Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 3550 |
|
|
|
Ғарыш және Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Ғарыш және Қазақстан (интеллектуалды шара)
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Отан сүйгіштік, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру; білімге, ғылымға ұмтылдыру; ғарыш саласы туралы білімдерін молайту, қазақтың ғарышкерлерінің өмірбаяндарымен таныстыру.
Әдіс-тәсілдері: ойын, сұрақ-жауап, пікірталас
Түрі: дәстүрлі емес, жарыс
Көрнекілігі:электрондық кітапша, интерактивті тақта, презентация Power Point, плакаттар, карточкалар.
Өтілу барысы:
Мұғалім:Құрметті ұстаздар, офицерлер және тәрбиеленушілер! Бүгін 12сәуір-Дүниежүзілік косманавтика және авиация күні мерекесімен құттықтаймын. Әлемді дүр сілкіндірген ерекше тұлға КСРО ғарышкер-ұшқышы, Кеңес Одағының батыры Ю.А.Гагариннің ұшқанына 50жыл, Ақтөбелік жерлесіміз В.И.Пацаевқа 40 жыл, Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіровқа 20 жыл болды. Ғарыш және Қазақстан интеллектуалдық шарамызды бастаймыз.
Ойынға 3 топ қатысады. Әр топ 5 оқушыдан тұрады. Ойын 3 турдан тұрады.
І тур. «Сегіз қырлы бір сырлы»
15 сұрақ қойылады. Шапшаң топ сұраққа жауап береді. Жауап бермесе кезек келесі топқа беріледі.
Сұрақтар:
1. Аспан денелерін бақылайтын құрал?
2. Ең алғаш қазақ ғарышкері?
3. Ең алғаш ғарышқа ұшқан кім?
4. Тұңғыш жасанды жер серігі қашан ұшырылды?
5. Айға алғаш қонған қай елдің азаматтары?
6. Ғарыш туралы теорияның негізін салған кім?
7. Айды магнит тілшесі арқылы бағдарлауға бола ма?
8. Жерге ең жақын орналасқан жұлдыз?
9. Алғашқы ғарышқа ұшқан әйел ғарышкер кім?
10. Ақтөбеде дүниеге келген ғарышкер кім?
11. Қазақстанның тұңғыш космодромы не?
12. Ғарышкер ашық космосқа шығу үшін қандай киім киеді?
13. 1960 жылы 20 тамызда қандай оқиға болды?
14. Жерде Ай тұтылу болған кезде Айдағы ғарышкер нені көреді?
15. Ең алғаш ракетаның конструкциясын жасаған кім?
ІІ тур. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес»
Әр топ 6 сұрақтың ішінен 2 сұрақ таңдап алады. Кез келген уақытта көмек сұрауға мүмкіндігі бар. Көмек сұраса ұпайы төмендейді.
ІІІ тур. «Интеллектуалды казино»
Әр топ 3 сұрақтың ішінен және соған сәйкес ұпай таңдап алады. Егер дұрыс болса, таңдап алған ұпайы қосылады, әйтпесе шегеріледі.
Қорытынды.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |