Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 3227 |
|
|
|
Шеберлер еліне саяхат
Сабақтың тақырыбы: «Шеберлер еліне» саяхат
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың бұйымды әшекейлеуде білімдерін арттыру,өнерге баулу;
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін,өз істерін бағалай білуге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: оқушыларды алға мақсат қоя білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың типі: аралас
Өту әдісі: сарамандық,дидактикалық ойындар,ойын-саяхат
Көрнекілік: интерактивтік тақта,слайдтар,саяхат картасы,машина инесінің схемалық бейнесі
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
- Бүгін «Тігіншілер еліне» саяхат жасаймыз.Жыл бойына технология сабағынан алған білімдеріңді еске түсіресіңдер.Алдағы саяхатта бізге карта көмектеседі.
ІІ.Сабақ жоспары:
1.Бірінші аялдама «Батыл тігінші»
Батыл тігіншінің үйіндегі үстелдің үстінде түрлі құралдар жатыр екен.
- Қандай заттар?
Оны жұмбақтарды шешу арқылы білеміз
1.Тап,тап,тап жорға
Табаны жоқ боз жорға
Желіп кетсе,жеткізбес
Жерге түссе таптырмас.
2.Киім деуге жарамайды
Киімді кірден сақтайды
3. Тұмсығы мықты.қырмен ойды тегістеп шықты
4.Екі басты жалмауыз,
Кейін аузын ашады.
Алдына түскен нәрселер
Өзінен өзі қашады
2. Екінші аялдама «Мататану» кеспе сұрақтар (топпен жұмыс)
3.Үшінші аялдама «Шебер қолдар»Біз «Шебер қолдар» аялдамасына келдік.
Графикалық диктант (10 сұрақ беріледі, ол үшін 11 нүкте белгілейміз,нүктелер арасына 1-мен 10 санын жазамыз)
1. Іс тігуші мен машина столының арасы 25-30 см болуы керек
2. Жұмыс орнына жарық жоғарыдан түсуі керек
3. Үстіңгі және астыңғы жіптер қатты тартылып тұрса,тігіс бос болады.
4. Арнайы машиналар тек бір қана операцияны орындайды.
5. Жіпті машина инесінің көзінен ең соңғы ілмек жақтан өткізу керек
6. Тігін машинасымен жұмыс кезінде қолдың дұрыс тұрғанын қадағалау міндетті емес
7. Тігіс тығыз болған жағдайда үстіңгі және астыңғы жіптерді босату керек.
8. Аяқпен іске қосылатын тігін машинасын сабақтаған кезде, аяқты педальға қойып
отыруға болмайды.
9. Тігін машинасының айналатын бөлшектеріңе тым жақын отыру керек
10. Тігін машинасының «әкесі» Элиос Хоу
4.Төртінші аялдама «Өнер» аялдамасы.
Бұл аялдамада үш топқа жабық хат беріледі.
5.Бесінші аялдама «Мен –суретші модельер»
Сарамандық жұмыс барысында бұл аялдамада оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын буу, түю, байлау әдістерін қолданып, матадан сән үлгідегі көйлектер жасап көрсетеді.Оқушыларжұмыстарын қорғайды.
6.Алтыншы аялдама «Ғажайып жетілік»
Бұл аялдамада әр пән бойынша сұрақтар беріледі.
1.Тарих. Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы қашан құрылды?
2.Физика.Тоқты өткізбейтін материалды ата.
3.Геометрия. Құрақты қандай геометриялық фигуралардан құрайды?
4.География. Елімізде мақта өсіретін бірден-бір аймақ
5.Әдебиет.М.Мақатаевтың өлеңінен бір шумағын айту.
6.Биология. Таза табиғаттан алынатын талшық түрлері
7. Химия.Химиялық талшықтар нешеге бөлінеді?
7. Жетінші аялдама «Білім»
Топ басшылары құрамағындағы оқушыларды бағалайды
Бүгінгі сабақты «Өзі қысқа, өзі нұсқа, сөз қаймағын есіңе ұста» деп, мақал-мәтелмен қорытындылаймыз.
«Адам баласының ең жаманы – талапсыздық», - деп Абай атамыз айтқандай, бүгінгі сабақта алған білімдеріңді күнделікті өмірде қолдана біліңдер.
Бағалау.
Үйге тапсырма.Өз қалауларың бойынша фурнитурадан түрлі композиция құрастырып келу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |