Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жай сөйлемдерден өткенді қайталау


Жай сөйлемдерден өткенді қайталау

Сабақтың  тақырыбы: Жай сөйлемдерден өткенді қайталау

Сабақтың  мақсаты: 

1.Білімділік: жай  сөйлемдердің  түрлерін  ажырата білу;  оқушылардың алған  білімдерін  пысықтау жұмыстары  арқылы тексеру; 
2. Дамытушылық: топпен  жұмыс  түрін  жандандыру; бала бойындағы  ойды  бүкпесіз  айта білу; 
3. Тәрбиелік: Оқушы белсенділігін; қызығушылығын  жұмыс істеу қабілетін  арттыру; 
Сабақтың түрі: қайталау сабағы. 
Сабақтың  типі:  сұрақ – жауап, әр технологияның элементтерін пайлану; 
Сабақтың  әдіс – тәссілдері: сұрақ  жауап; тест; талдау; 
Сабақтың  өту барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі: 
2. Үй тапсырмасын тексеру. 
3. «Ой қозғау» бағыты. 
«Қасиетті қазақ тілі.» тақырыбына арнап өзіндік төрт шумақты өлең жолын құрастырып жіберу.Оқушы ойының әр түрлілігіне қарамай, еркіндікберу.

Бүгінгі  сабағымызды  бастамас бұрын  мына  бір сұраққа  жауап берейік.
-Абай кім?
-Абайды  бүкіл әлемге  танытқан  кім?
-Қазақстан  үшін Әуезов кім?
Олай болса, «Кімде-кім өзінің  ана тілін сыйламаса, бағаламаса, оны  сауатты, мәдениетті адам деп санауға  болмайды» деген М.Әуезовтың  мына  бір  сөзін  арқау  етіп  топпен  жұмысымызды бастайық.
І.Сабақтың  тақырыбы. Сабақтың  мақсатымен таныстыру. 
1 – топ «Нұрлан»
2 – топ «Әйгерім»
3 – топ «Бахар»
І.Тапсырма Нені білеміз? «Жай сөйлемнің түрлері»
 - атты сөзжұмбақты  шешу. 
1. Жай сөйлем  құрылысына  қарай нешеге  бөлінеді?
2. Жақты сөйлем мен  жақсыз  сөйлем  дегеніміз  не?
3. Толымды және толымсыз  сөйлемдер  деп нені  айтамыз?

 «Топтастыру» әдісі:
I- топ   «Жай  сөйлемнің  құрылысына  қарай  бөлінуі»
ІІ – топ «Толымды  және толымсыз  сөйлемнің  айырмашылығын, ұқсастығын» «Венн» диаграммасы арқылы  көрсету. 
ІІІ – топ «Атаулы сөзге  толық сипаттама жасау»

1-Тапсырма. Карточкалармен жұмыс. 
1 – топ. Тіпті  ересек адамша  сөйлеп қапты (толық талдау)
2 – топ.Кім айыпты  екеніне әлі көзім жете қойған  жоқ. (фразалық тіркес)
3 – топ. Көкшетау маңы. Көлшүмектің  маңы. 
2– Тапсырма. «Талдау – табыс кілті» (Әр топтан бір оқушы  шығып, тақтаға сөйлем талдайды).
1 – топқа. Жүйесін  тауып айтылған  сөз  жүрекке жетіп, жүйкені  босатады. (толымды, жақты, жай)
СӨЗ – бір буын, бітеу.
С- дауыссыз дыбыс, қатаң. 
Ө -дауысты, жыңышке, еріндік, ашық. 
З – дауысты, жіңішке, еріндік, ашық. 

2 – топ. Ана  тілі -  мәдениеттің  алғы  шарты, дұрыс сөйлеу  білу. (жақты, толымды, жайылма). 
ШАРТЫ – 2 буын ШАР –ТЫ,  ШАР – бітеу, ТЫ –ашық
Ш-дауыссыз, қатаң. 
А-дауысты, ашық, жуан, езулік. 
Р-дауыссыз , үнді. 
Т-дауыссыз, қатаң. 
Ы-дауысты, жуан, езулі, қысаң. 

3 –топ. Атаға  қарап ұл өсер
             Анаға  қарап  қыз өсер. (жақты, толымды, жай).
ӨСЕР – 2 буын Ө - СЕР, Ө -ашық, СЕР-бітеу. 
Ө -дауысты, жіңішке еріндік  ашық.
С – дауыссыз, қатаң
Е – дауысты, ашық, жіңішке езулік. 
Р – дауыссыз, үнді. 

IV – тапсырма «Кітаппен  жұмыс» (Ауызша)
88 – жаттығу. 
1 – топ. Мәтінді  оқу. Мазмұндау. (Оқушылық деңгей)
2 – топ.Әңгіме құра. (Алгоритмдік деңгей).
3 – топ. Бейнелі сөз,  фразиологизмді табу. (Ізденімділік  деңгей)

V – Тапсырма. «Ой қозғау»
Арқауды (эпиграфты) еске  ала отырып, шағын әңгіме жазу. 
1 – топ «Тіл – алып  күш»
2 – топ «Тіл – асыл қазына»
3 – топ «Ана тілім айбыным»

VІ – Тапсырма  «Суретпен жұмыс»
«Ойлан- ойлан ойландыр»(әр топ  өз топтастыру әдісі  бойынша  суретте  қорытындылай ассоциация жасайды).
VІІ.Үйге  тапсырма беру. 91- жаттығу. 2 абзац. 
VІІІ.Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Фонетикалық талдау
Қазақша-орысша грамматикалық терминдер сөздігі
Фонетика
Үндестік заңы
«Дауысты дыбыс» бойынша тест сұрақтары
Жай сөйлемдерден өткенді қайталау
Фонетикадан өткенді қайталау
Жай сөйлемдерден өткенді қайталау
Фонетикадан өткенді қайталау
Толымды және толымсыз сөйлемдер
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2010 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык