Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ГҮЛДЕР АЙТЫСЫ сайыс сабағы


ГҮЛДЕР АЙТЫСЫ сайыс сабағы

ГҮЛДЕР АЙТЫСЫ сайыс сабағы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:оқушыларға гүлді өсіміктердіңтаксономдық бірлігі, гүл формуласы,диаграммасын салу,оларды анықтау туралы білім беру;
Дамытушылық:өсімдіктердің дәрілік қасиеттері,  олардың адам денсаулығына тигізетін пайдасы туралы алған білімдерін дамыту;
Тәрбиелік:өсімдіктерді қорғауға , әсемдікке, сөз шеберлігіне тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әр команданың эмблемасы , интерактивті тақта немесе сынып тақтасы, гүл суреттері,кесте, гүл муляждары, кеппешөпжинақтамасы. 
Кілт сөздері мен ұғымдары: Жабық тұқымдылар бөлімі, қосжарнақтылар класы, күрделігүлділер тұқымдасы (Compositae), раушангүлділер тұқымдасы (Rosales), гүлшоғыры, гүлтабаны, тілше гүлдер, күрделі және жай жеміс, құрғақ және шырынды жеміс, гүл формуласы, қосжынысты гүлдер, тұқымның таралуы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ .
Сабақтың типі: аралас сабақ .
Сабақ әдісі:интерактивті
Пәнаралық байланыс :әдебиет , экология, химия
Түсініктеме: Сынып оқушыларынан 5 оқушыданекі топ құрылады . Қалған оқушылар екіге бөлініп отырады. Әр топтың топбасшысы белгіленеді. 
1-топ «Түймедағы»
2-топ «Раушангүл»
Әр топ эмблемаларын кеуделеріне тағады.
Гүлдер айтысы 7 бөлімнен тұрады.                      
Айтыс барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды отырғызу , сабақтың мақсат – міндеттерімен таныстыру,  әділқазы алқа мүшелерін қарсы алып таныстырып шығу . (2 мин.)
Әділқазы алқасы: төрағасы – Табиғат ; мүшелері –Флора , Фармацевт
1.Таныстыру 
Әр топ үй тапсырмасы бойынша топ атына сай өзін өлең шумақтарымен таныстырады -  5 балл . (5 мин)
2.Терме
Жай тақтаға немесе интерактивті тақтаға гүлдің таксономдық бірліктерін, гүл диаграммасын  әр топтан бір оқушыдан шығып жазып , салады – 5 балл (5 мин)
3.Суырып салма (импровизация ) (7 мин)
Әр топтан қарсыластарына 10 сұрақтан қояды . Сұрақтары тек осы гүл түрлеріне арналған . Ол үшін алдын –ала  тақтаға жазылған кілт сөздері мен ұғымдар пайдаланылады -5 балл
4. Жорға 
Интерактивті тақтада немесе плакатта жазылған белгілердің ішінде сол тұқымдасқа тән белгілердің  реттік санын қояды – 5 балл . (5 мин.)
Берілген тұқымдасқа тән белгілерді теріп жазу :
А. Орамжапырақ  тұқымдасы 
Ә.Раушангүлділер
Б. Бұршақ тұқымдасы
В. Күрделігүлділер
Г.Алқа тұқымдастары 
1. Бұршаққап немесе бұршаққын жемісті.
2. Гүл формуласы : Т5К5А∞Ж1
3. Гүлшоғыры : шоқпарбас , сыпыртқы , жай шатыр .
4. Жемісі: жидек немесе қорапша .
5. Себет гүлшоғыры .
6. Сүйекті немесе алма жемісті.
7. Тамырында түйнегі бар.
8.Гүл формуласы : Т(5)К(5)А(5)Ж1
9.Көптеген өсімдіктері улы.
10.Бір гүл шоғырында бірнеше типті гүлдері бар.
11.Сабағы мен жапырақтарында безді түкшелері бар.
12.Жемісі тұқымша.
13.Жемісі бұршақ.
14.Көбі тамыржемісті .
15.Күрделі сүйекті жеміс.
5.Бәйге  (7 мин.)
Интерактивті тақтада немесе алдын-ала сызылған плакаттағы кестені толтыру. Әр топ өз қарсыласының өсімдігіне арналған кестені толтырады.
Қосжарнақтылар класының тұқымдастарының салыстырмалы сипаттамасы:
Тіршілік формасы Гүл құрылысы формасы Гүлшоғыры, жемісі Өкілдері Маңызы
6. Шипа 
Әр топ фитотерапевті сол өсімдіктің дәрілік , шипалық қасиетін , медицинада қолданылуын баяндайды – 5балл . (7 мин)
7. Мәре
1)Бұл бөлімде әр топтың жанкүйерлері сабақ үстінде дайындаған өлеңімен аяқтайды. Өлеңде өсімдіктерді қорғау мәселесі көтеріледі. 
2)Әділқазы әр топтың ұпайын санап , бағалайды .
Оқушылардың белсенділігін нақтылы бағалау . (7 мин.) 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Астық тұкымдастар- бағалы азықтық өсімдіктер
Қосжарнақтылар класындағы өсімдіктерге жалпы шолу
Жемістер
Қосжарнақтылар класы. Раушангүлділер және бұршақ тұқымдастар
Құртқашаштар тұқымдасы, лалагүлділер тұқымдасы
Қосжарнақтылар класы. Көкнәр, алабота тұқымдастары
Қос жарнақтылар класы. Раушан гүлдер тұқымдасы. Бұршақ тұқымдастар
Астық тұқымдастар – бағалы азықтық өсімдіктер
Астық тұқымдастар – бағалы азықтық өсімдіктер
Қосжарнақтылар класы. Раушангүлділер және бұршақ тұқымдастар
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2762 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык