Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ш. жобаға жұмыс таңдау. Ағаш ж/е басқа материалдармен жұмыс істеу


Ш. жобаға жұмыс таңдау. Ағаш ж/е басқа материалдармен жұмыс істеу

Сабақтың тақырыбы: Ш. жобаға жұмыс таңдау. Ағаш ж/е басқа материалдармен жұмыс істеу (практика)

Сабақтың мақсаты: Бүгінгі күннің қажеттілігі –кәсіпкерлікке, іскерлікке үйрету, оқушыларға ағаш материалдары негізінде бұйымдарды көркемдеп өңдеу арқылы эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, бұйымды өтімді, тартымды жасауға үйрету
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі: Қар күрейтін күрек жасау технологиясын білу, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ағаш өңдейтін жұмыс үстелінде жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Дамытушылығы: Қар күрейтін күрек жасату арқылы бұйымды толық аяктауда өз бетінше композиция құруға мүмкіндік беру, ой- қиялын дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушылардың эстетикалық талғамдарын, танымдық деңгейлерін көтеру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ, сарамандық жұмыс.
Сабақта қолданылатын әдістер: Жұптасып және топпен жұмыс. Сызу, түсіндіру, салу, көрсету,таныстыру, сұрақ-жауап, проблемалық.
Сабақтың көрнекілігі: Күрек жасаудың технологиялық картасы, дайын бұйымдар, дайындамала
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, жұмыс орнын даярлау,
2. Жаңа сабақ.
Оқушыларға проблеманы болжау сұрақтарын қоямын.
1.Қыс мезгілінде жер үйде тұратын адамдар үшін қандай проблемалар кездеседі?( от жағу, қар күреу…)
2. Сендер ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме?
3.Қар күреу үшін не керек? (қар күрейтін күрек)
4. Күректі қайдан аласыңдар? (магазиннен, базардан…)
5.Сендердің бойларыңа сай күрек кездесе ме?
6.Күректер қанша тұрады? (1000- 1500теңге)
Сонымен біз бүгін өз қолымызбен бойымызға сай, жеңіл,қар күрейтін күрек жасауды үйренеміз.
Мұндай күрек жасауға көп материал да қажет емес, мектеп шеберханасында оны жасауға керекті құрал жабдықтар да жеткілікті.
Бұйымның қызметі: ауланы қардан тазалау.
Қажет материалдар: ағаш, шебік (фанера), қаңылтыр, бұрама шегелер.
Ал бұйым төмендегі кестедегі талаптарға сай болу керек.
Қауіпсіз жасалатын
Бұйым мөлшері жас ерекшелігіне сай болу керек
Жасалуы қарапайым
Тез табылатын қымбат емес материалдардан
Ағаш күрек
Әдемі дизайн
Экономикалық шығын көп емес
Жасауға қажетті материалдар мен жабдықтар жеткілікті
Еңбек шығыны да көп емес
Қолдарыңа таратылған техникалық сызбасында барлық мәлімет көрсетілген. Жасалатын күрек бірнеше бөлшектен тұрады. Ал бұйым осы бөлшектерді құрастыру арқылы жасайды.
3. Сарамандық жұмыс
Оқушыларды 3 топқа бөліп, топтасып жұмыс жасауға шақырамын. Әр топқа жетекші бекітемін.Жетекшілерге сабақ соңында тобындағы оқушылардың жұмысқа қатысуын бағалайтыны ескертіледі.
Қолдарына техникалық сызбаларды таратып беремін.Оқушыларға техникалық сызбаға қарап күрек жасауға қажетті бөлшектерді жасап алу тапрсырылады.
Топ жетекшілері бөлшектер толық дайын екенін хабарлап, күрек құрастыруға арналған технологиялық картаны таратады. Карта бойынша күрек құрастырылады.
Оқушылардың білімін бағалау: Топ жетекшілерінің бағасын тыңдай келе ескерту, мадақтау айта отырып бағаланады.

Үйге тапсырма:


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ағашты өңдеу
Ағаш күрек жасау
Ағаштарды көркемдеп өңдеу, жиналмалы балалар орындығын жасау
Жобаны таңдау, негіздеу
Кәсіби маңызды қасиеттерді дамытуда адамның мүмкіншілігі
Сызба бойынша ағашқа белгілер түсіру. СТД-120 станогін жұмысқа дайындау
Қарапайым бөлшектерді өңдеудің технологиялық картасын жасау
Токарь станогында бөлшектерді жону. Қауіпсіздік ережелері
Ағаш бөлшектерін бұрама шегемен, нагельмен құрастырып-бекіту
Қарға арналған күрек
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2386 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык