 
Жүргізуші:Тағы келді сыналар шақ айналып,
                     Тереңіне білім теңіз бойланып,
                     Кім шешеді сол сайыста  ұтып тұр .
           Сұрақ-жауап кезегіде келіп тұр.
 
I-бөлім Сұрак-жауап
Қышқылдар алынуы
1. Адам мен жануардан бөлінеді, өсімдіктің торына ілінеді  СО2
2. Оң заряды бірдей, ядросы бар атомдардың белгілі түрі.(Химиялық элемент)
3. Екі элементтен туратын, біреуі оттек болып келетінкурделі зат (оксид)
4. Индекс нені білдіреді(атом санын)
5. Периодтық  жүйеде сілтілік металдардын басталып инертті газдармен аяқталатын қатар қалай аталады(период)
6. Кристал торларының неше түрі бар(4түрі бар)
 
 
                                            Негіздер ауылына
1. Сілті, қышқыл ерітінділерінде түсін өзгертетін заттар?   (индикаторлар)
2. Химиялық таңбаның  алдына қойылатын цифр?(коэффицент)
3. Металл атомынан бір немесе бірнеше гидроксотоптан тұратын күрделі заттар?(негіздер)
4. Металдардың тотығу дәрежесі қандай?(оң)
5. Термометрде  қолданылатын металл?(сынап)
 
   V- бөлім: «Қызықты тәжірибелер»
 
Ауыртпай жасалған «операция» 
Үстіне ақ халат киген оқушы қыз тәжірибе  үстелінің жанына келіп, балаларға қарап: «Қазір сіздерге адамның денесін ауыртпай операция жасауды көрсетпекпін. Операцияның жасалуы да, жазылуы да тез. Бір батылдауың, осында келуіңді сұраймын» - деп, шақырады. Жанына келген оқушының білегіне«спирт» жағады да, операция пышағын дезинфекциялағыш сұйықтан алып, оның білегін ары-бері кескендей болады  (оны пышақтың сыртымен жасайды) қолдан «қан» шығарады. Артынан қолдың «қанын» тазалаған болып, суланған таза шүберекпен сүртеді, қолы жазылады, «қан» шығарады. Бұл қызықты «операция» отырғандарды таңқалдырады. Бұдан кейін оқушы өзі жасаған «операцияның» жасырын сырын айтады. «Мен оқушының білегін спиртпен тазалаған болып, оған 5проценттік темір(III) хлоридінің ерітіндісін жақтым да, калий роданидінің ерітіндісіне батырылған операция пышағын алып, пышақтың сыртымен оның қолын кескен болдым. Сонда оқушының білегінде темір хлориді мен калий роданиді әрекеттесіп, қан тәрізді темір роданидін түзеді». Ол реакцияның теңдеуін былай жазуға болады;
 
FeCl3+3KCNS=Fe(CNS)3+3KCl
 
Үстел үстінде атқылаған «жанартау»  
   Кешті жүргізуші:
-Балалар, сендерге жанартаудың атқылауы жөніндегі мәліметтер, география сабағынан белгілі.Сол вулканды үстел үстінде атқылатуға бізде мүмкіндік бар.Қарсылық болмаса,біз шамды сөндіреміз, өйткенівулканның атқылауы қараңғыда жақсы көрінеді, ешқандай шу болмасын!-дейді. Кешті жүргізуші штативке бекітілген асбест торының үстіндегі қос хром қышқылы аммоний тұзына сірінке тигізеді. Сонда одан жан-жаққа, жасыл түсті жалын шығара ұшқын атып, дыбыс шығарған вулкан атқылағандай әсері бар құбылыс байқалады. Алынған зат көлемін әлденеше өсіріп, жасыл түсті күлге айналады. Сонда мынандай химиялық реакция жүреді.
(NH4)2Cr2O7        Cr2O3+N2+4H2O
Бұл тәжірибені тау макетінің устінде жасаса әлдеқайда әсерлі болады. Қос хром қышқылы аммоний тұзын тұтандырардан бұрын бір екі тамшы спирт тамызып құйған жөн.Ол қос хром қышқыл аммоний тұзының тез тұтанып, бірден айырылуға мүмкіндік береді. 
 
Жанбайтын орамал
Құрал жабдықтар: мақталы матадан жасалған қол орамал, этил спирті, ұстағыш, шырпы.
Ең алдымен қол орамалды суға матырып аламыз да, оны кішкене сығамыз, содан кейін орамалды жақсылап спиртпен қанықтырып аламыз.
Қол орамалдыбір қысып аламыз да, қолды алға созған күйде орамалға шырпыны жақындатамыз (тәжірибені екі адам орындау тиіс). Спирт бірден жанады орамал жанып жатқандай көрініс болады. Бірақ, жану тоқталады, ал орамал өз күйін сақтап, бүлінбейді. Себебі, сулы орамалдың жану температурасы, спирттің жану температурасынан әлдеқайда жоғары.
 
VI-бөлім:Есеп шығару.
       Сын тұрғысынан ойлаймыз,
       Білімнің тереңіне бойлаймыз.
«Есептер сыры»
1.Қышқылдар тобына: Массасы 200г шаймен бірге адам судың қанша молекуласын ішетіндігін табыңдар. Бір мөлшер 0,5л. Минералды су ішкенде ше?
2.Негіздер тобына: Қыз бала тамақ пісіріп жатқанда абайсызда массасы 15г. Бір ас қасық қанттыC12H22O11 жерге шашып алды. Ол қанттың қанша молекуласын шашып алғанын есептеңіздер?
 
6. Химиялық реакцияны жылдамдататын, өзі реакция нәтижесінде өзгермейтін заттар? (Катализаторлар)
III-бөлім: «Тормен су әкелу» ойыны. 
2топ оқушыларына металдан немесе жіппен тоқылған тор беріледі. Суды төкпей, жылдам әкелу керек. Қалайәкелуге болады? 2торкөзге ас тұзын толтыру. Қалай толтыруға болады?
 
IV-бөлім:«Полиглот»
1. Мыс
2. Алтын
3. Қорғасын
4. Күміс
5. Темір
6. Сынап
Қорытынды.Аррениус пен Усанович мырзалар оқушылармен қоштасып, разы болады.
 
Қызық думан өміріміз ғаламат.
Қас қаққанша жаңа қала, жаңа бақ.
Қыруар істің қайсысында болса да,
Құдіретті  химия жүр аралап

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Азот оксидтері. Азот қышқылы. Нитраттар.
Негіздер
Су. Ерітінділер. Негіздер.
НЕГІЗДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ, АЛЫНУЫ, ҚАСИЕТТЕРІ
Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері, қолданылуы
Натрий, қасиеттері, алынуы, қолданылуы
Химия әлемінде
Қышқылдардың құрамы, алу жолдары
Хлордың оттекті қышқылдары . Йод
Қышқылдар, олардың жіктелуі және қасиеттері
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 2217 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык