|
|
Сабақтың тақырыбы: қой, ғой, қана, ғана, ақ шылаулары
Мақсаты:оқушыларды қой,ғой,қана,ғана,ақ шылауларымен таныстырып,жазылу емлесін дұрыс қолдана білуге үйрету.
Оқушылардың шылау туралы алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуін дамыту.
Сауатты жазуға ұжымдық қарым-қатынасқа,адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі. топтастыру кестесі
Әдіс-тәсілі:топпен жұмыс, Венн диаграммасы,РАФТ,болашаққа болжау стратегиясы, эссе стратегиясы.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.
-Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
-Өткен жарыс сабағындағы топтарға жеке-жеке тапсырма берілген.Соны тексеру.
1-топ.Сұңқарлар.
1.Мен,бен,пен,және шылаулары туралы не білеміз?
2.Осы шылауларды пайдалана отырып,«Көктем көрінісі» эссе жазу.
2-топ.Тұлпарлар.
1. Да, де, та, те шылаулары туралы не білеміз?
2.Осы шылауларды пайдалана отырып, аңдар туралы 4 жол өлең жазу.
3-топ.Қайсарлар.
1. Ма, ме, па,пе, ба,бе шылаулары туралы не білеміз?
2. «Әже мен немере» диалог жазу.
4-топ. Ерлер.
1.Үшін, туралы,дейін,шейін шылаулары туралы не білеміз?
2.Ситуациялық сурет салу.
Жаңа сабақ.
Екі оқушыны шығарып оқытамын. «Бала мен дәрігер».Дәрігер:
- Не себеппен келдің, балақай, айта ғой.
Бала:-шешем балмұздақ жемей–ақ қой деп еді. Мен тыңдамай жеп, тамағым ауырды.
Дәрігер:
- Әке-шешенің айтқанын әрқашан орындау керек қой.
Бала:-Әрқашан тыңдаушы едім,кеше ғана тыңдамай жеп қойып едім.
Дәрігер:-Бұл енді соңғы рет болсын.Мына дәрілермен 1 сағат сайын тамағыңды шайқа.
-Осы көріністен қандай шылауларды естідіңдер?
-Қой,ғой,қана,ғана,ақ
-Ондай болса, қазір осы шылаулар атымен жаңа топ құрамыз.
1-топ. «қой»-шылаулары
2-топ.«ғой» шылаулары
3-топ.«қана» шылаулары
4-топ.«ғана» шылаулары
Дәптерлеріңе бүгінгі күн ретін жазамыз.
-Балалар,«Бала мен дәрігер» диалогында бала мен дәрігер қандай мағынада көңіл-күйде айтылып тұр.
- Өкініш,өтініш,даралау мағынада айтылып тұр.
548-жаттығу. Әр топ бір сөйлемнен шығып таңдайды.
549-жаттығу. Әр топ сөйлем құрап , тақтаға жазады.
550-жаттығу.Сөйлем құрап,талдайды.
Сабақты бекіту.
1-топ.РАФТ стратегиясына шылауларды пайдалану.
2-топ.Көктем туралы 5 жолды өлең жазу. Жаңа шылауларды пайдалану.
3-топ.Венн диаграммасына салып, салыстыру.
Оқушыларды бағалау.Үйге тапсырма:Әр топ басшысы баға береді.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |