Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бесікті көркем өңдеудің технологиялық процесі


Бесікті көркем өңдеудің технологиялық процесі

Сабақтың тақырыбы: Бесікті көркем өңдеудің технологиялық процесі

Бесікті жасауда ағашты қолмен және станоктармен өңдеу процестері жүргізілді. Технологиялық процесс өндірістік процестің бір бөлігі болып табылады. Ол өңделетін шикізат пен материалдың мөлшерін,түрін немесе қасиетін өзгертумен тікелей байланысты жүргізіледі. Ағаштан түрлі бұйымдар жасаудың технологиясы бірнеше кезеңге бөлінеді.Олар: - материалдарды кептіріп-құрғату;
• дайындауға арналған ағаш материалдарын дұрыс үлгімен дәл өлшемдерге келтіру үшін механикалық тәсілмен өңдеу; 
• дайындалған құрамдас материалдарын бір-біріне желімдеп жапсыру; 
• тазартылған ағаш материалдарын ақтық үлгіге келтіру үшін механикалық тәсілмен өңдеу; 
• бөлшектерді біртұтас құрастырылатын бірлік өлшеміне жинақтау; 
• оларды механикалық тәсілмен өңдеу; 
• бөлшектер мен біртұтас құрастырылатын бірлік өлшемдерін нақтыбұйым етіп жинақтау; 
• бөлшектерді біртұтас құрастырылатын бірлік өлшемдерін немесе дайын болған тұтас бұйымды біржола өңдеп бітіру.
Бесікке – қарағай ағашы пайдаланылады. Материал алдын-ала қалыпты жағдайда кептіріп,құрғатылады. Технологиялық процестің келесі кезеңдері бойынша дайындауға арналған ағаш материалын өлшеп-кесу, яғни механикалық тәсілдермен өңдеу.
1. Ағашты механикалық тәсілмен өңдеу. Аралау – ағашты көп жүзді аспаппен-арамен бінеше бөлшек етіп бөлу.Дөңгелек (дискілі) арасы бар,станокта ағаш материалын алдын-ала белгіленген (ені және ұзындығы) бойынша өлшеп-кесіп дайындау жұмыс түрлері атқарылды.
Фрезерлік өңдеу - ағаштың жұқа қабатын айналмалы жүзі бар станокпен бірте  -бірте жүйелеп кесу. Бұл ретте ағаштың үстінгі қабатындағы орақ тәріздес жаңқалар тазартылады. Фрезерлік өңдеу сүргілеп жонатын рейсмустық фрезерлік және бұдырлық станоктармен жүргізіледі.  Сүргілеп жонатын станоктар майысқан қисық бөренелер мен қалқан тақтайларды геометриялық тұрғыдан жап-жазық және теп-тегіс етіп сүргілеп жонуға қолданылады.
2. Токарь станогымен ағашты өңдеу. Бесіктің белағашы станогында өңделеді. Жалпы айналатын денелер түріндегі бөлшектерді жасау үшін оларды токарь станогына салып жонып, егейді. Біздің отандық өнеркәсібіміз орталықты, қарама-қарсы және орталықсыз токарь станоктарын шығарды.
Орталықты станоктарда салыстырмалы түрде алғандағы диаметрі онша үлкен емес, ұзынша бөлшектер өңделеді. Бесіктің 80 см-лік белағашы және қазық ағаштары осы станокта өңделеді. Дайындалған ағаш материалдарды алдыңғы және артқы қыспақтардың орталығы арасына мықтап бекітіледі. 
Ағаш өңдейтін СТД-120 м үлгісіндегі токарь станогының негізгі бөлігі бағыттаушы тіліктермен қоса алғанда шойыннан құйылған тіректің негізі болып табылады. Ол өзінің екі тіректі табаны арқылы станоктың тұрақты әрі берік тұруын қамтамасыз етеді. Оған алдыңғы және артқы қыспақ тетіктер, ұстайтын тұтқасы орналастырылған. Станоктың жұмыс механизмдері кесу аймағын (жұмыс кеңістігін) құрайды. Бұл аймақ байқау экраны бар қорғағышпен жабылып тұрады.
Станок орнатылатын тіректі негіз өзінің тірек табандары арқылы ағаштан жасалған арнаулы платформаға мықтап бекітілген. Оның сол жақ бөлігіне станоктың электромеханикалық жетегі орнатылған. Ол жетек қайысты іске қосатын, білікке бекітілген қос сатылы тегершіктің сыналы белдігінен және токарь станогының алдыңғы қыспақ тетігінің шпинделіне бекітілген екінші қос сатылы тегершіктен тұрады.
Шпинделдің айналу шапшандығын өзгерту жетек белдікті бір тегершіктің тұтқасынан екінші тегершіктің тұтқасына ауыстыру арқылы жүзеге асырылады. Станоктың жетегі сақтандырып тұратын қорғағыш қаптамамен жабулы тұрады , ал ол қаптама бұранданың көмегімен мықтап бекітіледі. Станок жұмысына басшылық жасау түймеше тетік блогы арқылы қамтамысыз етіледі. Ол блок алдыңғы қыспақ тетікке орналастырылған. Дәл осы жерге жарық түсіретін шам бекітілген.
Дайындалған ағаш материалдарын бекітіп ұстау үшін ауыспалы шпинделдің саптама тетіктері пайдаланылады. Оған орталық шанышқысы бар корпус, патрон өңделетін ағашты станокқа бекітіп ұстайтын тығырық жатады. Әзірленген қысқа ағаш материалдары ішкі ойықтарды ойып-жону кезінде патронға бекітілетін болса , ағаш материалдардың диаметрі неғұрлым үлкендері тығырыққа орналастырылады. 
2. Бөлшектердің сыртын жонып - өңдеу
Бөлшектерді станокқа бекіту -орталыққа , патронға және тығырыққа бекіту сияқты барлық үш тәсілі кезінде олар жонып өңделеді.
Ортада өңдеу кезінде күні бұрын дайындалған бөлшек үшашалы кістегішпен артқы қыспақ тетіктің ортасына бекітіледі.
Қысқа бөлшектердің сыптын жонып-жану алдын-ала дайындалған ағаш материалдарын патронға бекіту арқылы атқарылады.
Дайындалатын ағаш материалдарды, бөлшектердің қандай мөлшерде әзірленетініне қарай таңдап алады. Ондай ағаш материалдарының кесілетін жерінің ең төменгі мөлшері жасалатын бөлшектің ең жоғарғы диаметрінен артық болуы , ал ұзындығы 40-50 мм артық болуы тиіс. Дайындалатын ағаш материалдарында ешқандай жарық, бұтақ көздері, қисық-қиғаш қабаттар, шіріген жерлер кездеспегені дұрыс


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қолқанат ағаш өңдеу токарь станогы
Ағашты тіліп жонатын станоктарында жұмыс жасау, ара, сүргі
Ағашты қыл арамен кесу
Ағашты механикалық тәсілмен өңдеу түрлері. Ағаш өңдеу станоктарының құрылысы. Қауіпсіздік ережесі
Ағаш өңдеу станоктарында жұмыс істеуге арналған шикізат дайындау
Қарапайым бөлшектерді өңдеудің технологиялық картасын жасау
Токарь станогында цилиндр үлгісіндегі, конус үлгісіндегі, фасонды бөлшектерді жону
Ағашты механикалық тәсілмен өңдеу. Ағаш өңдейтін токарь станогында жұмысты ұйымдастыру. Қауіпсіздік ережелері
Ағаш өңдейтін токарь станогында жұмыс істеу. Қауіпсіздік ережелері
Ағаш өңдейтін токарь станогында жұмыс істеу. Қауіпсіздік ережелері.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2687 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык