Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Терезе жақтауын өзірлеу технологиясы


Терезе жақтауын өзірлеу технологиясы

Сабақтың тақырыбы: Терезе жақтауын өзірлеу технологиясы

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Ағаш  діңінен өңделетін материалдармен  олардан жасалатын өнім түрлерімен танысу.
ә) тәрбиелік: Оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін , қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.
б) дамытушылық: ағаш кесінділерінің алуан түрлі  болатынын, оның  қолдану салаларының да өте кең екенін түсіндіре отырып,  оқушылардың    ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пән аралық байланыс : математика,биология
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ауызша сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс жүргізу.
Көрнекіліктер: ағаш кесіндісінің суреттері, плакаттар, интерактивті тақта, кітаптар, журналдар, сөзжұмбақ, кесте, ағаш туралы әзіл өлеңдер.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Ағаш шебері (Ағашшы ) - ағаштан түрлі тұтыну бұйымдары мен үй жиһаздарын жасайтын маман. Ағаштан түйін түйетін шеберлерді төрт топқа бөліп қарастыруға болады: балташылар - үй құрау, арба, шана, есік, терезе жақтауларын тағы басқа жасаушылар; үйшілер - киіз үйдіңкереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, адалбақан, асадал сынды тағы басқа бұйымдарын жасаушылар; оймашылар - жүкаяқ, кереует, кебеже, абдыра, саз аспаптарын оюлап жасаушылар; тоқушылар - себет, ергенек, қорап тағы басқа тұрмыстық бұйымдарын тоқушылар.
Ағашшы күнделікті тұтынатын ас-су жабдықтарын: тостаған, аяқ-табақ, сапты аяқ, ожау, қалақ, иіелек, күбі, астау, ат әбзелдері (ердің қаңқасы, ашамай), үй жиһаздарын: жүкаяқ, кебеже, сандық, асадал, адалбақан, аша, бақан, тіреуіш, төсек, бесік тағы басқа дүйім дүниені жацап, мәнерлейді. Ағаштан жасалған бұйымдар төзімді, әрі жеңіл болғандықтан, қазақ көшпелі тұрмысында қолдануға ыңғайлы болды.
Ағаш тасуға ыңғайлы болғандықтан ағашшы үйін орманға жақын жерге салған. Ағашшы кәсібімен айналысатындар қайың, арша, қарағай, тораңғы сияқты ағаштарды таңдап алып, көлеңке, әрі кұрғақ жерде кептіріп, жонып сүргілейді. Ағашты кесу, тесу, ою, ыңғырулау, өңдеу, дайын болған соң, бояу, оюлау, бедер салу сияқты істерге кіріседі. Ағаш үйдің уығын морлап ию, керегені қырып көктеу, шаңырақ ию, есік үйлестіру сияқты тәсілдер де кең қолданылды.
Ағаш шебері өздері өмір сүрген табиғи ортадан керегін тауып, таңдап, қажетті бұйымдар жасай білген. Ағаш желімін де қолдан қайнатып дайындаған. Сөйтіп, ағашшылар өздері жасаған бұйымдарды сатып немесе малға, тағамға айырбастап, кәсіпшілігімен күн көрген.
Ағаш шеберлік аспаптары - ағаш ұқсату, өңдеу жұмыстарына қажетті саймандар. Кез келген жұмысты бастар алдында ағаш шебері кұрал-саймандарын сайлап алады.
Ағаш ұсталары кұрал-саймандарын кесу, шабу, қию, жону, керту, ою, оймыштау, қырнау, қыру, тесу, сургілеу, тілу, қару, бояу, жылтырату, сырлау, шегелеу, желімдеу және тағы басқа жұмыстарда қолданды.
Ағаш шеберінің негізгі құралдары мыналар: балта, балға, ара, шот, сүргі, бұрғы, түрпі, тез, қашау, шапқы, қырғыш, ұңғы, ыңғыру, сыдырғы, егеу, тістеуік, үскі, пышақ түрлері және тағы басқа ағаш шеберінің аспаптар қатарына ағаш балға, шот, атауыз (қысқы), аталғы, пышақ, пәрмі, қолшығыр, балға, ағаш балға, ұртоқпақ (қолағаш), қырғыш, сүмсуір, қаламдықтемір (көзеуіш), ақсақтемір, қайрақ, білеу, қылау, жануыш, сүргі, зімпара, бұлғауыш, қылқалам, қуысқұлақ, белтемір, інкенже, жаңғырық, сына жатады. Бұлардың кейбірі сайманды ұруға (ағаш балға, ұртоқпақ (қолағаш), екіншісі - өлшеуге (ақсақтемір) немесе кұрал-сайманды қайрау немесе астына тосып салу (жаңғырық, сына) сияқты жұмыстарға пайдаланылады


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ағаш күрек жасау
Ағаш немесе бетон үстіне паркет төсеу. Паркетті «шырша» әдісімен шегелеу
Ағаш шебері мен ұсталык жүмысына қажет материалдар
Есік, терезе салынатын қорабтарды жасау технологиясы
Пәтердің есіктерін дайындау және жөндеу технологиясы
Ағашты көркемдеп оюдың түрлері
Ағашты өңдеу. Нақыштама. Геометриялық ою, айшықты ою,бедерлі ою,мүсіндік ою. Күйдіру
Терезені әйнектеу технологиясы
Ағашқа түсірілетін оюлар түрлері. Әшекейлі ағаш беттеріне өң беру және күйдіру әдістері
Ағашты ою. Ағаштан сувенирлік бұйымдар дайындау
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3229 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык