Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 2663 |
|
|
|
Қазақстанның Ресей құрамына қосылуынан кейінгі жағдайы және отарлық езгінің күшеюі
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның Ресей құрамына қосылуынан кейінгі жағдайы және отарлық езгінің күшеюі
Сабақтың мақсаты:
• Оқушыларға Ресейдегі казак әскерлерінің құрылу тарихы туралы айта отырып, үкімет олардың мемлекет пайдасына жасаған кез-келген іс-әрекетін қызу қолдағанына тоқталу және олардың қазақтармен арадағы қарым-қатынастарының ерекшеліктерін ашу (сауда-саттық, айырбас және көбінесе әскери қақтығыстар);
• Оқушыларды өздігінен жұмыс істей білуге, алған ақпараттарды пайдалану, өз ойын еркін жеткізуге, кестелер мен сызбалар жасауға үйрету, өздігінен білім алуға дағдыландыру;
• Еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, білімді жетілдіре білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, тірек-сызбалар
Негізгі түсініктер: казактар, казактардың құқы мен міндеттері, казак әскерлерін құру тарихы мен маңызы, казак шендерінің терминологиясы, ескі дінді ұстанушылар, т.б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды асықтардың түсі бойынша жаңа сабақтың жоспарымен Орал, Орынбор, Сібір, Жетісу казактары болып 4 топқа бөлінді.
Үй тапсырмасын сұрау: Хиуа хандығының езгісіне қарсы және патша үкңметінің отарлау саясатына қарсы қазақ халқының азаттық күресі.
Әр топтан бір оқушы шығып, ұсынылған карточкалардың біреуін таңдап, топпен ақылдасып, берілген сұрақтарға жауап береді.
• Сырдария өлкесі қазақтарының экономикалық жағдайы не себептен төмендеді?
• Жанқожа Нұрмұхамедұлының басшылығымен болған көтерілістің себептері қандай?
• Жанқожа батыр бастаған көтерілістің барысы қандай болды?
• Жанқожа Нұрмұхамедұлының басшылығымен болған көтерілістің тарихи маңызы қандай?
Жаңа сабақ: Қазақстанның Ресей құрамына қосылуынан кейінгі жағдайы және отарлық езгінің күшеюі
Сабақтың тақырыбы мен жоспары интерактивті тақтадан көрсетіледі:
1. Қазақстандағы казак әскерлерінің негізгі міндеттері.
2. Орал казактары
3. Орынбор казактары
4. Сібір казактары
5. Жетісу казактары
Тақтада төмендегі кесте сызылып, алдын-ала дайын тұрады:
Орал казактары Орынбор казактары Сібір
казактары Жетісу казактары
Жылдары
Аумағы
Құрамы мен саны
Басқару жүйесі
Казактардың құқы мен міндеттері
Шаруашылығы
Салдары мен маңызы
Мұғалім сөзі: Өлкеде әкімшілік реформалар жүргізуде және жергілікті халықтың көтерілістерін басуда казак әскерлеріне өте көп мән берілді. Олар Қазақстанның шекараларымен қатар аумағында да орналастырылды. Казак әскерлерінің құрылу себептері мен міндеттерін мыналардан көреміз:
1. Ресейге жаңа жерлерді қосуға белсене араласуы.
2. Шекараны көрші мемлекеттердің әскерлерінен қорғап тұрды.
3. Ресей халықтарының ұлт-азаттық көтерілістерін және орыс шаруалары мен жұмысшы табының бас көтерулерін басуға қатысты.
4. XVIII –ХХ ғ. орыс әскерлерінің шетелге жасаған жорықтарына да қатысты.
Осы орыс казактардың мекен еткен жерлеріне байланысты сіздер 4 топқа бөліндіңіздер. Енді әр топ осы берілген тапсырмалар бойынша жұмыс істейсіздер.
1-топқа тапсырма:
Жайық казактары. Мәтінді оқып шығып, олардың үкіметке толық тәуелді екендігіне мысал келтіру. Тақтада көрсетілген кестені толтыру. Тақырыпшаны постерге түсіріп, қорғау!
2-топқа тапсырма:
Орынбор казактары. Мәтінді оқып шығып, олардың Жайық казактарынан айырмашылығын айту. Тақтада көрсетілген кестені толтыру. Тақырыпшаны постерге түсіріп, қорғау!
3-топқа тапсырма:
Сібір казактары. Мәтінді оқып шығып, сұрақтарға жауап беру:
1. Сібір казактарының ерекшеліктерін анықтау.
2. Сібір казактарының шаруашылық қызметінде қандай ерекшеліктер бар?
Тақтада көрсетілген кестені толтыру. Тақырыпшаны постерге түсіріп, қорғау!
4-топқа тапсырма.
Жетісу казактары. Мәтінді оқып, Жетісу казак әскерлерінің құрылу ерекшеліктерін анықтау.
Тапсырмалар алған топтарға дайындалуға 7 минут, жұмыстарын қорғауға 4 минут уақыт беріледі.
Сабақты бекіту:
- Сендер қалай ойлайсыңдар, Қазақ жерінде казак әскерлерін құру қажетті шара ма еді?
- Олар қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресіне көмектесті ме?
- Казак әскерлерін құруға қазақ халқы қалай қарады?
Үйге тапсырма:
- Тақырыпты оқып, мазмұндау.
- Құжатпен жұмыс. Оқулықтың 205-бетіндегі құжаттардың мәтінін оқып шығып, мына сұрақтарға жауап беріңдер.
- Өтініш авторлары кімдер?
- Олар қандай талаптар қойды?
- Өздерінің жер жөніндегі құқын қорғау үшін олар қандай деректер келтірген?
- Кестені аяқтау.
Бағалау. Оқушылар алдын-ала берілген бағалау парағы бойынша өзі-өзін бағалайды
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |