Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Денсаулық - мен білетін бірден-бір сұлулық


Денсаулық - мен білетін бірден-бір сұлулық

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық - мен білетін бірден-бір сұлулық

Мақсаты:
«Бірінші байлық-денсаулық» «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болу үшін зиянды әдеттерден - ішімдік, нашақорлық. шылым шегушіліктің денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіре отырып, спортпен белсене шұғылдануына ықпал ету. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Өркениетті елімізге лайықты, зиянды әдеттерге қарсы күресетін, білімді тұлға тәрбиелеу. Өз өмірін, денсаулығын сақтап, қорғай білуге тәрбиелеу.
Әдісі: ой қозғау, мағынаны ашу, топтастыру, тәжірибелік жұмыс,интерактивті тақтамен жұмыс.
Технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы
Көрнекілігі: Интерактивті тақтаға жазылған мақал-мәтелдер, тәжірибе үшін кұрал-жабдықтар
Жоспар:
І.ҚР-ның мемлекеттік әнұраны орындалады 
2.Мағынаны ашу (Салауатты өмір салтын насихаттау) 
З.Мақал-мәтелдер мен ұлағатты сөздер.
4.Уланбасын өмірің. (Зиянды әдеттердің алдын алу шараларын дәріптейтін тәжірибе көрсету 
5.Сұрақ-жауап (тест) 
6.Ой толғау У.Көрнекілікпен жұмыс
Сабақтың барысы:
Кіріспе:
Өмір-сыйлық. Өмір-жарық. Өмір-сәуле. Осы әлемді әсем гүлді баққа айналдырып, жан дүниесін қуанышқа бөлеу- әрбір адамзаттың табиғат алдындағы парызы. Алайда қазіргі таңда мына адамзат өмірінде, қоғамда түрлі жағдаяттар орын алуда. Елбасының Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі-салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Міне, осы мақсатта өткізгелі отырған сабағымыздың такырыбы: «Денсаулық-мен білетін бірден- бір сұлулық» деп аталады.
Мағынаны ашу.
1-оқушы: Таңшолпан
«Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі. һәм құлық тәрбиесі. Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер де адам ыстык, суық, аштық, жалаңаштык сиякты тұрмыста жиі ұшырайтын күндерді елемейтін мықты, берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса , жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса, міне осындай болғанда адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. «Балам аман болсын» деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын» деп жазған екен Мағжан Жұмабаев.
2-оқушы: Шерхан
Салауатты өмір салты - адамның денсаулығын сақтап, нығайтуға арналған белсенді іс-әрекеті. Салауатты өмір салтын қалыптастырғанда ғана мықты денсаулыққа ие болып, өмірдегі барлық мақсаттар мен армандарға жетуге болады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру - денсаулықты сақтау мен аурулардың алдын алудың басты шарты. Б.Н.Чумаковтың пікірі бойынша салауатты өмір-салты өмір бойы белгілі бір мақсатқа бағытталып, біртіндеп және тұрақты түрде қалыптасады.
3-оқушы:Ақжібек
Адамның әлеуметтік мәні-ең алдымен өзінің қоғамның бір бөлігі екендігін, өзінің «менің» деген ұғымын сезінуі. Бұл адамдармен қарым - қатынас жасай білу, келіспеушілікке бармау, кикілжіңнен аулақ болу. Адам қоғамда өмір сүретіндіктен қоршаған ортадағы адамдармен тату-тәтті болуы тиіс, денсаулыққа ұжымдағы психологиялық ахуалдың да зор мәні бар. Сондай-ақ өмірдегі материалдық-тұрмыстық жағдайлар. тамақтану, дем алу, еңбекақы Отбасындағы моральдық-рухани ахуал да зор рөл атқарады. Сонымен адам денсаулығына биологиялық факторлармен бірге, әлеуметтік факторлар да әсер етеді.
4 -оқушы: Таңшолпан 
Шешілмейтін жұмбағы, сұрағы көп. 
Бұл өмірге келген өмірдің бұлағы боп, 
Қалу керек өмірдің шуағы боп 
Денсаулықты сақта. түзу өсесің 
Күнәдән пәк жаннат өмір кешесің 
Көрген күнің қараң ғой дерт шалса 
Харамменен тәніңді улап не етесің 
Жаман әдет көп шектірер қасірет 
Сақта өзіңді жақсылыққа жетесің
5- оқушы: Аслан
Салауатты өмір салтының ғылыми негізі салауаттану ғылымы. Ол денсаулықты сақтау мен нығайтуды, өз денсаулығына қамқорлық жасауды үйретеді. Денсаулыққа әсер ететін пайдалы және зиянды факторлармен, ауру тудыратын жұқпалардың әртүрлі түрлерімен таныстырады.
6-оқушы: 
Салауаттылық-адам тіршілігіндегі, күнделікті өмір тынысындағы қимыл-әрекет, тамақтану, ойлау, қызмет, әдет, құмарлық, тұрмыстық қарым-қатынас жүйелерінің жиынтығы.
Салауатты өмір — жоғары саналы адамгершілік өмір, салауатты салт - жоғары сананың көрінісі. Ендеше адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, яғни адам экологиясы ең бірінші салауатты өмір салтына байланысты_. Салауатты өмір салтын орнықтыру осы ғасырдың барынша көңіл бөлетін жауапты парызының бірі. Өйткені ол адам денсаулығының мықты кепілі.
Мұғалім сөзі: 
Жігерің бар. талабың бар қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.
Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,
Өмірің бар алда әлі солмайтын,-дей отырып, жаман әдеттерге байланысты мақал-мәтелдср мен ұлағатты сөздер айтуға кезек берейік.
І.Сақ жүрсең, сау жүресің.
2.Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.
З.Денің сау болса, жарлымын деме.
Жолдасың көп болса, жалғызбын деме.
4.Тыста ұзақ жүргенің -ұзақ өмір сүргенің
5.О.Б.Лепешинская: «Дене шынықтыру мен спорт ағзаның жалпы іс қабілеттілігін көтереді, адамның шат көңілді болуына жәрдемдеседі, ал бұл ұзақ жыл өмір сүрудің міндетті шарттарының бірі».
6.М.Я.Мудеров: «Денсаулықты сақтау үшін, ал онан да абзалы жиі ауыра берудің алдын алу үшін дене жаттығуларын жасаған немесе қозғалыста болған жақсы».
7.Т.А.Шопенгауэр: «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты».
8.Ибн Сина: «Дене құрылысының үйлесімін бірқалыпты ұстау дегеніміз -тағам мен сусынды талғау, дәрет тәртібін мұқияттау, киім мен рух бірлестігін естен шығармау, ұйқы тәртібін бұзбау».
9.Т.К.Карлейль: «Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі».
III бөлім. Уланбасын -өмірің( зиянды заттар зардабы, тәжірибе түрінде көрсету.)
Қорытындылау: 
Жағымсыз иістен аулақ бол,
Жақсы іске жақын бол. 
Темекімен жау болып, 
Адамдыққа асық бол.
Зиянды заттар зардабы туралы мақал-мәтелдер (интерактивті тақтадан көрсету)
IҮ.Сұрақ-жауап (тақтада жазылған тест сұрақтарын шешу) 
Ү.Ой толғау. «Кіші дөңгелек үстел» стратегиясы арқылы «денің сау болуы үшін......»,
сабақтан қорытынды ойларын жалғастырып жазады.(топтастыру стратегиясы) Таңшолпан:
Денсаулық - өмірдегі басты байлық , ендеше деніміздің саулығына зиянын тигізер заттардан аулақ жүрейік. Сол кезде ғана біздің келешегіміз кемел болмақ. 
Өмір тәтті бал екен 
Ұрпағы балғын тал екен 
Денсаулық бұл пәниде 
Алтыннан қымбат-ақ екен 
Біз өмірді таңдаймыз 
Біз өмірді қалаймыз 
Әркашан бар ынтамен 
Салауатты қолдаймыз 
ҮІ.Көрнекілікпен жұмыс. 
ҮІІ.Қорытынды:
Еліміз Егемендік алып, енді ғана еңсесін көтеріп келе жатқанда зиянды заттар жағамыздан алмасын деп тілеп, Елдің елдігін, азаматтың ажарын ашатындай жақсы қасиеттерді үлгі, мұра етіп қалдырайық.
Айналайын жастарым,
Өн-бойыңды әрдайым,
Дәл осындай кеселден 
Сақтай жүрші ылайым!

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өмір қымбат адамға
Салауатты болсаң, сау боларсың.
«Салауатты өмір салты»
Дені саудың – жаны сау.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы, оқушылардың денсаулығын сақтау аспектілері
Денсаулығыңды жасыңнан сақта
Бала денсаулығын нығайту – өзекті мәселе
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Бала денсаулығын нығайту – өзекті мәселе
Салауатты өмір салты
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 6581 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык