Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Атырау – әсем қала


Атырау – әсем қала

Сабақтың тақырыбы Атырау – әсем қала

Мақсаты    Балалардың туған жерге , елге деген құрмет сезімін тәрбиелеу,өз Отанын мақтаныш ете білу,Қазақстан қалалары туралы түсініктерін кеңейту,Атырау қаласының тарихымен, жер байлықтарымен таныстыру.тіл байлықтарымен сөздік қорларын толықтыру.Дидактикалық ойындарды қолдану арқылы ой ұшқырлығын  тәрбиелеу,ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекі қғралдар  Қазақстан қаласының картасы, түрлі суреттер.
Әдіс тәсілдер  Көрсету, әңгімелесу,сұрақ жауап, би, тақпақ оқу,дидактикалық ойындар.
Барысы
Балалар , сендер қандай елде тұрасыңдар?
Иә, біздің еліміз өте үлкен,онда көптеген  қалалар бар. Биік таулар, терең өзендер мен теңіздер, қалың орманды өлкелер, кең жазықты далалар бар.  Ал  енді ойын ойнайықшы .   Қандай қаланы білесің ?
Ал біздің жанымыздағы қандай қала. Ендеше біздер бүгін Атырау қаласына саяхатқа барамыз .Саяхатқа автобуспен барамыз.         Міне,   біздер Атырау қаласының орталығына келдік. Балалар мен сендерге Атырау қаласының тарихын қысқаша айтып берейін. Ертеректе бұл қала Үйшік деп аталған. Мына іргеміздегі көк теңізден балық аулаған  балықшылар өздеріне ағаштан үй салған, сол себепті бұл жер Үйшік аталған. Кейіннен  қаламыз  Гурьев аталды.  Ал Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Атырау болып аталды.  Мына ескерткіш сендерге таныс па. Иә, бұл Исатай-Махамбет  алаңы. Өткен жылдарда өмір сүрген бұл батырлар еліміздің егемендік алуы үшін күрескен .Егемендік дегенді қалай түсінесіңдер.Бұл ешкімге  тәуелді болмай  өз алдына  мемлекет болу, осы ндай  батырлардың арқасында  біздің еліміз тәуелсіздік алды.Сондықтанда оларды құрметтеп халық  ескерткіш орнатты. Ауыл , аудандарға ,мектеп пен көшелерге олардың аты берілген.Махамбет бабамыз әрі батыр,әрі ақын болған.Оның көптеген өлеңдері , күйлері  еліміздің егемендік  жолындағы     күреске арналған.  Аслан мен Санжарды ортаға шақырып өлеңдерін тыңдау.(Қызғыш құс ) Ал енді саяхатымызды жалғастырайық!Мынау алдымыздағы биік,әдемі ғимарат дене шынықтыру кешені.Онда күрес,бокс,суға жүзу т.б  көптеген сыныптар бар.Елімізді әлемге танытқан күрескер аға-апаларың осы ғимаратта жаттыққан.Мынау Атырауда туып өскен Арман Шылманов.Бұл жігіт  таэквондодан чемпион атанған.  
Мынау Жайық өзені.
 Ол Атырау қаласының ортасымен ағып жатыр.Жайықтың жағасында түрлі ағаштар өскен.Атырау қаласын сәнге бөлеп тұрған Жайық өзені туралы ән-өлеңдер бар(Ақерке Ақ Жайық,Жайықтан қайтқан тырналар,Еділ мен Жайық т.б).
Атырау қаласының әсемдігін көзбен көруге не жетсін?Қаланың әрбір көшелерінің өз атауы бар.Көше бойындағы биік,әдемі үйлерде Атырау қаласының тұрғындары тұрады.Мынау  үлкен,ұзын көше Махамбет көшесі.Мынау әдемі ғимарат Махамбет Өтемісұлы атындағы театр.
 Театр дегеніміз- түрлі концерт,бағдарламалар көрсетілетін орын.Бұл жерде балаларға арналған ертегілер,үлкендерге арналған сахналық қойылымдар өтеді.Осы жерде Музарт тобы,Жігіттер тобының әншілері,Тұрсынбек Қабатов сияқты әртістер өнер көрсетеді.Енді біз де солар сияқты ән шырқайықшы.Ән.
Мынау біздің күйші бабамыз Құрманғазының ескерткіші.
 Атырау өлкесінде туып өскен атамыз артына мол мұра қалдырған.Балбырауын күйі тыңдатылады.Бишілер тобы  осы биге билейді.
Атырау мұнаймен әлемге әйгілі.Біздің жерімізде мұнайдың қоры мол.Атырауда балық шаруашылығы жақсы дамыған.Іргеміздегі Каспий теңізінде бағалы балықтар бар.Олар:қызыл балық,сазан,көксерке,жайын.
  
Балалар Атырау қаласы әдемі.Сендерге ұнай ма?Осындай әдемілікті бүлдіруге болама?(тыйым сөздер)
Көкті жұлма,обал болады.Бір тал кессең ,он тал ек.т.б
Балалар Атырау қаласы туралы  тақпақтар айтады.
 «Өз қалаңды білесің бе?» ойын  арқылы сабақ қорытындылад

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің анам
Ана
Алғашқы ұстазым
Есті күшік
Қарлығаш
Балық аулау.
Табиғаттың сыры көп.
Менің ұстазым
Машина жасау кешеніне тақырыптық тест сұрақтары
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары.
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 10751 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык