Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 3197 |
|
|
|
ОЮ - ӨРНЕК НАҚЫШТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СИПАТЫ
ОЮ - ӨРНЕК НАҚЫШТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СИПАТЫ
Қазақ мәдениетінде ою-өрнек нақыштарының ұлттық сипаты сан ғасырлардан бастау алған. Тарихи тәжіриебені халық санасына орнықтырып, ізгілікті дүниетанымын, ішкі мәдениетін, рухани болмысын үйлесімділікпен ою-өрнектерінде толық жеткізген.
Ою-өрнектердің әрбір элементі, бөлігі халық өнершілерінің қолөнерінде белгілі бір мәнге ие болған. Ою-өрнек түрлеріндегі бояу түсінің өзі белгілі заңдылыққа бағындырылып, оның кілем бетінде бір ырғаққа үндес болатын әсем өрнектермен орналастырған. Мысалы, қазақтың ұлттық ою- өрнектерінің түрлерінде ең көп кездесетін аспан әлеміне байланысты «ай», «айшық», «ай туу», «ай таңба» ою-өрнектері ежелден адамдардың айға деген наным-сенімдерінен, табынуынан туған. Ал негізгі халық ерте заманда көк әлемі мен табиғат құбылыстарына табынып, оларды пір тұтқан ой-танымын халық өнершілері өз ою-өрнектерінде ай бейнесін салуда көп мән берген.
Халық өнершілері кілемдерінде аспан әлеміне байланысты туған «жұлдыз», «жұлдызша», «құс жолы» ою-өрнектерін өз заңдылығымен «шет ою-өрнектер» мен «шаршы ою-өрнектер» деп екіге бөліп орналастыратын болған. Шет оюлардың аттары көбіне «айбалта», «семсер ұшы», «пышақ ұшы» т.б. деп атап, кілем бетінің шетіне орналастырған.
Мәдени құндылығымен көзге түсетін шет ою-өрнектердің ішінде күн бейнесінен туған «өмір» деп аталатын ою бар. Осы «өмір» ою-өрнегінің үздіксіз жалғасқан түрі «өмір жолы» деп аталады. Бұл ою-өрнек түрі «бейбітшілігімізді сақтап, ұрпағымызға өмір сыйлайық, болашаққа бет алайық» деген халық философиясын аңғартады. Қазақтың халық өнершілері кілем тоқу өнерінде шаршы ою-өрнектерді көбіне сұлулық символы – өсімдік тектес ою-өрнектер тұрғысында әсем гүлдің, космологиялық ою-өрнектер негізінде ашық күннің, жайнаған жұлдыздың, зоомофтық ою-өрнектердегі – сүйкімді жан- жануарлардың т.б. көзге ыстық, көңілге қуаныш ұялататын бейнелер негізінде орналастырған.
Қазақтың мағыналық мәні мен ішкі мазмұны терең, мәдени құндылығы жоғары ою-өрнектері көшпелі өмірдің салт-дәстҥрінен, әдет-ғұрпынан, халықтың дүниетанымы мен бүкіл көңіл күйінен сыр шертері анық. Ою- өрнекпен ой айтқан қазақ халқының кілем өнерінде көп кездесетін «тұйық ою» - ол мәңгіліктің символы ретінде алынған. Көне заманнан күні бүгінге дейін халқымыз кие тұтқан «тұйық ою» батырдың, ханның киіміне, жауырынына, қалқанына салынатын болған. Онысы мәңгілік өмір мен бақытты тілегені. Бұл ою-өрнек – байырғы ою-өрнектердің көне үлгісі.
Кілем бетінде жиі кездесетін «бітпес» ою-өрнегі мәңгіліктің белгісіндегі нақыштар. Өзінің атынан аңғарылып тұрғандай, өмірдің тоқтап қалмайтынын, дүниедегі барлық құбылыстардың диалектикалық қозғалыспен дамуда болатынын білдіреді.
Қазақ халқы көшпелі өмірдің салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан, халықтың дүниетанымы мен бүкіл көңіл күйінен ою-өрнек нақыштары арқылы ой айтқандығын жазбай тануымызға халқымыздың төл туындысы ою-өрнектердің шығу тегі мен танымдық мәні айқындап берді. Сондықтан да сан ғасырлардан сыр шерткен қазақтың ою-өрнектерінің түрлеріне тоқталып өтейік.
Қошқармүйіз – қошқардың мүйізі тәріздес ою. Қазақтың байырғы мал шаруашылығымен айналысқан халықтың өмір салтымен байланысты туған ою- өрнек.
Сыңармүйіз – «сыңар» - екеудің бірі, егіздің серігі, жалғыз дегенді білдіреді, яғни мүйіздің тек бір сыңарының салынуына байланысты «сыңармүйіз» деп аталған. Бұл ою-өрнек қазақ қолөнерінің барлық түрлерінде орын алған.
Тікмүйіз – мүйіз дөңгеленіп иілмей, тік бұрыш жасап барып, кейін қайтуына байланысты осылай аталған. Қазақтың мүйіз ою-өрнектері негізінен дөңгелене иіріліп келетін тік бұрышты мүйіз ою-өрнектер. Бұл ою-өрнектер құрақтардың, алашаның шетіне салынады.
Сынықмүйіз – тікмүйізге керісінше морт сынып барып қайта тармақталатын ою-өрнек. Қазақ халқының қолөнер шеберлері бұл ою-өрнек арқылы кілем бетінің кереметтей өрнектеп безендіретін болған. Бұл ою-өрнек бояуының негізгі түстері қызыл, қанқызыл, жасыл, қоңыр, қара болып келеді.
Құсқанат – құстың қанаты тҽрізді ою-өрнек. Құсқанаты ою-өрнектері кілем бетінде өрнектелетін нақыштардың ең үздігі болып табылады.
Мүйіз ою – мүйіз тәріздес өрнектелгендіктен мүйіз ою деп аталған. Бұл ою түскиіздің шетіне, көбіне қолтықшасына, орта гүл мен шеттің аралығына салынады.
Қошқар мүйіз ою-өрнегі негізінде ерекше бір талғаммен қазақтың қолөнер туындыларынан мүйіз ою да көрініс тауып отырған.
Гүл ою – өсімдіктер тектес ою-өрнек. Гүл ою-өрнегі – өмір нәрі символы ретінде алынғандықтан, бұл өрнекпен кілемдерді сәндеуде жиі қолданады. Мұндай ою-өрнек түрлерін қолдану барысында олардың роза гүл, лала гүл, мақта гүл, алма гүл т.б. сияқты түрлері терең талғаммен халық шеберлерінің қолынан өтіп, кілем беттеріне өрнектелетін болған. Халық шеберлері кілем тоқу кезінде гүл оюын кілемнің ортасына орналастырып, айналасына төртмүйіз оюымен нақыштап, кілем шетін су, ирек т.б. оюларымен өрнектеген.
Қазақ шеберлерінің қолынан шыққан кілемдердегі ою-өрнектерге зер салсақ, ондағы ою-өрнектердің нақышталу сипаты, бір-бірімен үйлесімділігі, бояу түрлерінің мағыналық мәні мен ішкі мазмұны белгілі бір заңдылықпен жасалған. Халық шеберлері кілемге түсетін өсімдіктер тектес ою-өрнек түрлерін қолдану барысында (роза гүл, лала гүл, мақта гүл, алма гүл) адамның табиғатқа деген аялы сезімдерін оята білген. Жоғарыда аталған ою-өрнектердің үлгілері мағыналық мәні мен ішкі мазмұнының терең мәдени құндылығымен өскелең қазақ елінің өркениеті мен мәдениетін танытады. Халық даналығының тарихынан терең сыр шертетін ою- өрнек нақыштарымыз мәдени салт-дәстүріміздің, әдет-ғұрпымыздың, салт- санамыздың сан ғасырлық жалғасы бола бермек
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |