Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 3981 |
|
|
|
Махаббат! Мен оны айнытпай білемін, Әрдайым бала, - деп соғады жүрегің
Тәрбие сағатының тақырыбы: Махаббат! Мен оны айнытпай білемін, Әрдайым бала, - деп соғады жүрегің
Тәрбие сағатының мақсаты: Баланың анаға деген сүйіспеншілігін байқау; өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу; көңіл - күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу;
Әдістері: Жағымды ахуал тудыру, топқа бөлу,постер қорғау
Көрнекілігі: Жұмыс парақшалары, видеороликтер, слайдтар
Техникалық құрал: компьютер, интерактивті тақта, CD дискі
Пайдаланылған әдебиет: МАН-нұсқаулығы
Қосымша: интернет материалдары
Тәрбие сағаттың барысы :
Тәрбие сағаттың бөлімдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
І. Жағымды ахуал тудыру
2 -мин
-Сыныпты топқа бөлу, бағалау парақтарын тапсыру
5-мин
- Сабақтың тақырыбымен таныстыру
Күлімдеп күн бүгін (Қолдарын көтереді)
Қарайды маған да (Кеуделеріне қояды)
Күлімдеп күн бүгін ( бір-біріне қарайды)
Қарайды саған да
Ақша, Денсаулық, Білім, Махаббат
деген сөздерді таңдап,топқа бөлінеді.
(Осы сөздерден топ атын шығару)
«Махаббат! Мен оны айнытпай білемін,
Әрдайым бала ,-деп соғады жүрегің»
Оқушыллар интерактивті тақтадан өлеңді оқып, мұғалімнің іс-қимылын қайталайды.
Ақша-Ана парызын өтеу;
Денсаулық- ана жылуы;
Білім-ана тәрбиесі
Махаббат-Ана махаббаты
II. «Махаббат! Мен оны
айнытпай білемін,
Әрдайым бала ,-деп соғады жүрегің» (постер қорғау)
15 мин
III.(слайд1) Кері байланыс
5 мин Осы сөздердің мағынасын ашу
Ойлан, бірік бөліс әдісі
( Постер қорғау )
Бәрінің бастауы - махаббат!
Осы слайдтан қандай әсерде болдыңыздар?
Әр топ өз тақырыптарын ашып, постерлерін қорғайды.
Бағалау: (Критерий арқылы бағалау)
Өз әсерлерін айтады.
III. Ана жүрегі. Бақытжан Мұстафаев (Клип) слайд-2
Серпілген сауал
8
IV. “10 сұрақ” ойыны
5 мин
V. Ата-анаға қамқорлық
Слайд-4
3 мин
VI. Рефлексия 2мин
Мына бейнеклиптен қандай ой түйдің із?
Серпілген сауал
(1-7 сан ішіңізден таңдайсыз)
Мұғалім 3 сұрақ қояды 3 сұраққа 3 санды айтады сол санға сәйкес келген оқушы сауал,а жауап береді.
..... Қайран ана өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да-бәрібір шексіз сүйеді. Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу-бүкіл өміріңе кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ол өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны бай, нәрлене түседі.Әрине, аңаның да анасы бар. Халық: «Туған –ана емес, асырап, өсіріп, тәрбиелеген-ана», - дейді.
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.
Сен білесің бе?
Ашық айтсам....
Серпілген сауал
“Рабияның жауабы туралы сен не ойлайсың?”
“Мариямның жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?”
“Саламат, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?”
Хаттама- 1
12 акпан куні «Махаббат! Мен оны айнытпай білемін,Әрдайым бала ,-деп соғады жүрегің» тақырыбында 10 б сыныбында ашық тәрбие сағаты болып өтті.
Қатысқан мұғалімдер саны – 10
1.Бекенов Шыңғыс - Оқу ісінің әдістемелік орынбасары
2.Бекетова Гүлназ - Әлеуметтік тәрбие ісінің орынбасары
3.Серікбаева Жұлдызай- Тарих пәнінің мұғалімі
4.Медеуова Сауле – орыс тілі пәнінің мұғалімі
5.Дәулетова Эльмира- бастауыш сынып мұғалімі
6.Накипова Эльмира- бастауыш сынып мұғалімі
7.Іздібаева Гүлзина –биология пәнінің мұғалімі
Ашық тәрбие сағатын өткізген 10 б сынып жетекшісі ағылшын тілі пәні мұғалімі Кенебаева Светлана пікірі:
Ашық тәрбие сағаты 10 б сыныбында «Махаббат! Мен оны айнытпай білемін,Әрдайым бала ,-деп соғады жүрегің» деген тақырыпта өткізілді. Тәрбие жоспарының барлық бөлімдері орындалды,өз мақсатыма жете алдым.Оқушылар тәрбие сағатына өте жақсы ынталана отырып қатыса алды, өз ойларын ашық жеткізе білді. Тәрбие сағаты интерактивті тақтамен өткізілді.Сабақтағы түрлі әдістер , видеороликтер , слайд-шоу, бейнеклип және ойындар қолдану арқылы оқушыларға ананың балаға деген махаббатын шынайы екендігін мойындата алдым деп,- ойлаймын.
Қатысқан мұғалімдер пікірі:
Бекенов Ш -«Білім саласындағы өзгерістерге жаңа қадам» енгізе отырып, бүгін №107 орта мектебінде Кембриждік оқыту тәсілі бойынша тәжірибе алмасу ретінде өткізілген мектепшілік семинардың алғашқы жұмысы Кенебаева |Светлананың ашық тәрбие сағатына талдау жасап, көрсетілген жұмыстар бойынша баға беріңіздер.
Сөйлегендер:
«Жаңаша оқыту-жаңаша көзқарас»
1. Іздібаева Гүлзина- Сындарлы оқыту немесе Кембриждік оқыту туралы тәжірибе алмасудағы мектепшілік семинарда өткізілген Кенебаеваның ашық тәрбие сағаты ауқымды өте жақсы дәрежеде өтілді.Тәрбие сағатының тақырыбынан –ақ байқауға болады, тақырып жақсы таңдалған. Барлық көрсеткен слайд-шоулар, видеороликтер, бейнеклиптер барлығы бірінен соң бірі тақырыпты керемет ашып тұр.Оқушылар да сабаққа белсене араласып өз пікірлерін ортаға салды.. Мен бүгінгі тәрбие сағаттан өте жақсы әсер алдым.Тәрбие сағатын «өте жақсы» деп бағалаймын.
2. Бекетова Гүлназ – Светланаың бүгінгі тәрбие сағатынан өте жақсы әсер алдым.Мұғалім жан-жақты ізденгені көрініп тұр. Оқушыларға керемет дүниелерді көрсете алды. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе алды. Мұғалімнің ізденісіне кайран қалдым, осындай ізденімпаз, шығармашыл мұғалімдер саны мектебімізде асқақтай берсін, менің бір ғана ұсынысым бар соңғы көрсеткен Бақытжан Мұстафаевтың Ана жүрегі атты бейнеклип бала түгі бізге ауыр тиді, сол бейнеклиптің орнына бақа болғанда жақсы болар еді, жақсы көңіл-күймен отыр едік, сол клипті көріп, көңіліміз босап кетті. Бірақ тәрбие сағаты өте тартымды керемет өтті. Мен Светлананың тәрбие сағатынан барлық әдістерін болашақта өз сабағымда қолданамын.Тәрбие сағатын « өте жақсы» деп бағалаймын.
Хатшылық жүргізген: Ш.Бекенов
Хаттама 1
12.02.2014 жылы Қазақ тілі пәні мұғалімі Нұрымова Марита
5 а сыныбында «Дауыстылардың айтылуы» тақырыбында ашық сабақ болып өтті.
Қатысқан мұғалімдер саны: 5
.Бекенов Шыңғыс - Оқу ісінің әдістемелік орынбасары
2.Шүкірбаева Рауабану - оқу ісінің орынбасары
3.Төлеуова Алтыншаш- Биология пәнінің мұғалімі
4.Кенебаева Светлана – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
5.Ешниязова Ләззат- тәрбие ісінің орынбасары
Қазақ тілі пәні мұғалімі Нұрымова Марита пікірі: 5 а сыныбында «Дауыстылардың айтылуы» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабвқ өту кезінде мақсат-міндеттерімді толық орындадым. Жоспарланған жұмыстарым сәтті шықты деп айта аламын.
Сөйлегендер.
1.Ешниязова Ләззат қазақ тілі пәні мұғалімі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Нұрымова Марита сабақта жоспарлаған мақсат –міндеттерін толық орындады. Оқушылардан өткен сабақтан сиқырлы қалам әдісін пайдалана отырып, қайталау сұрақтарын қоя білді. Постермен жұмыс жасалды. Жаттығу жұиыстары орындалды.Біз бүгінгі ашық сабаққа қатысудағы мақсатымыз мұғвлімнен сындарлы оқыту теориясының әдіс-тәсілдерін алу болғандықтан мен Маританың сабағынан өзіме қажет әдістерді алам деп, айта алмаймын. Себебі Марита сабақты тек жаттығу жұмыстары арқылы жұмыс жүргізді . Сыныпта оқушылар белсенді, сабаққа жақсы қатысып, отырды.Сабақ жүйелі , бірақ түрлендіру керек ,-деген оймен бүгінгі сабақты «жақсы» деп бағалаймын.
3. Кенебаева Светлана ағылшын тілі пәні мұғалімі:
Марита сабақта толық мақсат-міндеттерін орындап шықты.Мұғалім теориялық жағынан сауатты. Дегенмен бұгінгі семинардың мақсаты мұғалімдермен тәжірибе алмасу ретінде ұйымдастырылғандықтан мен Маританың сабағына көңілім толған жоқ. Сыныпта сабақ бастамас бұрын оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында жағымды ахуал тудыру қажет. Жеті модульді ықпалдастыра отырып, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сабақты тартымды өтеізуге болады. Сынып өте белсенді, қандай әдістерді қолданса да кез-келген тығырықтан шыға алатын сынып болғандықтан мұғалімге шығармащылық ізденіс қажет секілді.Қорыта келе сабақты «жақсы» деп бағалаймын.
3.Шүкірбаева Рауабану оқу ісінің меңгерушісі:
Маританың сабағы жақсы дәрежеде өтті. Өткен сабақпен бүгінгі сабақтың байланысы бар, сиқырлы қалам әдісі маған ұнады. Оқушылар бір-біріне сиқырлы қалам ұсыну арқылы сұрақтарына жауап таба алды. Постер қорғатты, Оқушылар бірін-бірі бағалады. Жаттығу жұмыстарын орындауда оқушылар белсендік танытты. Маританың ашық сабағын «өте жақсы» деп бағалаймын.
Хаттама 1
12.02.2014 жылы Биология пәні мұғалімі Төлеуова Алтыншаш
8 ә сынып оқушыларының ата-аналары арасында « Әке – ер, ана – жігер ,бір үйде екі кемеңгер» тақырыбында тренинг болып өтті.
Қатысқан мұғалімдер саны: 5
.Бекенов Шыңғыс - Оқу ісінің әдістемелік орынбасары
2.Ақбаева Дәрігүл - бейіндік орынбасары
3.Мешітбаева Фарида – Информатика пәнінің мұғалімі
4.Кенебаева Светлана – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
5.Ешниязова Ләззат- тәрбие ісінің орынбасары
Биология пәні мұғалімі Төлеуова Алтыншаш : 8 ә сынып оқушыларының ата-аналары арасында тренинг өткізді.
Биология пәні мұғалімі Төлеуова Алтыншаш пікірі:
8 ә сынып оқушыларының ата-аналары арасында « Әке – ер, ана – жігер ,бір үйде екі кемеңгер» тақырыбында тренинг өткіздім. Тренинг өткізудегі мақсатым ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.Тренингте жоспарланған барлық мақсатыма жете алдым.
Сөйлегендер:
1.Тәрбие ісінің меңгерушісі Ешниязова Ләззат: Төлеуова Алтыншаш Заман талабына сай жаңаша әдіс – тәсілдерді көрсету арқылы ата-аналар арасында тренинг өте жақсы дәрежеде өтті. Ата –аналар тренингке жақсы дәредеде араласты. Мұғалім ата-аналармен тқптық жұмыстар жүргізді. Топта белсене араласа отырып, өз пікірлерін ортаға салды. Ата-аналарды өлең жолдарымен топқа бөліп, сол өлеңді ата-аналарға шырқатты. Тренингті «өте жақсы» деп бағалаймын.
2. Ақбаева Дәрігүл оқу ісіндегі бейіндік орынбасары: Алтыншаштың өткізген тренингі өте жақсы дәрежеде өтті. Тренингке ата-анлардың қатысуы жақсы. Ата-анлармен сиқырлы таяқша ойыны, топтық жұмыстар, жағдаяттан шығу тапсырмаларын берді. Сол тапсырмаларды орындауда ата-аналар белсенділік танытты. Тренингті мұғалім жақсы жоспарлаған. Тренингті «өте жақсы бағалаймын.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |