Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Технологиялық шығармашылық негіздері, құрамы, басты мақсаттары


Технологиялық шығармашылық негіздері, құрамы, басты мақсаттары

Сабақтың тақырыбы: Технологиялық шығармашылық негіздері, құрамы,басты мақсаттары

Мақсаты: Шығармашылық жоба туралы білімдерін арттыра отырып, жоба жасау және оны қорғауды үйрету.
А. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, өзінің қиялын, пікірін, көзқарасын қалыптастыра отырып, ой-өрісін дамыту.
Ә. Оқушының ізденімпаздығын, іскерлігін, шеберлігін, икемділігін арттыру, жоспар құруды үйрету алдына қойған мақсаттарына жету, қабілеттерін дамыту.
Б. Ептілікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақта қолданатын әдістер: Мәтінмен жұмыс, «Әңгімелесу парағын» толтыру, кестелерді, схемаларды толтыру, топтастыру әдісі, тест, шығармашылық жобаны қорғау, ой-пікір алысу.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:
компьютер, «Әңгімелесу парағы», интерактивті тақта, ручка, таблицалар, схемалар, бүктеме, суреттер, иллюстрациялар.
Пәнаралық байланыс: «Технология» (5-9 с.), информатика, математика, экономика, экология, бейнелеу өнері, тарих.
Сабақтың мазмұны мен өту барысы: 
1. 1. Ұйымдастыру  – 1 мин.
а) түгендеу;
ә) құрал-жабдықтарды тексеру; Қауіпсіздік сақтау ережелері
б) формаларын тексеру
2. Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты.
3. Мәтінді оқу, түсіну – 1 мин.
4. «Әңгімелесу парағын» толтыру – 7 мин.
5. Интерактивті тақтамен жұмыс – 10 мин.
• «Ізденіс жұмыстар» – топтастыру әдісін қолданып.
• Эскиз орындау схемасы.
• Технологиялық карта бағандары.
• Қауіпсіздік сақтау ережелері.
• Сарамандық жұмыс.
• Экономикалық есептер, формуласы.
• «Экологиялық дәлел» топтастыру әдісі.
• «Шығармашылық жұмысты пайдалану» топтастыру әдісі.
• Жарнама схемасын құру.
• Пайдаланған әдебиеттер.
6. Бекіту: «Шығармашылық жоба» схемасы.
1. 1. Тест: «Шығармашылық жобаны қорғау».
2. 2. Компьютермен бағалау: 50%-70% – «3»
70%-85% – «4»
85%-100% – «5»
1. 3. «шахмат және шашка ойнауға арналған сувенирлік тақтайшасы » атты   шығармашылық жобасын қорғау кезеңдері: 
1. I. Ізденіс жұмыстары:
1) Технология түрін таңдау.
2) Ақпарат жинау:Шахмат және шашка тарихы, щартты белгілері,үлгілердің схемасы.
3) Тақырыпты таңдау.
4) Эскиздеу.
5) Құрал-жабдықтарды дайындау.
6) Қауіпсіздік сақтау ережелері.
7) Технологиялық карта құрастыру.
1. II. Конструкциялық жұмыстар: 
1) Өлшемдерді алу.
2) Сызбалар мен схемаларды орындау.
3) Шахмат тастарын станокта жону
4) Шашка тастарын станокта жону
5) Шахмат тақтайшасының қорабын жасау.
6) Шахмат тақтайшасының қақпағын жасау және шахмат тақтайшасының бетін ақ-қара клеткаларға бөлу.
7) Әдемі дизайн жасау. Әсемдеу, әрлеу.
1. III. Шығармашылық жобаны қорғау: 
1) Экономикалық есептер шығару.
2) Экологиялық дәлел.
3) Пайдалануы.
4) Жарнама жасау.
5) Пайдаланған әдебиеттер, сайттар, интернет.
10. «Ой-пікір алысу» парағын толтыру – 1 мин.
11. Қорытындылау – 1 мин.
9-сынып №30сабақ
Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жобаға жұмыс объектілерін таңдау, саралау, талдау. (практика)
Сабақтың мақсаты: Шығармашылық жоба туралы және оның қоғамға пайдасы, туралы түсінік беру, ұғындыру.
I. Ұйымдастыру бөлімі: 
I. II. Үй тапсырмасын сұрау: А) Шығармашылық жоба дегенді қалай түсінесің? Ә)Жобаға қандай тақырыптар алуға болады? Б) Жоба таңдағанда қойылатын талаптар.
III. Жаңа сабақты баяндау: Шығармашылық жоба – бұл мұғалімнің жетекшілігімен орындалатын қорытынды шығармашылық жұмыс. Жобаның қаншалықты орындалуы арқылы оқушылар сабақты қаншалықты игергені, білімдері байқалады. Бұл шығармашылық жұмысты технология пәні бойынша алған білімдерін қорытындылайтын бақылау жұмысы деуге де болады.
Адамның әдемілікке деген қызығушылығы адамзат пайда болғаннан бері бар.
Жоба таңдағанда қойылатын талаптар. Таңдаған затың өзіңе жақсы таныс, түсінікті, қызықты болуы тиіс. Таңдаған заттың тұрмыста пайдаланылатын орнын білу қажет. Ол сенің шығармашылығыңды көрсете ала ма? Осы затты жасау қолыңнан келе ме? Алға қойған міндетіңді орындай аласың ба? Таңдаған жобаңның күрделілігін, қанша еңбекті қажет ететінін білу керек.
Жоба жеке бөліктерден тұрады: суреттерден, қандай да бір бұйымдардан және тағамнан, киімді жобалау, моделдеу, қолөнер, интерьер т.б. Зерттеу нәтижесінде жоба экономикалық есепте шығарылады.
Жобаны орындау барысында оны бір оқушы немесе бірнеше оқушы бірігіп орындауға болады. Жобаны бірнеше оқушы бірігіп орындағанда жұмысты мұғалім теңдей етіп бөліп береді.
Ұйымдастыру және дайындық кезеңі. Жобаның орындалу барысы. Шығармашылық жобаны бастамас бұрын жұмыс барысына көңіл бөлуді қажет ететін жайттарды сұлба түрінде жасап алған дұрыс.
Жоба қорғауға қажетті құрал – жабдықтар мен бұйымдар. Тігін машинасы, инелер, қайшы, қалам, милиметрлік қағаз, оймақ, үтік, кергіш
Қорытынды саты 

1. 1. Жоба қорғау. Шығармашылық жобаны қорғағанда оқушы орындалған жобамен кластастарын таныстырып немесе дайындаған бұйымын көрсетіп шығады. Неліктен осы жобаны таңдағаны туралы, сондай – ақ жобаны орындауға қойған мақсат пен міндеттері туралы айтып береді. Жобаны орындау барысында қолданылған құралдар мен амал – тәсілдер, қосымша әдебиеттер: Таңдап алған бұйымы туралы, оның жеке сәнге айналғаны, ерекшелігі туралы айтып береді. Таңдаған матаның қасиеті, оның осы бұйымға, оның пішініне сәйкестігі, түстер үйлесімділігі: бұйымның жағымды және жағымсыз жақтарын, бұйымды өңдеу әдістерін көрсету.
Осы жобаны орындау барысында жинаған тәжірибесі мен кездескен қиындықтарды бөлісу: бұйымның өзіндік құнын жариялау, бұйымның дұрыс таңдалғанын, оның орындалуының мақсатқа сәикестігі.
1. 2. Сапасына қарай бағалау. Орындалған жобаға өздігінен баға беру, ойымен бөлісу және мұғалімнің бағалауы.
IY.   Бағалау.
Y.   Үйге тапсырма: Үйден таңдаған тақырыптарына мәнжазба жазып келу.

 

1. Жобаның аты
2. Өзектілігі
3. Шешу жолдары


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Шығармашылық жоба
Жобаны таңдау, негіздеу
Жобаны талдау
Жобаны қорғау
Шығармашылық жоба туралы және оның қоғамға пайдасы
Шығармашылық жобадегеніміз не Шығармашылық жобаның негізгі кезеңдері
Шығармашылық жобаны орындау жүйесі
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін
Технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4681 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык